Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 Қаулысы
Осы редакция 21.06.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 37-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1)Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидалары;
2) Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттары бекітілсін.
2. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 13 қаңтардағы
№ 45 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) еңбек жөніндегі уәкілетті орган – еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;
2) жұмыс беруші – қызметкермен еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
3) маусымдық шетелдік қызметкер – климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс беруші жұмысқа тартатын көшіп келуші;
4) уәкiлеттi орган – өңірлік деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;
5) шетелдік жұмыс күші – жұмысқа өз бетінше орналасатын, сондай-ақ корпоративтік ауысу шеңберінде уақытша ауыстырылатын, маусымдық шетелдік қызметкерлерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
6) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартылатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын белгілейтін шетелдік жұмыс күшінің саны;
7) шетелдік қызметкер – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген немесе жұмыс беруші тартатын көшіп келуші;
8) шығу елі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдік азаматы болып табылатын ел.
2. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу тәртібі
3. Алдағы жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота экономикалық тұрғыдан белсенді халық санына пайыздық қатынаспен белгіленеді және (немесе) еңбек нарығындағы сұраныс жағдайының алдағы жылға арналған болжамына сәйкес басым жобалар бойынша және (немесе) шығу елдері бойынша абсолюттік мәнде белгіленеді.
4. Басым жобалар бойынша квота қажеттіліктің туындауына қарай абсолюттік мәнде белгіленеді.
5. Әрбір басым жоба бойынша квота жеке белгіленеді және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдарды қоса алғанда, басым жобаларды іске асыруды жүзеге асыратын ұйымдарға қажетті шетелдік қызметкерлердің ең көп саны, сондай-ақ жобаны іске асыру мерзімі мен орны айқындалады.
6. Шетелдік жұмыс күшінің шығу елдері бойынша квота Қазақстан Республикасы ратификациялаған Еңбек көші-қоны және еңбекші көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған жағдайда маусымдық жұмыстарға шетелдік қызметкерлерді тарту үшін еңбек нарығындағы сұраныс жағдайының алдағы жылға арналған болжамына сәйкес белгіленеді.
7. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру жұмыс берушілердің жыл сайын бірінші қыркүйекке дейінгі мерзімде осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес санаттар, кәсіптер, мамандықтар, іске асырылатын жобалар бөлінісінде шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыруы жоспарланған тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкілетті органына жіберілген алдағы жылға арналған өтінімдерінің негізінде жүзеге асырылады.
8. Уәкілетті орган ішкі еңбек нарығын талдау және жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде жұмыс берушілердің алдағы жылы шетелдік жұмыс күшін тарту негіздемесін осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті органға жыл сайын бірінші қазанға дейінгі мерзімде ұсынады.
9. Мүдделі мемлекеттік органдар тиісті негіздемесімен қоса, шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған ұсыныстарын еңбек жөніндегі уәкілетті органға жыл сайын бірінші қазанға дейінгі мерзімде енгізе алады.
10. Еңбек жөніндегі уәкілетті орган уәкілетті органдар мен мүдделі мемлекеттік органдардан келіп түскен ұсыныстар негізінде алдағы жылға арналған квотаны белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын бірінші желтоқсанға дейін енгізеді.
11. Еңбек жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаның жыл сайынғы мөлшерін белгілеу туралы шешім қабылдағаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті және мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып, квотаны санаттары бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында бөледі және оны бөлгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей квотаны бөлу туралы ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсына орналастырады.
12. Жұмыс берушілердің ұсыныстары негізінде уәкілетті орган не мүдделі мемлекеттік органдар қажеттілігіне қарай еңбек жөніндегі уәкілетті органға ағымдағы жылға арналған квотаны көбейту туралы ұсыныс енгізе алады.
13. Еңбек жөніндегі уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік не уәкілетті органдардың ұсыныстары негізінде бекітілген квотаны облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген квота шегінде қайта бөлуді жүзеге асыра алады.
Қазақстан Республикасына
шетелдік жұмыс күшін
тартуға арналған квотаны
белгілеу қағидаларына
1-қосымша
____________________________
____________________________
(облыстың, Астана, Алматы
қалаларының атауы)
жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасына
Кімнен ______________________________________________________________
(заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы, заңды мекенжайы)
20____ жылға арналған
шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінім
Р/с № | Қызмет түрі | Ағымдағы жылы тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны (бірл.) | 20 __ арналған шетелдік жұмыс күшіне деген қажеттілік | Жобалар, келісімшарттар, жоспарлар болған кезде оларды көрсете отырып, қажеттілік негіздемесі |
Барлығы: | Санаттар, лауазымдар, кәсіптер бойынша |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
(ұйым басшысы не жеке тұлға): ___________________________________
(қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)
Қазақстан Республикасына
шетелдік жұмыс күшін
тартуға арналған квотаны
белгілеу қағидаларына
2-қосымша
Жұмыс берушінің _______ жылға
шетелдік жұмыс күшін тартуының негіздемесі
Р/с № | Ұйым (толық атауы, заңды мекен-жайы ) | Қызмет түрі | Ағымдағы жылы тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны (бірлік) | 20 __ жылы шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігі | Жобалар, келісімшарттар, жоспарлар болған кезде оларды көрсете отырып, қажеттілік негіздемесі |
Барлығы: | Санаттар, қызметтер, кәсіптер бөлінісінде |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |