• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және жергілікті атқарушы органдар көрсететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 тамыздағы № 1033 Қаулысы

Осы редакция 29.12.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Озон қабатын бұзатын заттарды және құрамында сондай заттар бар өнімдерді экспорттауға және импорттауға лицензия беру, лицензия телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызмет көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
4) «І санат объектілері үшін экологиялық рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
5) «ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
6) «Қауіпті қалдықтар паспорттарын тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
7) «І санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
8) «II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 8 тамыздағы
 № 1033 қаулысымен
 бекітілген
«Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар
 жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар
 жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге
 рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мына мекенжайда: 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Орынбор көшесі, № 8 үй, № 14 кіреберісте орналасқан Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің  314-бабының 1-тармағына, «Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 маусымдағы № 508  қаулысына (бұдан әрі – Ереже) сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат уәкілетті органның www.ecokomitet.kz интернет-ресурсында және уәкілетті органның үй-жайында орналасқан стенділерде орналастырылады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру, қайта ресімдеу немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Уәкілетті органда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) рұқсат беру он жұмыс күні ішінде, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
2) мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды;
3) жүгінген күні тұтынушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды.
8. Осы мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.
9. Құжаттарды қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Алдын ала жазылу және қызмет көрсетуді жеделдету қарастырылмаған.
10. Мемлекеттік қызмет мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдай жасалған (пандустар) уәкілетті органның ғимаратында жүзеге көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттар тізбесін ұсынады:
1) рұқсат беру үшін:
осы стандартқа  1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат алуға өтінім;
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің, жарғысының немесе заңды тұлғаны құрусыз әрекет ететін дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмелері;
салық төлеуші куәлігінің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
озон қабатын бұзатын заттарды қайта өңдеу және өндіріп алу жөніндегі жабдықтың техникалық паспорты;
өндірістік-техникалық базаның бар болуын және меншік немесе жалға алу құқығымен пайдалануды растайтын құжаттар;
құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар өнімдерді сақтауға арналған қоймалар, үй-жайлар және ыдыстар;
жабдықты пайдалануды, оған техникалық қызмет көрсетуді, озон қабатын бұзатын заттардың есебін жүргізуді және тасымалдауды қамтамасыз ететін қызметтер;
міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
өтініш берушінің штатында кемінде екі инженерлік-техникалық қызметкердің – тиісті жоғары білімі және мамандығы бойынша үш жылдан кем емес еңбек өтілі немесе тиісті орташа арнайы білімі және мамандығы бойынша бес жылдан кем емес еңбек өтілі бар жауапты орындаушылардың бар болуын растайтын құжаттар;
озон қабатын бұзатын заттармен жұмыс істеу бойынша қызметкерлердің кәсіби дайындығын растайтын құжаттар.
2) рұқсатты қайта ресімдеу үшін:
рұқсат алуға еркін нысандағы өтінім;
жеке тұлға үшін - тегінің, атының, әкесінің атының өзгеруін растайтын құжат;
заңды тұлға үшін - заңды тұлға атауының өзгеруін растайтын, заңды тұлғаның бірігу, қосылу, бөліну немесе қайта құрылу нысанында қайта ұйымдастырылуын растайтын құжат.
12. Уәкілетті органда мемлекеттік қызметті алу үшін бекітілген нысандағы өтініш бланкілері www.ecokomitet.kz интернет-ресурсына орналастырылады.