• Мое избранное
Қазақстан Республикасы ИндуСтрия және сауда министрлігінің мәселелері

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Индуcтрия және сауда министрлiгiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 12 қыркүйектегі N 996 қаулысы. 1-тармақтың 3) тармақшасын және 3-тармақты қоспағанда күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N 871 қаулысымен Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

ҚР Үкіметінің 12.09.2002 № 996 қаулысының 1-тармақтың 3) тармақшасын және 3-тармақты қоспағанда күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.08.2005. № 871 қаулысымен.
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына (бұдан әрi - Жарлық) сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған:
1)-2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 24.08.2005 № 871 Қаулысымен. (28.10.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
3) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу бекiтiлсiн.
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 24.08.2005 № 871 Қаулысымен. (28.10.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Мыналар құрылсын:
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Сауда комитетi;
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi комитетi;
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Инвестициялар жөнiндегi комитетi;
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Құрылыс iстерi жөнiндегі комитетi;
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.05.2003. № 467 қаулысымен. (08.04.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
4-8. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)       Қазақстан Республикасының 
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 24.08.2005 № 871 Қаулысымен. (28.10.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2002 жылғы 12 қыркүйектегi
 N 996 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі туралы ереже Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2002 жылғы 12 қыркүйектегi
 N 996 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Тізбенің күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.08.2005 № 871 Қаулысымен. (28.10.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2002 жылғы 12 қыркүйектегi
 N 996 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (24.08.2005 ж. редакцияны қараңыз)
2. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:
Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне" бөлiмiнде:
реттiк нөмiрлерi 14, 15, 20, 23, 24, 35-жолдар алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi" бөлiмi және реттiк нөмiрi 227-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiне" бөлiмiнде:
тақырыпта "Экономика" деген сөз "Индустрия" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 236-1, 236-2, 236-3, 236-4, 236-5, 236-6, 237-7, 236-8, 236-9, 236-10-жолдармен толықтырылсын:
"236-1         АЛА-001308             "ҚазтүстiметҒЗЖИ" ААҚ
236-2          АЛА-002060             "Иналмасалтын" ААҚ
236-3          АЛА-002423             "Қазақстан Республикасының
                               Радио электроника және                                        байланыс жөнiндегi ұлттық                                        орталығы" ААҚ
236-4          BKO-000025             "Өскемен титан-магний                                        комбинаты" ААҚ
236-5          BKO-002456             "Қазмырыш" ААҚ
236-6          МНГ-000527             "Каскор АК" ААҚ
236-7                                 "Инвестицияларға                                        жәрдемдесудiң қазақстандық                                        орталығы" ЖАҚ
236-8                                 "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту                                        қоры" ЖАҚ
236-9                                 "Шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi                                        республикалық ақпараттық-
                               көрме орталығы" ЖАҚ
236-10                                "Қазақжарылыс өнеркәсiбi" ЖАҚ;
"Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетiне" бөлiмiнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетiне";
"Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi" бөлiмiнде, реттiк нөмiрi 239-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi" бөлiмiнiң тақырыбында "Экономика" деген сөз "Индустрия" деген сөзбен ауыстырылсын.
3. "Шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi республикалық ақпараттық-көрме орталығы жабық акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 17 қазандағы N 1543 қаулысына:
4-тармақтың үшiншi абзацында және 6-тармақта "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттігiне", "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне", "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 28.10.2004. № 1105 қаулысымен. (31.08.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 01.04.2003. № 314 қаулысымен. (21.11.2002 жылғы редакцияны қараңыз)