Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 23 қаулысына толықтыру мен өзгерiстер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 желтоқсандағы N 1270 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 23 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 1, 9-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) көрсетілген қаулымен бекiтiлген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау ережесiнде:
17-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Ұсынылған құжаттар мен материалдарды қарау, сондай-ақ техникалық аудит жүргiзу кезеңiнде заңды және жеке тұлғалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң өздері орындап жүрген түрлерiн жалғастыра беруге құқылы.";
18-тармақ алынып тасталсын;
2) көрсетілген қаулымен бекiтiлген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы жұмыстардың (қызметтер көрсетудiң) лицензияланатын түрлерінің тiзбесi осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 желтоқсандағы N 1270 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметiнің 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 23 қаулысымен бекiтiлген
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы жұмыстардың (қызметтер көрсетудiң) лицензияланатын түрлерiнiң ТIЗБЕСI
1. Құрылысқа арналған іздестіру жұмыстары
1. Инженерлiк-геодезиялық және инженерлiк-геологиялық iздестiрулер:
1) геодезиялық орталықтарды салу және қалау;
2) инженерлік-гидрологиялық жұмыстар;
3) жоспарлы-биіктiк түсiрулер желiлерiн жасау;
4) 1:10000-1:200 масштабтағы топографиялық түсiрулер;
5) жер асты коммуникациялары мен құрылыстарын түсiру, желілік құрылыстар трассаларын жасау және түсiру;
6) инженерлiк-геологиялық әзiрлемелерді, геофизикалық және басқа да iздестiру нүктелерiн бекiту арқылы заттай көрiнiске ауыстырумен байланысты геодезиялық жұмыстар;
7) геофизикалық зерттеулер, алдын ала байқау және түсiріп алу;
8) топырақты далалық зерттеулер, гидрогеологиялық зерттеулер;
9) топырақты, жер асты суларын, негіздер мен іргетастарды зертханалық зерттеулер.
2. Құрылысқа арналған жобалау жұмыстары (сейсмикалық емес аудандарда және/немесе сейсмикалық төзімділігі 7 балл және одан жоғары аудандарда)
2. Қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу:
1) жоспарлау құжаттамасы (елді мекендердiң бас жоспарлары, аудандарды, шағын аудандарды, кварталдар мен жекелеген учаскелерді, тәптiштелген жоспарлау, салу жобалары);
2) көлік схемалары, сыртқы көлiк, көше-жол желiсi;
3) жылумен жабдықтау желiлерiнiң схемалары;
4) сумен жабдықтау желілерінің, кәріз желiлерінің схемалары;
5) газбен жабдықтау желiлерiнiң схемалары;
6) энергиямен жабдықтау желілерінің схемалары;
7) телекоммуникациялар мен байланыс желiлерінің схемалары.
3. Күрделiлiгi I, ІІ, ІІІ деңгейдегi ғимараттар мен құрылыстарды сәулеттік жобалау:
1) объектілердiң бас жоспарлары, жер бедерiн көркейту және ыңғайластыру жобалары;
2) өндiрiстік мақсаттағы объектілер;
3) ғимараттар мен құрылыстарды (тарих және мәдениет ескерткіштерiнен басқа) қайта жаңғыртуды және қалпына келтiрудi қоса алғанда тұрғын үй-азаматтық ғимараттар мен құрылыстар.
4. Құрылыстық жобалау және құрастыру:
1) негiздер мен іргетастар 1 ;
2) бетонды және темір-бетонды, тасты және шегенделген тасты құрастырмалар 1 ;
3) болат және алюминий құрастырмалар 1 ;
4) ағаш құрастырмалар 1 ;
5) ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, құрастырмаларды нығайту.
Ескертпе: - 1 осы жұмыс түрлерінің тармақтары үшiн ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, құрастырмаларды нығайту үшін жобалау құқығы бар.
5. Инженерлiк жүйелер мен желiлердi жобалау:
1) жылыту (электрлікті қоса алғанда), желдету, кондиционер орнату, сумен жабдықтау және кәріз;
2) жылумен жабдықтау;
3) магистральдық газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырлары;
4) төмен қысымды газбен жабдықтау;
5) орташа және жоғары қысымды газбен жабдықтау;
6) салқын ауамен жабдықтау;
7) 0,4 кВ-ға дейiнгі, 10 кВ-ға дейiнгi электрмен жабдықтау, электрлік жарықтандыру;
8) 35 кВ-ға дейiнгi, 110 кВ-ға дейiнгі және одан жоғары электрмен жабдықтау;
9) технологиялық процестердi автоматтандыру;
10) тогы әлсiз құрылғылар.
6. Жобалардың арнайы бөлімдерiн әзiрлеу:
1) еңбекті қорғау;
2) тот басудан қорғау;
3) ғимараттар мен құрылыстарды жаңадан салу, күрделі жөндеу, қайта жаңғырту немесе қайта жабдықтау үшін жобалау кезеңіндегi өрт-күзет дабылы, автоматика, өрт сөндіру мен өрттен қорғау жүйелері;
4) сметалық құжаттама;
5) құрылысты ұйымдастыру жобалары (ҚҰЖ) мен жұмыстар жүргізу жобалары (ЖЖЖ).
7. Технологиялық жобалау:
Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар:
1) мектепке дейiнгi бiлiм беруге, жалпы және арнайы білім беруге, кадрларды даярлауға, ғылыми-зерттеу мекемелеріне, жобалау және қоғамдық ұйымдарға, басқаруға, мәдени-ағарту және ойын-сауық мекемелеріне, сауда (дәрiханаларды қоса алғанда), қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына арналған ғимараттар, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт, демалыс пен туризмге арналған ғимараттар мен құрылыстар, әртүрлi мақсаттағы үй-жайларды қоса алғанда, көп функциялы ғимараттар мен кешендер;
2) денсаулық сақтауға арналған ғимараттар мен құрылыстар (дәрiханаларды қоспағанда);
3) халыққа тiкелей қызмет көрсету мақсатындағы көлiкке арналған ғимараттар мен құрылыстар, коммуналдық шаруашылыққа арналған ғимараттар (өндiрiстiк, қоймалық және көлiк ғимараттары мен құрылыстарынан басқа).
Өндiрiстiк мақсаттағы объектілер:
1) энергетика өнеркәсiбінің кәсіпорындары;
2) мұнай-газ өнеркәсiбінің кәсіпорындары;
3) кен өндiру өнеркәсiбінің кәсіпорындары;
4) қайта өңдеу өнеркәсiбiнiң кәсіпорындары;
5) ауыр машина жасау кәсіпорындары;
6) медицина, микробиология және фармацевтика өнеркәсiбінің кәсіпорындары;
7) бөгеттер, бөгесіндер, басқа да гидротехникалық құрылыстар;
8) мұнара және дiңгек үлгiсiндегi құрылыстар мен құрастырмалар;
9) көтеру құрылыстары;
10) қалаішілік көлiк (жер үстi автомобиль және электрлі, жер асты, жер бетi, аспалы, су) және сыртқы автомобиль, темiр жол, әуе, су көлiгi кәсіпорындары, объектілерi мен коммуникациялары;
11) инженерлік инфрақұрылым кәсіпорындары, объектілерi мен коммуникациялары.
Байланыс объектiлерi мен құрылыстары:
1) жергілiктi байланыс, радио мен телекоммуникация желілері;
2) жалпы республикалық және халықаралық байланыс пен телекоммуникациялар желiлерi.
Ауыл шаруашылығы объектілерi (қайта өңдеу өнеркәсібінiң кәсіпорындарын қоспағанда).
Көлiк құрылысы:
1) темiр жол көлігінің қатынас жолдары;
2) барлық санаттағы автомобиль жолдары;
3) қалалық электрдi көлiктердiң көше-жол желiсi;
4) көпiрлер мен көпiр өткелдерi.
3. Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндiру
8. Сертификатталатындарды қоспағанда, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндiру:
1) желдеткiш, санитарлық-техникалық, электр монтаждық жабдықтар;
2) металдардан, полимерлiк және өндiрiс қалдықтары негiзiндегi композиттiк материалдардан;
3) мұнара-дiңгек үлгiсіндегі элементтер, түтін шығару мұржалары;
4) көпiрлер мен көпір өткелдерінің элементтерi;
5) резервуарлар мен көлемi 5000 м 3 дейінгi сыйымдылықтар;
6) қысыммен жұмыс iстейтін немесе өртену қаупi бар және қоршаған ортаға зиянды материалдарды сақтауға арналған резервуарлар мен сыйымдылықтар;
7) тiреуiш және қоршау элементтері;
8) технологиялық металл құрастырмалар мен олардың тетiктерi.
4. Құрылыс-монтаждау жұмыстары (сейсмикалық емес аудандарда және/немесе сейсмикалық төзiмдiлігі 7 балл және одан жоғары аудандарда)
9. Жер жұмыстары.
10. Ғимараттар мен құрылыстардың күрделілігі I немесе II және III деңгейдегi тiреуiш және қоршау құрастырмаларын тұрғызу:
1) металл құрастырмаларды монтаждау, арматураларды орнату;
2) болат резервуарлар мен 5000 м 3 дейінгi сыйымдылықтарды;
3) қысыммен жұмыс iстейтiн, жарылу қаупi бар және қоршаған орта үшін зиянды материалдарды сақтауға арналған болат резервуарлар мен сыйымдылықтарды монтаждау;
4) мұнара және дiңгек үлгісiндегi құрылыс құрастырмаларын, түтін мұржаларын монтаждау;
5) көпiрлер мен көпiр өткелдерінің тiреуiш құрастырмаларын монтаждау;
6) көтергіш құрылыстардың (лифттердiң, эскалаторлардың, шахта тоқпақтары мен көтергіштерiнiң, аспалы жолдардың және басқалардың) құрылыс құрастырмаларын монтаждау;
7) металлургия, мұнай химиясы, тау-кен, энергетика және басқа да өнеркәсіп салалары агрегаттарының, аппараттары мен басқа да технологиялық ғимараттарының құрылыс құрастырмаларын монтаждау;
8) құйма бетон және темiр-бетон құрастырмаларын орналастыру;
9) негiздер мен iргетастарды орналастыру, қада қағу жұмыстары;
10) құрама бетон және темір-бетон құрастырмаларды, тіреуіш ағаш құрастырмаларды монтаждау, тас, кірпіш, блок қалау және бөлу қалқаларын орналастыру, қоршау құрастырмаларын монтаждау және ойықтарды толтыру;
11) шатырлау жұмыстары.
11. Арнайы құрылыс және монтаждау жұмыстары, топырақтағы арнайы жұмыстар:
1) мұнай құбырлары, газ құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырларының магистральдық желілері;
2) мұнай құбырларының, газ құбырларының кәсіпшілік желiлерi;
3) ұңғымаларды жайластыру;
4) кернеуі 35 кВ дейiнгi электр бeру магистральдық желілері;
5) кернеуi 110 кВ дейiнгі және одан жоғары электр беру магистральдық желілері;
6) тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыс объектілерiн газдандыру;
7) гидротехникалық және селден қорғау құрылыстары, бөгеттер, бөгесiндер;
8) түтін шығару мұржалары, күш тiректерi, градирнялар, шахта үстіндегі тоқпақтар;
9) отқа төзiмдi материалдарды қалау;
10) жарылу-өрт қаупі бар жабдықтарды монтаждау;
11) түстi металдардан, полимерлік материалдардан және шыныдан жасалған технологиялық құбырларды монтаждау;
12) байланыс пен телекоммуникациялардың жалпы республикалық және халықаралық желiлерi;
13) мұнай, мұнай өнімдері мен сұйытылған газдар қоймалары;
14) топырақта бұрғылау және бұрғылау-жару жұмыстары;
15) су асты-техникалық және теңiз қайраңындағы жұмыстар;
16) мелиоративтік және су шаруашылығы құрылысындағы жер жұмыстары;
17) топырақтағы гидромеханикаландырылған жұмыстар;
18) тау-кен ұңғылау мен тоннель қазу жұмыстары, сүзілуге қарсы қалқаларды орналастыру, топырақ қабатын бекiту, жер асты суларының деңгейiн төмендету.
