Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 қарашадағы N 1172 қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы" 2003 жылғы 13 қыркүйектегi N 1189 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекітiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мәдениет комитетi функциялары мен өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне берiле отырып, таратылсын.
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне екi вице-министр болуға рұқсат етiлсiн.
4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" деген бөлімде:
тақырыбында ", ақпарат және қоғамдық келiсiм" деген сөздер алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 415-15 жолдағы "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Мәдениет комитетiнің" деген сөздер алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 512-19-жол алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 7 мамырдағы N 543 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 17, 184-құжат):
тақырыбында және мәтінінде ", ақпарат және қоғамдық келiсiм" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегі комитетi туралы ережеде:
тақырыбында және мәтінінде ", ақпарат және қоғамдық келiсім" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегi комитетінің қарауындағы ұйымдардың тiзбесінде:
тақырыбында ", ақпарат және қоғамдық келiсiм" деген сөздер алынып тасталсын.
5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiнің күшi жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 қарашадағы N 1172 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Pecпубликасының Мәдениет министрлiгi туралы ереже
1. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) мәдениет, жастар саясаты, тiлдердi дамыту, мұрағат iсi мен құжаттама саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, заңнамаға сәйкес мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға өкiлеттiк берiлген Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрлiктің мынадай ведомствосы бар: Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегi комитет.
2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнің кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбасы, белгiленген үлгідегi бланкiсi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық органдарында заңнамаға сәйкес шоттары болады.
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Егер заңнамаға сәйкес оған өкiлеттік берiлген болса, Министрлiк мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы болуға құқылы.
4. Министрлiк өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртіппен Министрдiң бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
5. Министрлік штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
6. Министрлiктiң заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 60.
7. Министрлiктің толық атауы - "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi.
8. Осы Ереже Министрлiктің құрылтай құжаты болып табылады.
9. Министрлiктің қызметiн қаржыландыру тек қана республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Министрлікке Министрліктің функциялары болып табылатын функцияларды орындау мәнiнде кәсiпкерлік субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлiкке кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.
2. Министрліктің негiзгі мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
10. Министрлiктің негiзгi міндеттері:
1) ұлттық мәдениетті өркендету, сақтау, дамыту әрі тарату;
2) Қазақстанның мәдени-рухани дамуының жетiстiктерi мен үлгiлерiн насихаттауға бағытталған мәдени акциялар жүргiзу;
3) мемлекеттік және Қазақстанда бар басқа да тiлдердің қолданылуы мен одан әрi дамытылуының тұрақтылығын қамтамасыз ету;
4) мемлекеттiк жастар саясатын жүзеге асыру;
5) мемлекеттiк органдардың мәдениет, өнер, жастар саясаты, тiлдердi дамыту, мұрағат ісі мен басқаруды құжаттамалық қамтамасыз етудің мемлекеттiк жүйесiн және құжаттаманың бiрiздендірілген жүйелерiн дамыту саласындағы қызметiн үйлестiру болып табылады.
11. Министрлiк оған жүктелген мiндеттерге сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) елдің дамуының ұзақ мерзiмдi басымдықтарына сәйкес мәдениет, өнер, тілдердi дамыту, сондай-ақ мемлекеттiк жастар саясаты саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырады;