Bestprofi Logo

Қаулы № 872 от 2003-08-27г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 тамыздағы N 872 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 27 тамыздағы N 872 қаулысымен бекітiлген

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы

1. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

1-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 26.11.2003. № 1180 қаулысымен. (24.11.2003 жылғы редакцияны қараңыз)

2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

2-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.11.2003. № 1172 қаулысымен. (27.08.2003 жылғы редакцияны қараңыз)

3. "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 7 мамырдағы N 543 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 17, 184-құжат):

1) 1-тармақтың үшiншi абзацы алынып тасталсын;

2) көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгінiң Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетi туралы ережеде:

4. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:

"Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мәдениет комитетi" деген бөлiм және реттiк нөмiрлерi 512, 512-1, 512-2, 512-3, 512-4, 512-5, 512-6, 512-7, 512-8, 512-9, 512-10, 512-11, 512-12, 512-13, 512-14, 512-15, 512-16, 512-17, 512-18, 512-21, 512-22, 512-23, 512-24, 512-25, 512-26, 512-27, 512-28, 512-30, 512-31, 512-32-жолдар алынып тасталсын;

"Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлігі" деген бөлiмде:

мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 415-1, 415-2, 415-3, 415-4, 415-5, 415-6, 415-7, 415-8, 415-9, 415-10, 415-11, 415-12, 415-13, 415-14, 415-15, 415-16, 415-17, 415-18, 415-19, 415-20, 415-21, 415-22, 415-23, 415-24, 415-25, 415-26, 415-27, 415-28, 415-29, 415-30, 415-31-жолдармен толықтырылсын:

"415-1. "Абай атындағы қазақ мемлекеттiк академиялық опера және балет театры" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы

415-2. "М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы

415-3. "М.Лермонтов атындағы мемлекеттiк академиялық орыс драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы

415-4. "Ғ.Мүсiрепов атындағы қазақ мемлекеттiк академиялық балалар мен жасөспiрімдер театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы

415-5. "Н.Сац атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы

415-6. "Республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы

415-7. "Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы

415-8. "Республикалық немiс драма театры" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы

415-9. "Мемлекеттiк қуыршақ театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы

415-10. "Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттiк филармониясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы

415-11. "Қазақконцерт" мемлекеттік гастрольдік-концерттік бiрлестігi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы

415-12. "Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы

415-13. "Қазақстан камератасы" классикалық музыка ансамблi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы

415-14. "Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы

415-15. "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлігi Мәдениет комитетiнің

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы

415-16. "Гүлдер" ансамблi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы

415-17. "Қазақ Мәдениеті мен өнертану ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы

415-18. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы

415-19. "Бiрегей музыкалық шектi аспаптар мемлекеттік коллекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы

415-20. "Қазақстан Республикасының Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы

415-21. "Ықылас атындағы республикалық музыкалық халық аспаптары мұражайы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы

415-22. "Республикалық кiтап мұражайы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы

415-23. "Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсiреповтың мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражай кешенi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы

415-24. "Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламалар дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы

415-25. "Көркемсурет көрмелерi дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы

415-26. "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм"

Ұлттық компаниясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы

415-27. "Ордабасы ұлттық тарихи-мәдени қорығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Оңтүстік Қазақстан облысы

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание