• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң кейбiр мәселелерi
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 06.04.2005 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң кейбiр мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 шілдедегі N 714 қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы" 2003 жылғы 13 маусымдағы N 1107 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi құрылсын.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi құрылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Балқаш-Алакөл балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегі бассейндiк басқармасы" және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Зайсан-Ертiс балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы" мемлекеттiк мекемелерi Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы  министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң "Балқаш - Алакөл облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегі бассейндiк басқармасы" және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң "Зайсан-Ертiс облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы" мемлекеттiк мекемелерi болып қайта аталып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Орал-Каспий облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы", "Балқаш-Алакөл балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы" және "Зайсан-Ертiс балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы" мемлекеттiк мекемелерi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі Балық шаруашылығы комитетiнiң қарамағына берiлсiн.
4. Қоса берiлiп отырған: 
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң Балық шаруашылығы комитетi туралы ереже; 
2) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң құрылымы; 
2-1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi аумақтық органдарының тiзбесi;  
3) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi; 
4) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.  
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.05.2004. № 517 қаулысымен. (18.07.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп, тиiстi қажеттi материалдық- техникалық құралдарды және өзге де мүлiктi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетiне берудi қамтамасыз етсiн.
6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2003 жылғы 18 шілдедегі
 N 714 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің құрылатын аумақтық органдарының тізбесі 
1. Арал-Сырдария облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы. 
2. Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы. 
3. Зайсан-Ертiс облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы. 
4. Орал-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы. 
5. Ақмола облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы. 
6. Ақтөбе облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы. 
7. Жамбыл облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы. 
8. Қарағанды облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы. 
9. Қостанай облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы. 
10. Солтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы. 
Тізбе жаңа редакцияда ҚР Үкіметіінің 07.09.2004. № 938 қаулысымен. (07.05.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2003 жылғы 18 шілдедегі
 N 714 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң құзыретi шегiнде балық шаруашылығы саласында балық шаруашылығын мемлекеттік басқаруды, арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады. 
Комитеттiң аумақтық органдары - аймақтық балық инспекциясы басқармалары, облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармалары бар.  
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.05.2004. № 517 қаулысымен. (18.07.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Yкiметiнiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнде және банктерде шоттары бар. 
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. 
Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес өкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитеттің штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
5. Комитеттің заңды мекен-жайы: 
473000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 49.
6. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
8. Комитеттi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 
Комитетке Комитеттiң функциясы болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiнде кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 
Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру жөнiндегi құқықтар берiлген жағдайда, мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары
9. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi: 
1) балық шаруашылығы мәселелерi бойынша мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу; 
2) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғауға, өсiмiн молайту мен пайдалануға және балық шаруашылығын жүргiзуге мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;