1. Қоса берiлiп отырған Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуiнiң және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртiбi (бұдан әрi - Тәртiп) бекiтiлсiн.
Отправить по почте
Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудiң жекелеген мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 қаулысы
Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болуын құқықтық реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуiнiң және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртiбi (бұдан әрi - Тәртiп) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі, Сыртқы iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегі агенттiгі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша заңдарда белгіленген тәртiппен 2000 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзiмде:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасы Yкiметінiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныс енгізсiн;
2) осы қаулымен бекiтiлген Тәртiптiң ережелерiн iске асыру мақсатында нормативтi құқықтық актілердi әзiрлеудi, келiсудi және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркеудi қамтамасыз етсiн.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.06.2000. № 956 қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгі осы қаулының 2-тармағының iске асырылуына жәрдем көрсетсiн.
4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 10 наурыздағы N 186 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1993 ж., N 7, 87-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 10 наурыздағы N 186 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 30 желтоқсандағы N 1367 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж., N 50, 465-құжат).
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап бiр ай мерзiм өткен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 қаулысымен бекітілген
Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында болуының құқықтық ережесі туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 заң күші бар Жарлығына сәйкес әзірленді және:
1) шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келуінің және Қазақстан Республикасынан кетуінің;
2) шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында уақытша болуы және тұрақты тұруы құқығына арналған құжаттарды ресімдеудің;
3) шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүруінің және транзиттік өтуінің;
4) шетелдік азаматтардың болуы мерзімдерін ұзартудың және қысқартудың, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасынан кетірудің тәртібін айқындайды.
2. Осы Тәртіптің күші, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады.
3. Шетелдік азаматтарды жеке істері бойынша Қазақстан республикасына шақырған қабылдаушы ұйымдар мен адамдар шетелдік азаматтарға Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Тәртіпте көзделген құқықтар мен міндеттерді уақытылы түсіндіруді, шетелдік азаматтарға қатысты белгіленген құқықтық нормалардың орындалуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында болуы, елдің аумағы бойынша жүріп-тұруы құқығына арналған және оларға белгіленген болудың мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасынан кетуіне арналған құжаттардың уақытылы ресімделуі үшін заңдарда белгіленген жауаптылықта болады.
Шетелдік азаматтардың, азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының лауазымды тұлғалары мен азаматтарының осы Тәртiптiң талаптарын сақтауын бақылауды ұлттық қауiпсiздiк органдарымен өзара iс-қимылда iшкi iстер органдары жүзеге асырады.
2. Шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасына келуi және Қазақстан Республикасынан кетуi
4. Шетелдiк азаматтар, егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше тәртiп белгiленбесе, Қазақстан Республикасының визасы болған жағдайда, төлқұжаты немесе оны алмастыратын құжаттар (бұдан әрi - төлқұжат) бойынша мемлекеттiк шекарадағы халықаралық және жолаушы қатынастары үшiн ашық өткiзу пункттерi арқылы Қазақстан Республикасына келедi және Қазақстан Республикасынан кетедi.
Визаның қолданылу мерзiмi шетелдiк азамат паспортының қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн кемiнде 6 ай бұрын аяқталуы тиiс.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.07.2005. № 756 қаулысымен. (20.08.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Шетелдiк азаматтарға Қазақстан Республикасына келуге (келулерге) және Қазақстан Республикасына келiп кетуге (келу-кету) визаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң шетелдегi мекемелерi мен консулдық пункттерi, ал ондайлар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының уәкiлеттiк берiлген органдары бередi.
6. Шетелдiк азаматтарға Қазақстан Республикасынан кетуге (кету) және Қазақстан Республикасынан кетiп, қайта келуге (кету-келу) визаларды Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, сондай-ақ ол уәкiлеттiк берген аумақтық iшкi iстер органдары бередi.
Төлқұжаты Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнде және оның өкiлдiктерiнде тiркелген шетелдiк азаматтарға кету және кету-келу визаларын берудi осы ұйымдар жүргiзедi.
7. Қабылдаушы ұйымдардың өтiнiшi бойынша шетелдiк азаматтарға Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге бiрнеше мәртелiк виза берiлуi мүмкiн.
8. Қазақстан Республикасының визаларын беру және олардың қолданылу мерзiмiн ұзарту үшiн:
1) халықаралық ұйымдардың, шет мемлекеттер өкiлдiктерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттiк ұйымдарының заңдарда белгiленген тәртiппен ресiмделген жазбаша өтiнiштерi;
2) Қазақстан Республикасына жеке iстерi бойынша, турист ретiнде және мемлекеттiк емес ұйымдардың шақыруы бойынша iскерлiк мақсаттармен немесе тұрақты тұруға келетiн шетелдiк азаматтар үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiк азаматтарға iшкi iстер органдарының рұқсаты;
3) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгілейтін тәртіпке сәйкес шетел азаматтарын Қазақстан Республикасына шақыру үшін заңды немесе жеке тұлғалардың заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделген жазбаша өтініштері;
4) өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi өкiлеттi органның өңiрлiк қаржы орталығында қызметiн жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының аумағына келетiн шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы өтiнiшi негiз болып табылады.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.05.2002. № 595, 07.09.2006. № 854 қаулыларымен (22.05.2002 жылғы редакцияны қараңыз).(қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi)
9. Келу визаларын берудiң негiздемесi шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасында болу мақсаттарына сәйкес келуi тиiс. Қазақстан Республикасына туыстары мен таныстарының шақыруы бойынша, яғни жеке iстерi бойынша келген, сондай-ақ iскерлiк мақсатпен, оқуға және турист ретiнде келген шетелдiк азаматтар Қазақстан Республикасының аумағында жұмысқа орналаспайды, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, визада көрсетiлген келу мақсатымен байланысты емес өзге де қызметпен айналыса алмайды.
Eгep Қазақстан Республикасының Үкiметi мен шетелдiк инвесторлар арасында рұқсат берудiң белгiленген тәртiбi қолданысқа енгiзiлгенге дейiн жасалған шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдiк жұмыс күшiн лицензиясыз тартуға (әкелуге), сондай-ақ Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдiктердiң тиiстi рұқсатсыз еңбек қызметiн жүзеге асыруына тыйым салынады.
Еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн (жұмысқа) Қазақстан Республикасына келуге визаны тек Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің шетелдегі мекемелерi ғана, олар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының арнайы уәкiлеттi өкiлдерi бередi.
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.07.2005. № 756, 01.08.2006. № 725 қаулыларымен. (20.08.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
10. Визалардың санаттары мен түрлерiн, оларды берудiң, сондай-ақ олардың қолданылу мерзiмдерiн қысқарту мен ұзартудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі айқындайды.
11. Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген негіздер бойынша шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасына келуiне және Қазақстан Республикасынан кетуiне тыйым салынуы мүмкiн.
11-1. Қазақстан Республикасына келу кезiнде 16 жасқа толған әрбiр шетелдiк азаматқа көшi-қон карточкасы беріледi.
Көшi-қон карточкалары Қазақстан Республикасынан кету кезiнде тапсырылуы тиiс.
Көшi-қон карточкалары:
Қазақстан Республикасының дипломаттық, қызметтiк және инвесторлық визасы бар адамдарға;
әуе, теңiз және өзен кемелерi экипаждарының мүшелерiне;
поезд, оның iшiнде рефрижератор, локомотив бригадаларының жұмыскерлерiне және темiр жол көлiгiмен тасымалданатын жүктердi бiрге алып жүретiн адамдарға;
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетiн поездардың жолаушыларына;
халықаралық автотасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiне берiлмейдi.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |