• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздарды ұстаушыларының тізілім жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтерін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 29.11.2010 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздарды ұстаушыларының тізілім жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтерін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы N 185 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 9 қыркүйек Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5777 болып енгізілді
#$Қолданушылардың назарына
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативті белгілеу туралы, Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы N 120 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5324 тіркелген, 2008 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың актілерінің N 11 жинағында жарияланған) Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздарды ұстаушылар жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтерін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 5 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5578 тіркелген) енгізілген толықтыруларымен және өзгерістерімен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативін есептеу ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Брокердің және дилердің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенті мына формула бойынша есептеледі: 
К = (ӨА-М)/МКТМ, бұл жерде 
ӨА – осы Ереженің 3-тармағына сәйкес өтімді болып танылатын брокердің және дилердің өтімді активтері; 
М - брокердің және дилердің жиынтық міндеттемелері ("репо" операциясын ашық сауда-саттық әдісімен өткізгенде міндеттемелерге тек "репо" ашу сәтіне қор биржасының ішкі ережелеріне сәйкес анықталған "репо" объектісінің нарықтық құнының дисконт сомасы ғана кіреді); 
МКТМ - меншікті капиталдың жеткіліктілігінің есебіне кіретін брокердің және дилердің меншікті капиталының ең төменгі мөлшері: 
номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокердің және дилердің меншікті капиталының барынша төмен мөлшері - 30 000 000 (отыз миллион) теңге; 
клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокердің және дилердің меншікті капиталының барынша төмен мөлшері - 5 000 000 (бес миллион) теңге; 
2010 жылғы 1 қаңтардан бастап:
номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокердің және дилердің меншікті капиталының барынша төмен мөлшері – 54 432 000 (елу төрт миллион төрт жүз отыз екі мың) теңгені құрайды; 
клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокердің және дилердің меншікті капиталының барынша төмен мөлшері – 46 656 000 (қырық алты миллион алты жүз елу алты мың) теңгені құрайды; 
2010 жылғы 1 шілдеден бастап:
номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокердің және дилердің меншікті капиталының барынша төмен мөлшері – 181 440 000 (бір жүз сексен бір миллион төрт жүз қырық мың) теңгені құрайды; 
клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокердің және дилердің меншікті капиталының барынша төмен мөлшері – 129 600 000 (жүз жиырма тоғыз миллион алты жүз мың) теңгені құрайды."; 
3-тармақтың бірінші бөлігінде: 
1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 
"осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша;"; 
2) тармақша мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"банктердің "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В+"-тен "В" дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен "kzВ+" дейінгі рейтингтік бағасы бар;";
"Пруденциалдық нормативті есептеу" кестесінде: 
реттік нөмірі 1.2 жолдың екінші бағанындағы "екінші деңгейдегі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі" деген сөздермен ауыстырылсын; 
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-1 жолмен толықтырылсын:
"
 
2-1. Осы банктерде "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В+"-тен "В" дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен "kzВ+" дейінгі рейтингтік бағасы бар деген талаппен Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар (негізгі борыштың сомасын және есептелген сыйақыны ескеріп)
100
                                                          ";