• Менің таңдаулыларым
  • Word –да сақтау
  • Word - та сақтау (альбом бағдарлауы)
  • Word - та сақтау (мазмұнымен)
  • PDF – та сақтау
  • Отправить по почте
Құжат демонстрациялық түрде көрсетілген Бағасы: 240 тг/жылы
Назар аударыңыз! Қолданыста жоқ құжат редакциясы Қолданыстағы редакцияны қарау

Отправить по почте

Қазақстан Республикасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы N 1006 Қаулысы       
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
1) "Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметін тексеру жөнінде жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы 11 мамырдағы N 74-ө өкімі; 
2) "Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы 21 қыркүйектегі N 116-ө өкімі.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 29 қазандағы
 N 1006 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. "Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 54, 541-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Өмірзақ Естайұлы           Премьер-Министрінің орынбасары,                              төраға
Ғалым Ізбасарұлы           Индустрия және сауда министрі,                              төрағаның орынбасары
Сауат Мұхаметбайұлы        Энергетика және минералдық                              ресурстар министрі
Қозы-Көрпеш Жапарханұлы    министрлігі Кедендік бақылау                              комитетінің төрағасы;
көрсетілген құрамнан Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы, Школьник Владимир Сергеевич, Алтынбаев Мұхтар Қапашұлы, Шәкіров Асқар Оразалыұлы, Тоқаев Қасымжомарт Кемелұлы, Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Қажыкен Мейрам Зекешұлы шығарылсын.
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 27.10.2009. № 1689 Қаулысымен. (29.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
3. "Техникалық реттеу жүйесіне көшуді жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы N 197 қаулысында: