1. Экономикалық саясат жөнiндегi кеңес құрылсын.
Отправить по почте
Экономикалық саясат жөнiндегі кеңес құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 25 ақпан N 202
Мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатын дамытудың қағидатты сипаттағы маңызды мәселелерi жөніндегі келісілген көзқарастар мен ұсынымдарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Экономикалық саясат жөнiндегi кеңес құрылсын.
2. Қоса берiліп отырған:
1) Экономикалық саясат жөнiндегi кеңестiң құрамы;
2) Экономикалық саясат жөнiндегi кеңес туралы ереже бекiтiлсiн.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнің кейбiр шешiмдерiнің күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкіметiнің 2003 жылғы 25 ақпандағы N 202 қаулысымен бекiтілген
Экономикалық саясат жөнiндегi кеңестiң ҚҰРАМЫ
Тасмағамбетов - Қазақстан Республикасының
Иманғали Нұрғалиұлы Премьер-Министрi, жетекшi
Павлов - Қазақстан Республикасы
Александр Сергеевич Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары, жетекшiнiң орынбасары
Кеңес мүшелерi:
Марченко - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің
Григорий Александрович Төрағасы (келісiм бойынша)
Мәсiмов - Қазақстан Республикасы
Кәрiм Қажымқанұлы Премьер-Министрiнің орынбасары
Кәкiмжанов - Қазақстан Республикасының
Зейнолла Халидоллаұлы Қаржы министрi
Келiмбетов - Қазақстан Республикасының Экономика
Қайрат Нематұлы және бюджеттiк жоспарлау министрi
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |