Bestprofi Logo

Қаулы № 952 от 2003-09-18г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi мемлекетаралық комиссиясының қазақстандық бөлiгi туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi мемлекетаралық комиссиясының қазақстандық бөлiгi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 қыркүйектегі N 952 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған мыналар бекiтiлсiн:

1) Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi мемлекетаралық комиссиясы қазақстандық бөлiгiнiң құрамы;

2) Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлiгi туралы ереже.

2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1) "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi мемлекетаралық комиссиясының ұлттық бөлiгiн жасақтау туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 17 қазандағы N 1541 қаулысы;

2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 17 қазандағы N 1541 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1437 қаулысы;

3) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетiн тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 20 мамырдағы N 467 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырудың 2-тармағы.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 қыркүйектегі N 952 қаулысымен бекiтiлген

Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi мемлекетаралық комиссиясы қазақстандық бөлiгiнiң Құрамы

Мамин - Қазақстан Республикасының Индустрия

Асқар Ұзақпайұлы және сауда бiрiншi вице-министрi, тең төраға

Поспелов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс

Николай Николаевич министрiнiң орынбасары, тең төрағаның орынбасары

Коржова - Қазақстан Республикасының Экономика

Наталья Артемовна және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание