Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Осы редакция 27.10.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы N 1006 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1)«"Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметін тексеру жөнінде жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы 11 мамырдағы N 74-ө өкімі;
2) "Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы 21 қыркүйектегі N 116-ө өкімі.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы»29 қазандағы N 1006 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. "Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 54, 541-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Шөкеев - Қазақстан Республикасы
Өмірзақ Естайұлы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға
Оразбақов - Қазақстан Республикасының
Ғалым Ізбасарұлы Индустрия және сауда министрі, төрағаның орынбасары
Ахметов - Қазақстан Республикасының
Даниал Кенжетайұлы Қорғаныс министрі
Мыңбаев - Қазақстан Республикасының
Сауат Мұхаметбайұлы Энергетика және минералдық ресурстар министрі
Тәжин - Қазақстан Республикасының
Марат Мұханбетқазыұлы Сыртқы істер министрі
Кәрбозов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Қозы-Көрпеш Жапарханұлы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы;
көрсетілген құрамнан Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы, Школьник Владимир Сергеевич, Алтынбаев Мұхтар Қапашұлы, Шәкіров Асқар Оразалыұлы, Тоқаев Қасымжомарт Кемелұлы, Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Қажыкен Мейрам Зекешұлы шығарылсын.
2.»"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Индустриялық-инновациялық саясатты іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 1343 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 49, 560-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Индустриялық-инновациялық саясатты іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Шөкеев Өмірзақ Естайұлы төраға болып енгізілсін;
көрсетілген құрамнан Мусин Аслан Есболайұлы шығарылсын.
3. "Техникалық реттеу жүйесіне көшуді жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы N 197 қаулысында:
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |