Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1278 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1105 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 38, 514-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-тармақ алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1107 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 39, 518-құжат):
3-тармақтың 1), 2) тармақшалары алынып тасталсын;
4-тармақ алынып тасталсын.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1106 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 39, 517-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1108 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 39, 519-құжат).
3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 2) тармақшасын және 2-тармақты қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1278 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы №N 1105 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) электр энергетикасы, атом энергетикасы, минералдық ресурстар, отын-энергетика кешені, көмір, мұнай-химия, мұнай-газ өнеркәсібі және атом энергиясын пайдалану салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, басқару процесін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Атом энергетикасы комитеті; Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті; Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті.
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы, мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес осындай уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан іс-қимыл жасауға құқығы бар.
6. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрдің бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Министрліктің штат санының лимитін аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санын ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
8. Министрліктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 22.
9. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары
13. Министрліктің өз қызметі саласындағы негізгі міндеттері:
1) электр энергетикасы, атом энергетикасы, минералдық ресурстар, отын-энергетика кешені, көмір, мұнай-химия, мұнай-газ өнеркәсібі және атом энергиясын пайдалану салаларында мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруға қатысу;
2) электр энергетикасы, атом энергетикасы, минералдық ресурстар, отын-энергетика кешені, көмір, мұнай-химия, мұнай-газ өнеркәсібі және атом энергиясын пайдалану салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
3) отын-энергетика кешенін дамытуды қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету;
5) минералдық-шикізат базасын ұдайы өндіруді қамтамасыз ету және минералдық ресурстарды ұтымды пайдалану болып табылады.
14. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) электр энергетикасы, геологиялық зерттеу және жер қойнауын кешенді пайдалану, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және атом энергиясы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) электр энергетикасын дамыту бағдарламаларын әзірлейді;
3) электр энергетикасы, жер қойнауын пайдалану, радиациялық қауіпсіздік, мұнай және оның өмірлік циклінің процестері саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;
4) электр энергетикасы, энергия үнемдеу, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында халықаралық ынтымақтастықты және радиациялық қауіпсіздік аясында халықаралық шарттар жөніндегі міндеттемелердің орындалуын жүзеге асырады;
5) техникалық пайдалану және қауіпсіздік техникасы, жабдықтардың пайдаланымдық сипаттамалары, энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың технологиялық мұқтаждықтарына электр және жылу энергиясының шығыс нормалары саласындағы, электр және жылу энергиясын өндіру, беру және тұтыну саласындағы техникалық регламенттерді қоспағанда, өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
6) электр энергетикасы объектілерін жобалау, салу, техникалық пайдалану және қауіпсіздік техникасы, жабдықтардың пайдалану және техника-экономикалық сипаттамалары, табиғи монополиялар субъектілері болып табылмайтын энергия өндіруші ұйымдардың технологиялық мұқтаждықтарына арналған электр және жылу энергиясының шығыс нормалары салаларындағы нормативтік техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
7) кепіл болатын жеткізушіні анықтау тәртібін және оның жауапкершілігі аймағын бекітеді;
8) энергетикалық сараптама жүргізудің әдістемесін, тәртібі мен мерзімін белгілейді;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |