Bestprofi Logo

Қаулы № 72 от 2003-01-22г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Акцизделетiн өнiм өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетiн тарату туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Акцизделетiн өнiм өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетiн тарату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 22 қаңтар N 72

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығы 3-тармағының 2) тармақшасын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Акцизделетiн өнiмдер өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiсiн және айналымын мемлекеттiк реттеу саласындағы функциялары мен өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне берiле отырып, таратылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен таратылған Комитеттiң мүлкiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне берудi қамтамасыз етсiн.

3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.

4. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

5. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 38 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 3, 13-құжат);

2) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Акцизделетiн өнiмдер өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк бақылау жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қарашадағы N 1773 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, N 49-50, 578-құжат).

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание