Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 555 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы N 422 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 555 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 23, 261-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау ережесінде және оған қойылатын біліктілік талаптарында:
9, 10, 11, 12-тармақтардың 2) тармақшасындағы "ұзақ мерзімді" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов