• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

2010 - 2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 924 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2010 - 2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасы (бұдан әрі — Бағдарлама) бекітілсін.
2. Осы Бағдарламаны іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде есепті жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей жарты жылдық қорытындылары бойынша және есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы жедел есептілікті ұсынып отырсын.
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі есепті жылдың 1 тамызынан кешіктірмей жарты жылдық қорытындылары бойынша және есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы жедел есептілікті ұсынып отырсын.
4. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі есепті жылдың 15 тамызынан кешіктірмей жарты жылдық қорытындылары бойынша және есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарлама мониторингі бойынша жалпы есепті ұсынып отырсын.
5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Е.Шөкеевке жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 10 қыркүйектегі
 № 924 қаулысымен
 бекітілген
2010 - 2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасы 1. Бағдарламаның паспорты
Атауы                        2010 - 2014 жылдарға арналған «Жасыл                               даму» салалық бағдарламасы
Әзірлеуге негіздеме          «Қазақстан Республикасының 2020 жылға                               дейінгі Стратегиялық даму жоспары                               туралы» Қазақстан Республикасы
Бағдарламаны                 Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны  әзірлеуге және іске          қорғау министрлігі  асыруға жауапты  мемлекеттік орган
Мақсаты                      Табиғи экожүйелерді сақтау және қалпына                               келтіру бойынша жағдай жасау
Міндеттері                   «Жасыл экономиканы» дамыту; қоршаған                               ортаның құрамдауыштары мен денсаулыққа                               антропогендік әсер етуді төмендету;
                      табиғи экожүйелерді сақтау және қалпына                               келтіру; қоршаған ортаның сапасын                               басқару жүйесін дамыту және жетілдіру
Нысаналы индикаторлар        Кешенді экологиялық рұқсаттарға                               енгізілген ресурс үнемдеу көрсеткіштері
                      Атмосфераға зиянды заттар                               шығарындыларының төмендеу пайызы 2009                               жылмен салыстырғанда 2014 жылға кемінде
                      2014 жылға қалдықтардың түзілуіне оларды                               қайта өңдеу үлесі 21,9 %-ды құрайы.
                      Парниктік газдардың шығарындылары                               көлемінің өзгеру серпіні 2014 жылға 1992                               жылға қарағанда төмендеуі 1 %-ды                               құрайды.
                      Шөлейттенген және жұтаңдаған жерлер                               алаңының өзгеру серпіні 2014 жылға 0,05                               га құрайды.
                      Сирек кездесетін және жойылу                               қаупі бар жабайы тұяқты жануарлар                               түрінің санын мекендейтін аймақтарында                               ұлғайту 2014 жылға:
                      Табиғи су айдындары мен су қоймаларына                               бағалы кәсіптік балықтардың өмірге                               төзімді жас балықтарын шығару 2014 жылға
                      Орман отырғызу көлемін ұлғайту 2014                               жылға 65,0 мың га құрайды.
                      Гидрометеорологиялық қауіпті және дүлей                               құбылыстар туралы дауыл лерінің                               алдын ала уақыттылығын арттыру 2014                               жылға 72 сағатты құрайды.