Toggle Dropdown
Осы редакция 13.03.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Toggle Dropdown
Әскери мүлік айналымының кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 шілдедегі N 687 Қаулысы
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Пайдаланылмайтын әскери мүлікті тапсыру, сату және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) ережесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі бір ай мерзімде осы қаулыны іске асыру үшін тиісті ведомстволық актілерді әзірлесін.
Toggle Dropdown
3. "Қару-жарақ, әскери техника айналымы, қорғаныс объектілері мен басқа да әскери мүліктің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 тамыздағы N 1039 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Toggle Dropdown
тақырыбындағы "Қару-жарақ, әскери техника айналымы, қорғаныс объектілері мен басқа да" деген сөздер алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
кіріспедегі "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуірдегі Заңына сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
1-тармақтағы "пайдаланылмайтын қаруға, әскери техника мен өзге де әскери мүлікке" деген сөздер "қару-жарақтан басқа, пайдаланылмайтын әскери мүлікке" деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
5-тармақтың 1) тармақшасында:
Toggle Dropdown
"өзге де" деген сөздерден кейін "пайдаланылмайтын" деген сөзбен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде пайдаланылмайтын" деген сөздер алынып тасталсын.
Toggle Dropdown
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Toggle Dropdown
1) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қару-жарағын, әскери техникасын, қорғаныс объектілері мен басқа да әскери мүлкін беру, мүліктік жалдауға беру (жалға беру), сату және пайдаға асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қыркүйектегі N 1006 қаулысы;
Toggle Dropdown
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қаңтардағы N 1006 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 қаңтардағы N 70 қаулысы.
Toggle Dropdown
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялауға жатады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 16 шілдедегі
N 687 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Пайдаланылмайтын әскери мүлікті тапсыру, сату және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) ережесі
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Пайдаланылмайтын әскери мүлікті тапсыру, сату және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) ережесі пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру, сату және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) тәртібін реттейді.
Toggle Dropdown
2. Әскери мүлік уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз немесе қорларда сақтаудың кепілді мерзімдерін өткерген болып танылады.
Toggle Dropdown
3. Үкіметтің шешіміне сәйкес Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жабдықтау нормаларынан шығарылған қару-жарақ қару-жарақтан алынған әскери мүлік болып табылады.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару ережесіне сәйкес есептен шығарылған мүлік есептен шығарылған әскери мүлік болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру, сату және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) үшін Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар ағымдағы жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей пайдаланылмайтын әскери мүлік тізбелерін заңнамамен белгіленген негізде және шекте Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы пайдаланылмайтын әскери мүлікке иелік ету құқығын жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) жолдайды.
Toggle Dropdown
6. Уәкілетті орган тізбелерді алғаннан кейін бір ай мерзімде пайдаланылмайтын әскери мүліктің жалпы тізбесін жасайды және оны әскери мүлікке қажеттілікті айқындау үшін Қарулы Күштерге, басқа да әскерлермен әскери құралымдарға жолдайды.
Toggle Dropdown
7. Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар жалпы тізбені алғаннан кейін бір ай мерзімде уәкілетті органға әскери мүлікке қажеттілікке өтінім жолдайды немесе осындай қажеттіліктің жоқтығы туралы бірінші басшының не оны алмастыратын адамның қолымен жазбаша хабарлайды.
Toggle Dropdown
8. Уәкілетті орган Қарулы Күштерден, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан, сондай-ақ мемлекеттік білім беру ұйымдарынан түскен жалпы тізбелерден пайдаланылмайтын әскери мүлікке қажеттілікке өтінімдерді алғаннан кейін осы Ереженің 2-тарауына сәйкес пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру туралы іс-шараларды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
9. Уәкілетті орган Қарулы Күштерден, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан әскери мүлікке қажеттіліктің жоқтығы туралы хабарлама алған жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік білім беру ұйымдарынан өтінім жоқ болған кезде пайдаланылмайтын әскери мүлік осы Ереженің 3-тарауына сәйкес сатуға жатады.
Toggle Dropdown
2. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру тәртібі
Toggle Dropdown
10. Пайдаланылмайтын қару-жарақты беру тек Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
11. Басқа пайдаланылмайтын әскери мүлік уәкілетті орган басшысының шешімі бойынша олар берген өтінімдерге сәйкес Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жедел басқаруына беріледі.
Toggle Dropdown
12. Білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін әскери мүлікке қажеттілік кезінде мемлекеттік білім беру ұйымдары уәкілетті органға ағымдағы жылдың бірінші сәуіріне әскери мүлікке қажеттілікке өтінім береді, оны уәкілетті орган бір ай мерзімде қарайды.
Toggle Dropdown
13. Жалпы тізбеден талап етілмеген пайдаланылмайтын әскери мүлікті Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар әскери-патриоттық тәрбиені арттыру және Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар үшін әскери кадрларды даярлау үшін мемлекеттік білім беру ұйымдарына уақытша өтеусіз пайдалануға беруі мүмкін.
Toggle Dropdown
14. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті (соның ішінде қару-жарақты) беру кезінде тиісті шарт жасалады.
Toggle Dropdown
15. Барлық талап етілмеген әскери мүлік осы Ереженің 3-тарауына сәйкес сатуға жатады.
Toggle Dropdown
3. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті сату тәртібі
Toggle Dropdown
16. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті Қазақстан Республикасының Үкімет уәкілетті еткен ұйым (бұдан әрі - ұйым) жеке және заңды тұлғаларға жекешелендіру объектілері үшін заңнамада белгіленген жекешелендіру тәртібіне және шарттарына сәйкес сатады.
Toggle Dropdown
17. Қару-жарақ уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі комиссия ұсыныстарының негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша сатылады.
Toggle Dropdown
18. Сатылатын мүліктің бағасын анықтау үшін ұйым бағалау қызметі туралы заңнамада белгіленген тәртіппен мүлікті бағалауды жүргізеді.
Toggle Dropdown
19. Пайдаланылмайтын әскери мүлік, оны кәдеге жарату шартымен сатылуы мүмкін.
Toggle Dropdown
20. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті сатудан түскен қаражат республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.
Toggle Dropdown
21. Барлық сатылмаған әскери мүлік осы Ереженің 4-тарауына сәйкес кәдеге жаратуға жатады.
Toggle Dropdown
4. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті кәдеге жарату тәртібі
Toggle Dropdown
22. Кәдеге жаратуға оларды пайдалану мүмкін болмайтын қару-жарақтың барлық түрі жатады.
Toggle Dropdown
23. Кәдеге жарату үшін тізбеде мыналар көрсетіледі:
Toggle Dropdown
1) мүлік типі;
Toggle Dropdown
2) шығарылған жылы;