• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Осы редакция 29.12.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 Қаулысы
"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 8-бабының 7) тармақшасына және 58-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидалары;
2) Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 21 қаңтардағы
 № 148 қаулысымен
 бекітілген
Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі, "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы заңдарына сәйкес әзірленді және көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың нормаларын бұзу Қазақстан Республикасының  заңдарында көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.
3. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында болу мерзімдерін қысқарту және оларды Қазақстан Республикасынан шығару Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда осы Қағидаларда қамтылғаннан өзге қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібі
5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және/немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше тәртіп белгіленбесе, Қазақстан Республикасының визалары болған кезде көшіп келушілер халықаралық және жолаушы қатынастары үшін ашық Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы  өткізу  пункттері арқылы паспорттары немесе оларды алмастыратын құжаттары (бұдан әрі - паспорт) бойынша, Қазақстан Республикасына келеді және Қазақстан Республикасынан кетеді.
Визаның қолданылу мерзімі көшіп келуші паспортының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 ай бұрын өтуі тиіс.
6. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, уәкілетті орган берген тиісті рұқсаттарсыз Қазақстан Республикасында уақытша болатын көшіп келушілердің еңбек қызметін жүзеге асыруына жол берілмейді.
7. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуіне және Қазақстан Республикасынан кетуіне Қазақстан Республикасының  заңнамалық  актілерінде белгіленген негіздер бойынша тыйым салынады.
8. Қазақстан Республикасына келген кезде 16 жасқа толған әрбір шетелдікке көші-қон карточкасы беріледі. Көші-қон карточкалары Қазақстан Республикасынан шыққан кезде тапсырылуы тиіс.
Көші-қон карточкалары:
1) Қазақстан Республикасының дипломаттық, қызметтік және инвесторлық визалары бар адамдарға, сондай-ақ дипломаттық, қызметтік паспорттары мен уәкілетті органнан "инвестор" мәртебесін растауы бар адамдарға;
2) әуе, теңіз және өзен кемелері экипаждарының мүшелеріне;
3) поезд, оның ішінде рефрижератор, локомотив бригадаларының жұмыскерлеріне және темір жол көлігімен тасымалданатын жүктерге ілесіп жүретін адамдарға;
4) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін поезд жолаушыларына;
5) халықаралық автотасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілеріне берілмейді.
9. Қазақстан Республикасына уақытша келетін көшіп келушілер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткен күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде өзінің тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша тіркеледі. Көшіп келушілерді тіркеу жеке басты куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады.
Пана іздеген адамдарды және босқындарды тіркеу Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделеді.
Заңда белгіленген тәртіппен өздеріне қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс деп танылатын іс-әрекеттер жасалғаны туралы хабарлаған көшіп келушілерді тіркеу Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес арызды қарау үшін қажетті мерзімге ресімделеді. Егер арыз бойынша қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылданса, тіркеу қылмыстық істі тергеу үшін қажетті мерзімге ұзартылады.
10. Тіркеу көшіп келушінің ұлттық паспортының және визаның қолданылу мерзімінен аспайтын кезеңге ресімделеді.
Қазақстан Республикасына келу мен болудың визасыз тәртібі туралы ратификациялаған халықаралық шарттар жасалған елдерден келген азаматтарды тіркеу халықаралық шарттарда көзделген мерзімге, ол болмаған жағдайда отыз тәуліктен, ал Кеден одағына мүше мемлекеттердің азаматтары үшін тоқсан тәуліктен аспайтын мерзімге жүргізіледі және одан әрі осындай мерзімге ұзартылады.
Оларға қатысты шетелдік жұмыс күшін тартуға заңда  белгіленген тәртіппен ресімделген рұқсаты бар көшіп келушілерді, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін тіркеу осы рұқсаттың қолданылу мерзіміне ресімделеді.
Паспорттарды тіркеуден дипломаттық немесе қызметтік паспорттары бар көшіп келушілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының "дипломаттық", "қызметтік" және "инвесторлық" санаттағы визаларымен келген немесе уәкілетті органнан "инвестор" мәртебесін растаған кезде көшіп келушілер (визасыз болу режиміндегі елдер үшін) босатылады.
Шетелдік Қазақстан Республикасында уақытша тұратын жерін ауыстырған кезде қабылдаушы заңды немесе жеке тұлға бұл туралы ішкі істер органдарына үш күн мерзімде жазбаша хабарлайды.
Тұрақты немесе уақытша тұратын жерін ауыстырған жағдайда көшіп келушілер үш күн мерзімде жаңа тұратын жері бойынша ішкі істер органдарында қайта тіркеуден өтеді.
11. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келетін көшіп келушілер мынадай санаттарға бөлінеді:
1) шетелдік қызметкерлер - Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген немесе жұмыс берушілер тартатын көшіп келушілер;
2) бизнес-көшіп келушілер - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер;
3) маусымдық шетелдік қызметкерлер - климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір, бірақ бір жылдан аспайтын кезеңнің (маусымның) ішінде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілер жұмысқа тартатын көшіп келушілер.
12. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдік жұмыс күшін тарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасына уақытша келетін көшіп келушілердің еңбек қызметін жүзеге асыруы жергілікті уәкілетті органның рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.
13. Елге бизнес-көшіп келуші визасы бойынша келген шетелдік визаның қолданылу мерзіміне ішкі істер органдарында тіркеледі.
14. Бизнес-көшіп келушілер Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген міндеттерді орындамаған жағдайда халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдардың қолдаухаты негізінде бизнес-көшіп келушілердің болу мерзімін қысқарту туралы шешім қабылдайды.
15. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық  шарттарда өзгеше көзделмесе, маусымдық шетелдік қызметкерлер, гуманитарлық себептер бойынша, білім алу және отбасымен қосылу мақсатында келетін көшіп келушілер жалпы негізде тіркеледі.
3. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп-тұруы және транзитпен жол жүруі және олардың Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын жер таңдауы
16. Көшіп келушілер Қазақстан Республикасының шетелдіктердің баруы үшін ашық аумағы бойынша еркін жүріп-тұра алады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес тұрғылықты жерді таңдай алады. Жүріп-тұру мен тұрғылықты тұратын жерді таңдаудағы шектеулерді Қазақстан Республикасының Үкіметі "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-тармағының 7) тармақшасына сәйкес белгілейді.
17. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасы бойынша жүріп-тұру, сондай-ақ олардың көшіп-келушілер үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) бару тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен (бұдан әрі - ҚР ҰҚК) келісім бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен (бұдан әрі - ҚР СІМ) бірлесіп, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ҚР ІІМ) айқындайды.
18. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуі және Қазақстан Республикасынан кетуі үшін Қазақстан Республикасының транзиттік визалары рәсімделеді.