Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбір мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 7 қазан N 1096
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi туралы ереже бекiтiлсiн.
2. Мыналар қайта ұйымдастырылсын:
1) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi болып;
2) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi болып;
3) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары болып;
4) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары болып.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.11.2002. № 1216 қаулысымен. (07.10.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне төрт, оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министр ұстауға рұқсат берiлсiн.
4. "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктер, агенттiктер мен ведомстволар қызметкерлерiнiң штат санының лимиттерiнде:
реттiк нөмiрi 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрлiгi 366
оның iшiнде:
1) Су ресурстары жөнiндегi комитет 33
бойынша
2) Орман, балық және аңшылық
шаруашылығы комитетi 37";
реттік нөмiрi 11-жол алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктiң, агенттіктер мен ведомстволардың аумақтық органдары қызметкерлерiнiң штат санының лимиттерiнде:
реттiк нөмiрi 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрлiгi 5657
бұдан басқа:
1) Су ресурстары
жөнiндегі комитет 161
2) Орман, балық және аңшылық
шаруашылығы комитетi 305";
реттiк нөмiрi 7-жол алынып тасталсын.
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде осы қаулыны iске асыру жөнiнде тиiстi шаралар қабылдасын.
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) ауыл шаруашылығы, орман, балық және аңшылық шаруашылығы, республиканың ерекше қорғалатын табиғи аумақтары, су ресурстарын, өсiмдiк және жануарлар дүниесi ресурстарын басқару аясында, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, ветеринария, фитосанитария, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мелиорация, ирригация мен дренаж, тамақ өнiмдерiн өндiру бөлiгiндегі сусындарды, темекi бұйымдарын, былғары (терi илеу және өңдеу), талшықты мақтаны және жүндi қайта өңдеудi, астық рыногын қоса алғанда, өңдеу өнеркәсiбi саласында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыруды салааралық үйлестiрудi, оған қатысушылардың қызметiн үйлестіру мен реттеудi, астықтың мемлекеттiк ресурстарын басқаруды, сондай-ақ оның жүзеге асырылуын бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады.
Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар: Су ресурстары жөнiндегi комитет, Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi.
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Министрлiктiң, егер заңнамаға сәйкес өкiлеттiк берiлсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.11.2002. № 1216 қаулысымен. (07.10.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Министрлiк қабылдайтын шешiмдер Министрдің бұйрықтарымен ресiмделедi.
5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
6. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |