• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Екінші деңгейдегі банктердің және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 24.08.2009 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Екінші деңгейдегі банктердің және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 24 желтоқсан N 152 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 22 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5109 болып енгізілді
#$Қолданушылардың назарына
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз
Екінші деңгейдегі банктердің және»"Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының бухгалтерлік есебін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің және»"Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.): 
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын; 
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне,»"Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, екінші деңгейдегі банктерге және»"Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамына жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары  Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.
Ұлттық Банк 
Төрағасы           Қазақстан Республикасының   
 Ұлттық Банкі Басқармасының  
 2007 жылғы 24 желтоқсандағы 
                                        N 152 қаулысымен бекітілген
Екінші деңгейдегі банктердің және»"Қазақстан Даму банкі" акционерлік қоғамының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), Қазақстан Республикасының»"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы " 1995 жылғы 30 наурыздағы, " Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңдарына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1973 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық ұйымдардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын  бекіту туралы" 2002 жылғы 30 шілдедегі N 275 қаулысына, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің және»"Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - банктер) бухгалтерлік есеп жүргізуін нақтылайды.
2. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады: 
1) борыштық бағалы қағаздар - заем қатынасын куәландыратын қаржы құралдары; 
2) кредиттік дериватив - активті жеке сатуды қолдамай, актив бойынша кредиттік тәуекелді бір тараптан (бенефициардан) басқа тарапқа (гарантқа) ауыстыруға мүмкіндік беретін қаржы құралы; 
3) кредиттік-дефолт свопы - екіжақты қаржы құралы, мұнда бірінші тарап (кредиттік-дефолт свопы мәмілесі бойынша сатып алушы) кезеңдік төлемдерді басқа тарапқа (кредиттік-дефолт свопы мәмілесі бойынша сатушыға) кредиттік жағдайдың басталуына негізделген төлемге айырбас ретінде жүргізеді; 
4) үлестік бағалы қағаздар - ұйымның таза активтеріндегі  (міндеттемелер шегерілген активтер) үлесіне құқығын куәландыратын бағалы қағаздар. Осы Нұсқаулықтың мақсаты бойынша борыштық бағалы қағаздарға акциялар, акцияларға арналған депозитарлық қолхаттар, пайлық инвестициялық қорлардың пайлары және халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес борыштық бағалы қағаздардың айқындамасына кіретін басқа да бағалы қағаздар жатады.
3. Банктер жасайтын операциялардың бухгалтерлік есебі халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының және осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Осы Нұсқаулықта халықаралық қаржылық есептілік талаптарына сәйкес мәміле жасау күнгі және мәміле бойынша есеп айырысу күнгі қаржы активтерін сатып алудың және сатудың үлгі мәмілелерін есепке алу әдістері қолданылады. Осы тармақта көрсетілген қаржы активтерін сатып алудың және сатудың үлгі мәмілелерін есепке алу әдістерінің бірін таңдау банктің есеп саясатында айқындалады.
5. Банктің бухгалтерлік есебін жүргізуді реттейтін ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен»"Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына қайшы келмейтін бөлігінде банкішілік транзиттік шоттарды пайдалануға және қосымша бухгалтерлік жазбалар жасауға рұқсат етіледі
2-тарау. Активтерді және шетел валютасындағы міндеттемелерді және тазартылған қымбат металдарды қайта бағалау бойынша операциялардың бухгалтерлік есебі
6. Активтерді және шетел валютасындағы міндеттемелерді қайта бағалау банктің есеп саясатында белгіленген кезеңділікпен және тәртіпте жүзеге асырылады.
7. Шетел валютасындағы активтерді қайта бағалау кезінде тиісті шоттардың дебеті (бұдан әрі - Дт) және кредиті (бұдан әрі - Кт) бойынша мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады: оң бағамдық айырма сомасына: 
Дт 1051 "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі                  корреспонденттік шот" 
  1052 "Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар" 
  1201 "Саудаға арналған бағалы қағаздар" 
  1452 "Сатуға арналған  қолда бар бағалы қағаздар" 
  1481 "Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар" 
  2010 "Корреспонденттік шоттар" 
Кт 2858 "Шетел валютасы бойынша ұзақ валюталық позиция",         сонымен бір мезгілде: 
Дт 1859 "Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны                  (валюталық ұзақ позицияның)" 
Кт 4703 "Шетел валютасын қайта бағалаудан іске асырылмаған                  кіріс"; 
теріс бағамдық айырма сомасына: 
Дт 1858 "Шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позиция" 
Кт 1051 "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі            корреспонденттік шот" 
  1052 "Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар" 
  1201 "Саудаға арналған бағалы қағаздар" 
  1452 "Сатуға арналған  қолда бар бағалы қағаздар" 
  1481 "Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар" 
  2010 "Корреспонденттік шоттар",         сонымен бір мезгілде: 
Дт 5703 "Шетел валютасын қайта бағалаудан іске асырылмаған                  шығыс" 
Кт 2859 "Шетел валютасының теңгемен қарсы құны (қысқа                  валюталық позиция)",         шетел валютасындағы міндеттемелерді қайта бағалау кезінде: 
1) оң бағамдық айырма сомасына: 
Дт 1859 "Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны                 (валюталық ұзақ позицияның)" 
Кт 4703 "Шетел валютасын қайта бағалаудан іске асырылмаған                  кіріс"; 
2) теріс бағамдық айырма сомасына: 
Дт 5703 "Шетел валютасын қайта бағалаудан іске асырылмаған                  шығыс" 
Кт 2859 "Шетел валютасының теңгемен қарсы құны (қысқа                  валюталық позиция)".