• Менің таңдаулыларым
  • Word –да сақтау
  • Word - та сақтау (альбом бағдарлауы)
  • Word - та сақтау (мазмұнымен)
  • PDF – та сақтау
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің "Сәулет-қала құрылысы қызметін лицензиялайтын мемлекеттік орталық (Мемқұрылыслицензия)" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Құжат демонстрациялық түрде көрсетілген Бағасы: 240 тг/жылы
Назар аударыңыз! Қолданыста жоқ құжат редакциясы Қолданыстағы редакцияны қарау

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
Осы редакция 06.10.2004 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің "Сәулет-қала құрылысы қызметін лицензиялайтын мемлекеттік орталық (Мемқұрылыслицензия)" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 26 қаңтар N 127       
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
1. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Сәулет-қала құрылысы қызметін лицензиялайтын мемлекеттік орталық (Мемқұрылыслицензия)" республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның еншілес кәсіпорындары жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен "Құрылысконсалтинг" ұлттық орталығы" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 
1) Қоғамның жарғысын бекітсін; 
2) Қоғамның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 
3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген іс-шаралар 
орындалғаннан кейін, 2002 жылдың 1-жартыжылдығында Қоғам акциялары 
мемлекеттік пакетінің бір бөлігін оның жарғылық капиталының 49 пайызы 
мөлшерінде сатуды жүзеге асырсын;
     4) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.