• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Индуcтрия және сауда министрлiгiнiң мәселелерi
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 20.05.2003 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Индуcтрия және сауда министрлiгiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 12 қыркүйектегі N 996 қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына (бұдан әрi - Жарлық) сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған: 
1) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi туралы ереже; 
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi; 
3) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiнiң төрт, соның iшiнде бiр бiрiншi вице-министрi болуға рұқсат берiлсiн.
3. Мыналар құрылсын: 
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Сауда комитетi; 
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi комитетi; 
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Инвестициялар жөнiндегi комитетi; 
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Құрылыс iстерi жөнiндегі комитетi; 
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетi; 
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi.
4. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi және Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитеттерiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық бөлiмшелерi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдарына қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
5. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiн ұстауға арналған шығыстарын қаржыландыру қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының Экономика және сауда, Энергетика және минералдық ресурстар, Сыртқы iстер министрлiктерiн және Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау агенттiгін ұстауға арналған 2002 жылға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен берiлетiн штат санының шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
6. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер, Энергетика және минералдық ресурстар министрлiктерi, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау агенттiгi берiлетiн функциялар мен өкiлеттіктер шегiнде, Жарлыққа қол қойылған күнi берiлетiн бөлiмшелер қызметкерлерiнiң пайдалануындағы мүлiктi қоса алғанда, құрылымдық бөлiмшелердi Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне берудi қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi осы қаулыны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2002 жылғы 12 қыркүйектегi
 N 996 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі туралы ереже 
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) басшылықты, сондай-ақ заңнамамен көзделген шекте өнеркәсіпті, сауданы, құрылысты, стандарттауды, метрологияны және сертификаттауды басқару, шағын бизнестi және инвестицияларды мемлекеттiк қолдау, қорғаныс тапсырысын орналастыру және орындау саласында мемлекеттiк саясат әзiрлеудi және оны iске асыруды салааралық үйлестiрудi, сондай-ақ оның жүзеге асырылуын бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады. 
Министрлiк өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі. 
Министрлiктiң, егер оған заңнамаға сәйкес өкiлеттік берiлсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы болуға құқығы бар.
4. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
5. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 33.
6. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi.
7. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
8. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады. 
Министрлiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 
Егер заңнамалық кесiмдермен Министрлiкке кірістер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберіледi.
2. Министрлiктiң негiзгі мiндеттерi, функциялары және құқықтары
9. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi: 
1) индустрия саласында, соның ішінде өнеркәсіптің тау-кен металлургия, химия, өңдеу салаларында, саудада, сәулетте және құрылыста, стандарттауда, метрологияда және сертификаттауда, инновациялық қызметте мемлекеттiк саясат әзiрлеу және оны iске асыруға қатысу; 
2) шағын бизнестi және инвестицияларды мемлекеттiк қолдау; 
3) ресурстық және технологиялық базаны қайта құру негізiнде өз құзыретi аясында өнеркәсiп және құрылыс салаларын дамыту және реформалау бағдарламаларын әзiрлеу; 
4) сауда қызметiн мемлекеттiк реттеу саласында басымдықтар әзiрлеу; 
5) өз құзыреті шегiнде Қазақстанның Дүниежүзiлiк сауда ұйымына (ДСҰ) кiру және Еуразия Экономикалық Қоғамдастығына (ЕурАзЭҚ) және өзге де халықаралық сауда ұйымдары мен одақтарға мүшелiк мәселелерi жөнiнде саясат әзiрлеу және жүргiзу; 
6) тауарлар импорты кезiнде iшкi рынокты қорғау жөнiнде шаралар кешенiн жүргiзу; 
7) адамның өмiр сүруiнiң және тыныс-тiршiлiгiнiң толыққанды ортасын қалыптастыру, әлеуметтiк өндiрiстiк, көлiктiк инженерлiк және коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту бағдарламаларын әзiрлеуге қатысу; 
8) өнеркәсiп саласында Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық және технологиялық дамуының негiзгi бағыттарын әзiрлеуге қатысу және iске асырылуын қамтамасыз ету; 
9) қорғаныс тапсырысын және конверсиялық бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу; 
10) тарифтiк және тарифтiк емес реттеу әдiстерiмен сыртқы сауда қызметiн реттеуге қатысу; 
11) отандық өндiрушiлердi қорғау жөнiнде демпингке қарсы бақылауды және шаралар кешенiн жүргiзуi қамтамасыз ету;