• Менің таңдаулыларым
  • Word –да сақтау
  • Word - та сақтау (альбом бағдарлауы)
  • Word - та сақтау (мазмұнымен)
  • PDF – та сақтау
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының мәселелерi
Құжат демонстрациялық түрде көрсетілген Бағасы: 240 тг/жылы
Назар аударыңыз! Қолданыста жоқ құжат редакциясы Қолданыстағы редакцияны қарау

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
Осы редакция 07.02.2008 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 6 қыркүйек N 984
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына: 
1) Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнiң жанындағы Жаңа химиялық технологиялар және материалдар ғылыми-зерттеу институты; 
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнiң жанындағы Механика және математика ғылыми-зерттеу институты; 
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнiң жанындағы Биология және биотехнология проблемалары ғылыми-зерттеу институты; 
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнiң жанындағы Экология проблемалары ғылыми-зерттеу институты; 
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнiң Физика-химиялық талдау әдiстерiнiң орталығы мемлекеттiк мекемелерiн; 
2) "Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң Жану проблемалары институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.