12. Сыртқы инженерлік желiлер мен құрылыстарды және iшкi инженерлiк желілерді орналастыру жөнiндегi жұмыстар:
1) қысыммен жұмыс iстейтiн құбырлар;
2) жылу желілері;
3) төмен қысымды газбен жабдықтау желілері;
4) орта және жоғары қысымды газбен жабдықтау желілерi;
5) сумен жабдықтау және кәріз желiлерi;
6) электрмен жабдықтау желілерi, электрмен жарықтандыруды орнату;
7) темір жол қатынасы жолдарын электрмен жабдықтау желілері, әуе көлiгi кәсіпорындарын электрмен жабдықтау және электрмен жарықтандыру желілері;
8) байланыс, радио, теледидар желілері мен ішкі жүйелері;
9) желдету, ауаны кондициялау, пневмокөлiк және шаң-тозаң тұту;
10) электрмен жабдықтау, электрмен жарықтандыру, электрмен жылыту;
11) жылумен жабдықтау;
12) газбен жабдықтау;
13) сумен жабдықтау, кәріз.
13. Құрастырмалар мен жабдықтарды қорғау жөнiндегi жұмыстар:
1) құрылыс құрастырмаларын су өтпейтiндей етiп қымтау;
2) құбырларды, құрылыс құрастырмалары мен жабдықтарын жылу шығармайтындай етіп қымтау;
3) қаптау мен шегендеу жұмыстары;
4) агрессивті су әсерi кезінде химиялық қорғаныш жабындыны қоса алғанда, құрылыс құрастырмалары мен жабдықтарын, құбырларды тоттанудан сақтау;
5) құбырларды, құрастырмалар мен жабдықтарды электрохимиялық қорғау.
14. Майлау және сырлау жұмыстарын қоспағанда, күрделілігі І немесе II және ІІІ деңгейдегi ғимараттар мен құрылыстардың құрылысын салу, қайта құру, күрделі жөндеу кезiндегi әрлеу жұмыстары.
15. Жол құрылысы жөнiндегi жұмыстар:
1) темiр жол тармақтарына арналған негiздер;
2) темiр жол тармағының үстiңгi қабатын төсеу;
3) жайластырылған және шағын жасанды ғимараттары бар республикалық маңызды автожолдардың негiздерi мен жабыны;
4) жайластырылған және шағын жасанды ғимараттары бар жергiлiктi маңызы бар автожолдардың негiздерi мен жабыны, шаруашылықішілік автожолдардың негiздерi мен жабыны;
5) қалалық жол желiсiнiң негiздерi мен жабыны;
6) әуежайлар ұшу-қону алаңдарының және тікұшақтар алаңдарының негiздерi мен жабыны.
16. Технологиялық жабдықтарды (iске қосу-оңдау жұмыстарын қоса алғанда) монтаждау:
1) көтергіш-көлiктік, лифтiлер;
2) металл өңдеу;
3) ағаш өңдеу;
4) металлургиялық, ұсақтау-уату, кен байыту және агломерациялық;
5) мұнай кәсiпшілігі, газ кәсiпшілігі;
6) геологиялық барлау, бұрғылау;
7) тау-шахта метрополитендер мен тоннельдер;
8) жарылыстан қорғалған электротехникалық жабдықтар;
9) бақылау, аварияға қарсы қорғау және дабыл аппаратурасы мен жүйелерi;
10) компрессор машиналары, сорғылар мен желдеткіштер;
11) темiр жол көлiгіндегi байланыс, дабыл, орталықтандыру және блоктау құрылғылары мен жабдықтары;
12) газдарды тазалау;
13) технологиялық металл құрастырмалары, құбырлар;
14) электротехникалық қондырғылар мен жабдықтар, электр пештері;
15) қазандық қондырғылар, жылулық-күштік және көмекшi жабдық;
16) өндiрiстiк және тұрмыстық мақсаттағы бақылау мен eceпкe алу аспаптары;
17) химия және мұнай өңдеу өнеркәсiбінің кәсіпорындары;
18) көмiр өнеркәсiбінің кәсіпорындары;
19) гидроэлектр станциялары мен гидротехникалық құрылыстар;
20) жылу электр станциялары;
21) байланыс кәсiпорындары;
22) құрылыс материалдары өнеркәсібінің кәсіпорындары;
23) жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары;
24) театр-ойын-сауық ғимараттары мен құрылыстары;
25) астық өңдеу жөніндегi, тамақ өнеркәсiбi кәсіпорындары және астық қоймалары.
17. Күрделілігі I немесе II және ІІІ деңгейдегi ғимараттар мен құрылыстардың құрастырмаларын күшейтудi қоса алғанда, күрделі жөндеу және қайта құру:
1) ғимараттар мен құрылыстардың тiреуiш және қоршау құрастырмалары (eceптеу схемасын өзгертпей);
2) шатыр жабындылары мен құрастырмалары;
3) сыртқы және ішкі инженерлiк желiлер (газбен жабдықтаудан басқа);
4) газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырлары, бу құбырлары, ауа құбырлары және басқа да стационарлық тасымалдау құрылғыларының желілері;
5) құрастырмалар мен жабдықтардың (қаптау, шегендеу, оқшаулау, тоттануға қарсы, химиялық және т.б.) қорғау жабындары;
6) республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары, шаруашылықішілік және қалалық көше-жол желiлерi;
7) темiр жолдар;
8) тоннельдері;
9) гидротехникалық және гидромелиоративтік құрылыстар;
10) лифтілердi, көтергіш көлiк құрылғылары мен құрылыстарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
11) көпiрлер мен көпір өткелдерінің элементтері.
5. Сараптама жұмыстары
18. Құрылысқа арналған жұмыстарды орындау кезіндегі инжинирингтік қызметтер көрсету:
1) құрылыс процесіне технологиялық сүйемелдеу жүргізу әдiсімен және мамандандырылған зертханалар арқылы жұмыстар мен қызмет көрсетулер рыногының субъектілерi жүзеге асыратын құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын бақылау және құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндiру жөнiндегi инженерлiк қызмет;
2) жұмысшы кадрлар мен мамандарды аттестаттау;
3) лицензия алуға ниет білдiруші заңды және жеке тұлғалардың өндiрiстiк-техникалық базасын және біліктiлiк талаптарға сәйкестiгiн тексере отырып, техникалық аудит пен лицензиаттар (лицензия алуға талапкерлер) ұсынатын материалдардың (құжаттардың) сараптамасы;
4) жобаларды мемлекеттiк сараптаудың ерекше құзыретiне жатпайтын жұмыстар мен қызмет көрсету рыногының субъектiлерi орындайтын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының бөлімдерiне сараптама;
5) ғимараттардың (құрылыстардың) және инженерлiк жүйелер мен коммуникациялардың техникалық жай-күйiн тексерудi қоса алғанда, қазiргi ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс iстеу сенiмділігiн әрi берiктігін бағалау.
Ескертпелер:
1) лицензиат (лицензия алуға талапкердiң) растаған біліктiлік талаптарына байланысты лицензиар ғимараттардың, құрылыстар мен құрастырмалардың сейсмикалық аудандастырылуы және күрделілiк деңгейлерi бойынша шектеулер белгiлей алады;
2) лицензия берген кезде лицензияға қоса берiлетiн тiзбеде рұқсат етiлген жұмыс түрiнiң толықтығы нақтыланады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |