1. Қоса берiлiп отырған:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1105 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министріне екі вице-министрi болуына рұқсат етiлсiн.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.02.2006. № 134 қаулысымен. (06.01.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. "Pеспубликалық мемлекеттік кәсiпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық pecуpcтap министрлігінiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетi" деген бөлiмде "жер қойнауын қорғау" деген сөздер "жер қойнауын пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1105 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) атом, минералдық ресурстар, мұнай-химия және атом өнеркәсiбiн қоса алғанда, энергетика салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, басқару процесiн үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрлiктiң негiзгi мiндетi өз құзыретi саласында Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
2. Министрлік өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметінің кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тілде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында шоттары болады.
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Министрлiктiң, егер оған заңнамаға сәйкес осындай уәкiлеттік берiлген болса, мемлекет атынан iс-қимыл жасауға құқығы бар.
4. Министрлiк өз құзыретіндегi мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Министрдiң бұйрығымен ресiмделетін, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында міндетті күші бар шешiмдер қабылдайды.
5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
6. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесi, 22.
7. Министрлік толық атауы - "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" мемлекеттік мекемесi.
8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
9. Министрлiктің қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Министрлiкке кәсіпкерлiк субъектiлерiмен Министрлiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметті жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiс республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
2. Министрлiктiң функциялары және құқықтары
10. Министрлiк заңнамамен белгiленген тәртiппен мыналарды жүзеге асырады:
1) мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялар:
атом, минералдық ресурстар, мұнай-газ, мұнай-химия және атом өнеркәсiбiн қоса алғанда, энергетика салаларындағы, энергия үнемдеу, энергия көздерiнiң жаңартылатын және дәстүрлi емес көздерiн пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және әзiрлейдi;
өз құзыретi саласында мемлекеттiк және өзге де бағдарламаларды әзiрлейдi;
өз құзыретi саласында өнеркәсіп саясатын iске асыру жөнiндегi iс-қимылдардың салалық және салааралық жоспарларын әзiрлейдi;
елдiң отын-энергетика кешенiн дамыту бағдарламаларын әзiрлейдi;
отын-энергетика кешенiн дамытуды қамтамасыз етедi;
Қазақстан Республикасының энергетикалық қауiпсiздiгi мен тәуелсiздiгiн қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасының радиациялық қауіпсiздігін қамтамасыз етедi;
минералдық-шикізат базасын ұдайы өндiрудi және минералдық ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етедi;
мұнай-химия өндiрiстерiн кешендi дамытуды қамтамасыз етедi;
2) мемлекеттiк саясаттан iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар:
энергетикалық сараптама жүргізудiң әдiстемесiн, тәртiбi мен мерзiмдерiн белгiлейдi;
энергия кәсіпорындарының инвестициялық бағдарламаларын бекiтедi;
жер қойнауын пайдалану саласындағы өнiмдi бөлу туралы келiсiмдерде мемлекеттің мүдделерiн бiлдiредi;
Қазақстан Республикасының Yкiметiне атом энергиясын пайдалану объектiлерi қауiпсiздігінің жай-күйі туралы есеп бередi;
жер қойнауын пайдалану мәселелерi бойынша шетелдiк және отандық инвестициялар ағындарының қозғалысына талдау жүргiзедi, оларды тартудың және ынталандырудың әлемдiк тәжiрибесiн зерделейдi және қорытады;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |