Toggle Dropdown
Осы редакция 12.11.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Toggle Dropdown
Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 Қаулысы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және "Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Toggle Dropdown
1) 1-қосымшаға сәйкес жергілiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттері мен облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдерi орынбасарларының шектi саны;
Toggle Dropdown
2) 2-қосымшаға сәйкес кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиті бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
2. Әкімдерге штаттық кестелерді бекіткен кезде осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары санының нормативін пайдалану ұсынылсын.
Toggle Dropdown
3. Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкiмдерi:
Toggle Dropdown
1) осы қаулыға 3-қосымшада белгiленген жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының нормативтерiн сақтай отырып, жергiлiктi бюджеттерде бар қаражат шегiнде, жұмыс iстейтiн қызметкерлер үшін заңнамада белгіленген кепiлдiктердi қамтамасыз ете отырып, осы қаулыға 1-қосымшада белгiленген штат санының лимиттерi шегiнде әкiмдер аппараттары мен облыстардың, Алматы және Астана қалаларының атқарушы органдарының штаттық кестелерiн бекiтсiн;
Toggle Dropdown
2) осы қаулыға 2 қосымшада белгіленген штат санының лимиттерiн сақтай отырып, жергiлiктi бюджеттерде бар қаражат шегiнде, жұмыс істейтін қызметкерлер үшiн заңнамада белгіленген кепілдiктердi қамтамасыз ете отырып, осы қаулыға 1-қосымшада белгiленген штат санының лимиттері шегiнде айқындалған әкімдер аппараттары мен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының және қалалардағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиттерiн бекiтсiн және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілiктi атқарушы органдарына жеткiзсiн;
Toggle Dropdown
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
Toggle Dropdown
4. Алматы, Астана қалаларының, қалада аудандары бар облыстық маңызы бар қалалардың әкiмдерi қаладағы аудандардың әкiмдерi орынбасарларының шектi санын белгілесiн.
Toggle Dropdown
5. Аудан әкiмдерi аудандық маңызы бар қалалардың әкiмдерi орынбасарларының шектi санын белгілесiн.
Toggle Dropdown
6. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерінің күші жойылды деп танылсын.