• Мое избранное
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің "Сәулет-қала құрылысы қызметін лицензиялайтын мемлекеттік орталық (Мемқұрылыслицензия)" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің "Сәулет-қала құрылысы қызметін лицензиялайтын мемлекеттік орталық (Мемқұрылыслицензия)" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 26 қаңтар N 127

тақырыбы және мәтініне өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.10.2004. № 1029 қаулысымен. (26.01.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Сәулет-қала құрылысы қызметін лицензиялайтын мемлекеттік орталық (Мемқұрылыслицензия)" республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның еншілес кәсіпорындары жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен "Құрылысконсалтинг" ұлттық орталығы" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.  
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:  
1) Қоғамның жарғысын бекітсін;  
2) Қоғамның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;  
3) оның жарғылық капиталының 51 пайызы мөлшерiндегi Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiнiң бiр бөлiгiн сатуды жүзеге асыру; 
4) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын. 
3)-тармақша жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 06.10.2004. № 1029 қаулысымен. (26.01.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
 2002 жылғы 26 қаңтардағы
 N 127 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (16.06.2006 ж. редакцияны қараңыз)
2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405   қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):  
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:  
"Астана қаласы" бөлімі:  
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-26-жолмен толықтырылсын:  
"21-26. "Құрылысконсалтинг" ұлттық орталық" ЖАҚ".  
3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысына:  
көрсетілген қаулыға Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесі:  
мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 264-жолмен толықтырылсын:  
"Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетіне";  
"264. "Құрылысконсалтинг" ұлттық орталығы" ЖАҚ".  
4.   Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.06.2006. № 557 қаулысымен. (06.10.2004 жылғы редакцияны қараңыз)