Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Отправить по почте
Көшiп-келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жерiне бару және мүлкiн (оның iшiнде малын) апару жөнiндегi шығыстарын өтеу, келген жерi бойынша тұрғын үй сатып алу үшiн қаражат бөлу және бiржолғы жәрдемақылар төлеу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 15 Қаулысы
тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.10.2007. № 978 Қаулысымен. (06.01.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған Көшiп-келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жерiне бару және мүлкiн (оның iшiнде малын) апару жөнiндегi шығыстарын өтеу, келген жерi бойынша тұрғын үй сатып алу үшiн қаражат бөлу және бiржолғы жәрдемақылар төлеу ережесi бекiтiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.10.2007. № 978 Қаулысымен. (06.01.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 15 қаулысымен бекiтiлген
Көшiп-келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жерiне бару және мүлкiн (оның iшiнде малын) апару жөнiндегi шығыстарын өтеу, келген жерi бойынша тұрғын үй сатып алу үшiн қаражат бөлу және бiржолғы жәрдемақылар төлеу ережесi
тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.10.2007. № 978 Қаулысымен. (06.01.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Осы Ереже "Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келген және оралмандардың көшiп-келу квотасына енген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жерiне бару және мүлкiн (оның iшiнде малын) апару жөнiндегi шығыстарын өтеудiң, келген жерi бойынша тұрғын үй сатып алу үшiн қаражат бөлу және бiржолғы жәрдемақылар (бұдан әрi - қосымша жеңiлдiктер) төлеудiң тәртiбiн айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Көшi-қон комитетi);
2) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық органы (бұдан әрi - аумақтық орган) - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Көшi-қон комитетiнiң аумақтық органы;
3) төлемдер жөнiндегi уәкiлеттi ұйым - екiншi деңгейдегi банктер немесе Қазақстан Республикасы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органының және Ұлттық Банкiнiң банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар.
2. Қосымша жеңiлдiктер оларды алуға құқығы бар оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне төленедi.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.10.2007. № 978 Қаулысымен. (06.01.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Оралмандардың және олардың отбасы мүшелерінің қоныс аударуы өз бетiмен және ұйымдасып қоныс аудару жолымен жүзеге асырылады.
Ұйымдасып қоныс аудару кезiнде оралмандар және олардың отбасы мүшелері тұрғылықты жерiне жеткенге дейiнгi жолда тамақ өнiмдерiмен және дәрiлiк заттармен қамтамасыз етiледi.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.10.2007. № 978 Қаулысымен. (06.01.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қосымша жеңiлдiктердi тағайындауға және төлеуге өтiнiш беру
4. Қосымша жеңiлдiктердi тағайындауға және төлеуге өтiнiш беру оралманның отбасы оралмандардың көшiп-келу квотасына енгiзiлгеннен кейiн жүзеге асырылады.
5. Қосымша жеңiлдiктердi тағайындау және төлеу үшiн оралман отбасының басшысы өзiнiң тұрғылықты жерi бойынша аумақтық органға төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымда алдын ала ашқан жеке шотын көрсете отырып, отбасының атынан осы Ережеге қосымшаға сәйкес белгiленген нысанда өтiнiш бередi.
Отбасының басшысын оралманның отбасы белгiлейдi.
Өтiнiшке мыналар қоса берiледi:
1) адамның тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгендiгiн растайтын құжат;
2) ұлты қазақ емес отбасы мүшелерінен басқа, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға берген қолдаухаттары туралы iшкi iстер органдарынан анықтамалар;
3) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшiрмелерi.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.10.2007. № 978 Қаулысымен. (06.01.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қосымша жеңiлдiктердi тағайындау және төлеу тәртiбi
6. Аумақтық орган осы Ереженiң 5-тармағында аталған барлық құжаттар болған кезде өтiнiш берiлген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қосымша жеңiлдiктердi тағайындау туралы немесе бас тарту себептерiн көрсете отырып, төлеуден бас тарту туралы шешiм шығарады.
Қосымша жеңiлдiктердi тағайындау туралы немесе төлеуден бас тарту туралы шешiмге аумақтық органның басшысы немесе оның мiндетiн атқарушы адам қол қояды.
Қосымша жеңiлдiктер төлеуден бас тартылған жағдайда аумақтық орган бас тарту себептерiн көрсете отырып, бiр айдың iшiнде өтiнiш берушiнi хабардар етедi.
7. Қосымша жеңiлдiктердi тағайындау туралы шешiмде оралман отбасының құрамы, оларға тиесiлi төлемдердiң мөлшерi және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымда оралман отбасының басшысы ашқан жеке шоттың нөмiрi көрсетiледi.
8. Аумақтық орган қосымша жеңiлдiктердi тағайындау туралы шешiм шығарғаннан кейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей төлемдер жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдарға тиiстi төлемдердi аударады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |