Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбір мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 қаулысы
Осы редакция 16.06.2004 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi туралы ереже бекiтiлсiн.
2. Мыналар қайта ұйымдастырылсын:
1) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi болып;
2) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi болып;
3) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары болып;
4) қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - облыстық орман және биоресурстар жөнiндегi аумақтық басқармалары және Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi - облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттiк бақылау аумақтық басқармалары оларды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармаларына қосу жолымен.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.11.2002. № 1216 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.11.2002. № 1239 қаулысымен. (07.10.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне төрт, оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министр ұстауға рұқсат берiлсiн.
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 01.04.2003. № 314 қаулысымен. (29.12.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде осы қаулыны iске асыру жөнiнде тиiстi шаралар қабылдасын.
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) ауыл шаруашылығы, орман, балық және аңшылық шаруашылығы, республиканың ерекше қорғалатын табиғи аумақтары, су ресурстарын, өсiмдiк және жануарлар дүниесi ресурстарын басқару аясында, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, ветеринария, фитосанитария, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мелиорация, ирригация мен дренаж, тамақ өнiмдерiн өндiру бөлiгiндегі сусындарды, темекi бұйымдарын, былғары (терi илеу және өңдеу), талшықты мақтаны және жүндi қайта өңдеудi, астық рыногын қоса алғанда, өңдеу өнеркәсiбi саласында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыруды салааралық үйлестiрудi, оған қатысушылардың қызметiн үйлестіру мен реттеудi, астықтың мемлекеттiк ресурстарын басқаруды, сондай-ақ оның жүзеге асырылуын бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады.
Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар: Су ресурстары жөнiндегi комитет, Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi, Балық шаруашылығы комитетi.
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Министрлiктiң, егер заңнамаға сәйкес өкiлеттiк берiлсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.11.2002. № 1216 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.07.2003. № 714 қаулысымен. (07.10.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Министрлiк қабылдайтын шешiмдер Министрдің бұйрықтарымен ресiмделедi.
5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
6. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi.
Министрлiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, қалалар мен аудандарда мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы ветеринариялық бақылау бекеттерi бар шекарадағы және көлiктегi аймақтық мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бөлiмшелерi аумақтық органдары болады.
Министрлiктiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Абай даңғылы, 49.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.11.2002. № 1216 қаулысымен. (07.10.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Министрлiктi құру туралы акт пен осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаттары болып табылады.
8. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.
Министрлiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiнде кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
2. Министрлiктің негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары
9. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, аңшылық және балық шаруашылығы өндiрiсiнде, суды пайдалануда, астық өндiрiсi, тұқым шаруашылығы, ветеринария, асыл тұқымды мал шаруашылығы, тамақ өнiмдерiн өндiру бөлігiндегі сусындарды, темекi бұйымдарын, былғары (терi илеу және өңдеу), талшықты мақта және жүндi қайта өңдеудi қоса алғанда, өңдеуші өнеркәсiп саласында, өз құзыретiнiң шегiнде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен ауыл шаруашылығы ғылымы саласында мемлекеттік саясатты әзiрлеу, iске асыру және үйлестiру;
2) өз құзыретi шегiнде аймақтық саясатты iске асыруға қатысу;
3) денсаулық сақтау органдарымен бiрлесiп, халықтың денсаулығын малға және адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
4) рыноктарда, өнiм өндiру, дайындау (сойыс), сақтау, қайта өңдеу және сату кәсiпорындарында, сондай-ақ тасымалдау кезiнде (мемлекеттiк ветеринарлық бақылауға жататын жүктердi алмастыру; мемлекеттiк ветеринарлық қадағалау объектiлерiнiң қауiпсiздiгiн, ветеринарлық-санитарлық жағдайды бақылау; мал ауруларын анықтау және олардың туындауы мен таралуы себептерiн және жағдайларын әрi олардың қоректенiп улануларын анықтау мен белгiлеу) мемлекеттiк ветеринарлық қадағалауды жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден шыққан жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелiнуi мен таралуынан, сондай-ақ карантиндiк объектiлерден қорғауды және республика аумағын шет елдерден немесе карантиндiк аймақтан карантиндiк объектiлердің әкелiнуiнен немесе өз бетiмен енiп кетуiнен қорғауды ұйымдастыру;
6) құзыретi шегiнде ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалар қызметiн жүзеге асыру кезiнде қоршаған ортаның ластануының алдын алу және жоқ жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыруға қатысу;
7) ауыл, орман, балық және аңшылық шаруашылығын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытудың, сондай-ақ су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғаудың мемлекеттiк және өзге де бағдарламаларын әзiрлеуге әрi iске асыруға қатысу;
8) агроөнеркәсіп кешенiнiң маркетинг қызметiн дамытуға және ақпараттық қамтамасыз ету жүйесiн қалыптастыруға жәрдем көрсету;
9) ауыл шаруашылығы өндiрiсi, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мен тамақ өнiмдерiн өндiру бөлiгіндегi сусындарды, темекi бұйымдарын, былғары (терi илеу және өңдеу), талшықты мақта және жүндi қайта өңдеудi қоса алғанда, өңдеуші өнеркәсiп саласында тiкелей жұмыс iстейтiн шаруашылық жүргізушi субъектiлердiң өндiрiстiк қызметiне, оларды реформалауға және заңнамаға сәйкес оларды қаржылай сауықтыруға әдiстемелiк басшылық жасау;
10) ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлердi техникалық және энергетикалық қамтамасыз ету, химияландыру және ауыл шаруашылығы суымен жабдықтау, мелиорация, сервистiк қызмет көрсету саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;
11) жер қатынастарын дамыту, әртүрлi ауыл шаруашылығы ұйымдарының тиiмдi жұмыс істеуі үшін құқықтық және әлеуметтік-экономикалық шарттарды жетiлдiру, жердiң құнарлылығын сақтау мен арттыруға әрі оларды ұтымды пайдалануға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;
12) ветеринария, фитосанитария асыл тұқымды мал шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, мелиорация, ирригация мен дренаж саласында астықтың сапасын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
13) өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинi саласындағы заңнаманың және белгiленген ережелердiң сақталуын әрi республика аумағында өсiмдiктер карантинi және оларды қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
14) орман ресурстарын, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi ресурстарын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, өсiмiн молайту, пайдалану саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру, су ресурстарын пайдалану;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |