1. Қоса беріліп отырған Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесі бекітілсін.
Отправить по почте
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2009 жылғы 27 наурыздағы N 4 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 24 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5643 болып енгізілді.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 141-бабының 19) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2006 жылғы 8 қыркүйектегі N 57 қаулысының (2006 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4415 болып енгізілді);
2) "Республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2006 жылғы 8 қыркүйектегі N 57 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы N 1 қаулысының (2008 жылғы 5 ақпанда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5124 болып енгізілді) күші жойылды деп танылсын.
3. Есеп комитетінің аппарат басшысы Сыздықов Е.Қ. бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға О. Өксікбаев
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2009 жылғы 27 наурыздағы N 4 қаулысымен бекітілген
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 141-бабының 19) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы N 917 Жарлығымен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережеге, Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына (бұдан әрі – Стандарттар) сәйкес әзірленген.
2. Ереже сыртқы бақылауды жоспарлау, жүргізу, оның нәтижелерін ресімдеу, оның қорытындысы бойынша шешім шығару және тексерудің қорытындысы бойынша бақылау материалдарының сапасына талдау жүргізу, оларды есепке алу, олардың есептілігі, орындалуын бақылау тәртібін айқындайды.
3. Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды (бұдан әрі – бақылау) бюджеттің тиісті деңгейіне қарай мемлекеттік басқарудың республикалық және жергілікті деңгейінде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) мен жергілікті бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган (бұдан әрі – бақылау органы) жүзеге асырады.
4. Бақылау қаржылық бұзушылықтарды анықтау, жою және олардың алдын алу мақсатында республикалық бюджеттің, мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік (салалық және өңірлік бағдарламалардың іске асырылуын бақылау олардың іске асырылу мерзімі аяқталғанға дейін жүргізіледі) және бюджеттік бағдарламалардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының атқарылуын, бюджет процесіне қатысушылардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, сондай-ақ бюджет қаражатын алушылардың, байланысты гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, бюджеттік инвестицияларды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – бақылау объектілері) Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңдарын сақтауын мониторингі жүргізу, салыстыру, тексеру, бағалау және талдау жүйесін білдіреді.
Бұл ретте квазимемлекеттік сектор субъектілері деп ұлттық холдингтерді, ұлттық компанияларды, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды, басқа да акционерлік қоғамдарды, мемлекеттік кәсіпорындар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді қамтитын жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұйымдар ұғынылады.
5. Бақылау жүргізуге тартылған Есеп комитетінің төрағасы мен мүшелері, жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың басшылары, Есеп комитетінің, жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың аппараттарының қызметкерлері, мемлекеттік органдардың, аудиторлық ұйымдардың мамандары және сарапшылар осы Ережені басшылыққа алады.
2. Бақылаудың үлгілері мен түрлері
6. Бақылау үлгілері:
1) сәйкестікке бақылау жасау – бақылау объектісі қызметінің Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалау;
2) қаржылық есептілікті бақылау – бақылау объектісінің қаржылық есептілікті жасауының және табыс етуінің анықтығын, негізділігін және уақтылығын бағалау;
3) тиімділікті бақылау – сәйкестікке және қаржылық есептілікті бақылау негізінде жүргізілетін бағалау, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізілуін, мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктері мен активтерін пайдалануды бағалау, сондай-ақ мемлекеттік орган және квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің экономиканың, әлеуметтік саланың немесе жеке алғанда мемлекеттік басқару саласының (аясының) дамуына тигізетін әсерін кешенді және объективті талдау.
7. Бақылау түрлері:
1) кешенді бақылау – бақылау объектілерінің нақты кезеңдегі қызметін барлық мәселелер бойынша тексеру және бағалау;
2) тақырыптық бақылау – бақылау объектісінің нақты кезеңдегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша тексеру және бағалау;
3) үстеме бақылау – тексеріліп отырған мәселе шеңберінде бақылаудың негізгі объектісімен өзара қатынастар мәселелері бойынша ғана жүргізілетін үшінші тұлғалардың бақылауы;
4) бірлескен бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау органдары басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізетін бақылау.
3. Бақылау туралы жалпы мәліметтер
8. Бақылау кезінде мынадай:
1) тәуелсіздік;
2) объективтілік;
3) анықтық;
4) ашықтық;
5) құзыреттілік;
6) жариялылық принциптері басшылыққа алынады.
9. Бақылау органының стратегиялық, операциялық және тоқсандық жоспарлары негізінде бақылау жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары және Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының сауалдары келіп түскен кезде Есеп комитетінің операциялық және тоқсандық жұмыс жоспарларына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу негізінде бақылау жүргізіледі.
Жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың операциялық және тоқсандық жұмыс жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу облыстық мәслихаттар, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаттары депутаттарының сауалдары келіп түскен кезде жүргізіледі.
10. Бақылау органының стратегиялық, операциялық жоспарлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ал тоқсандық жұмыс жоспарлары бақылау органының ішкі регламентіне сәйкес әзірленіп, бекітіледі.
11. Бақылау органы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген өкілеттігі шегінде бақылауды жүзеге асырады.
12. Бақылау іс-шарасын жалпы ұйымдастыруды оны жүргізуге жауапты лауазымды тұлға жүзеге асырады.
13. Бақылау органдары мемлекеттік органдармен, басқа бақылау органдарымен, сондай-ақ шет елдердің қаржылық бақылау органдарымен бірлескен бақылау іс-шараларын жүргізе алады.
14. Бақылау жүргізу кезінде Есеп комитеті жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың, Қазақстан Республикасы Үкіметінің ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органының, сондай-ақ облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтерінің (бұдан әрі – ішкі бақылау қызметтері) Стандарттарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
15. Бақылау рәсімі жоспарлаудан, жүргізуден, оның қорытындысы бойынша қабылданған нәтижелерін ресімдеуден тұрады.
4. Бақылауды жоспарлау тәртібі
16. Жоспарлау бақылаудың бастапқы кезеңі болып табылады, осы кезеңде тексеруге жататын бақылау объектісінің жұмыс істеуінің және қызметінің аспектілерін, бағдарламалардың іске асырылуын және сыртқы мемлекеттік бақылау органдарының құзыретіне кіретін (бақылау үлгісі мен түрін, бақылау объектісін, бақылау қамтитын кезеңді, бюджет қаражатының, түсімдердің, байланысты гранттардың, мемлекет активтерінің, бюджеттік инвестициялардың көлемін, бақылау жүргізу мерзімін, бақылау объектілерінің санын таңдау, тәуекелдерді басқаруды ескере отырып еңбекті қажетсінуі және толыққанды бақылауды жүзеге асыруға қажетті басқа да ресурстар) басқа да мәселелерді зерделеу жүргізіледі.
17. Бақылауды жоспарлау кезінде кешенділік, үздіксіздік, оңтайлылық, атаулылық өлшемдерін басшылыққа алу қажет:
1) жоспарлау кешенділігі – бақылау объектісін бастапқы зерделеуден бастап, бақылау бағдарламасын жасағанға дейінгі жоспарлаудың барлық кезеңдерінің өзара байланыстылығы мен келісе жүргізілуі;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |