• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Бюджеттік мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Бюджеттік мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 ақпандағы N 68 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 3 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5574 болып енгізілді.

Осы редакция 28.07.2010 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 112, 113-баптарына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:  
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік мониторинг жүргізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін. 
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау және оның әдіснамасы департаменті (Қалиева А.Н.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 
3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және жергілікті атқарушы органдар бюджеттік мониторинг жүргізген кезде осы Ережені басшылыққа алсын. 
4. "Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалық есепті жасау және табыс ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 24 шілдедегі N 263 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 17 тамыздағы N 4881 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ақпараттық технологиялар департаменті (Күнтубаев Д.Ж.) 2009 жылғы 17 сәуірдегі мерзімге дейін осы Ереженің қосымшаларын ескере отырып, "Бюджеттік процесс мониторингі" бағдарламалық қамтамасыз етуін пысықтасын және оның бюджеттік мониторинг жүргізу үшін республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінде орнатылуын қамтамасыз етсін. 
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр                                             Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2009 жылғы 16 ақпандағы
 N 68 бұйрығымен
 бекітілген
Бюджеттік мониторинг жүргізу ережесі 
1. Жалпы ережелер 
1. Осы Бюджеттік мониторинг жүргізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 112, 113-баптарына сәйкес әзірленген. 
Бюджеттік мониторинг - міндеттемелердің уақтылы қабылданбау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің уақтылы жүргізілмеу себептерін анықтау, бюджет түсімдері мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасау мақсатында жүзеге асырылатын бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында айқындалған нәтиженің көрсеткіштері бойынша деректерді тұрақты және жүйелі жинау, бақылап отыру және талдау. 
Бюджеттік мониторингті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар жүзеге асырады.
2. Мақсаты мен міндеттері 
2. Осы Ереженің әзірлену мақсаты республикалық және жергілікті бюджеттерді тиімді атқару мақсатында бюджет қаражатын пайдалану жөніндегі мониторинг рәсімдерін жүйелеу, сондай-ақ бюджет түсімдерінің құрылымы бойынша бюджет кірістерінің атқарылуын қадағалап отыру (салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер, трансферттердің түсуі). 
3. Кірістердің атқарылуы кезінде және бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру кезінде бюджеттік мониторинг міндеттері: 
кірістердің атқарылуын талдау; 
жоспарлық және іс жүзіндегі көлемдерді салыстыра отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатын игеруін талдау; 
төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына (бұдан әрі – төлемдер бойынша жоспар) сәйкес төлемдердің уақтылы жүргізілмеу және міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына (бұдан әрі - міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспары) сәйкес міндеттемелердің уақтылы қабылданбау себептерін анықтау болып табылады.
3. Бюджеттің атқарылуын талдау 
$ 1 Бюджеттің кіріс бөлігінің атқарылуын талдау 
4. Бюджет кірістерінің атқарылуын талдау объектілері бюджетке түсетін түсімдердің түрлері: салықтық түсімдер; салықтық емес түсімдер; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер; тиісті қаржы жылына арналған бюджет түсімдерінде көзделген ресми трансферттер түсімдері болып табылады. 
5. Бюджет кірістерінің атқарылуын талдау субъектілері бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган, өндіріп алуға жауапты және олардың түсуіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар болып табылады. 
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы бойынша талдау жүргізеді. 
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар облыстың, атап айтқанда облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің атқарылуы бойынша талдауды, сондай-ақ бюджеттің төмен тұрған деңгейіне бөлінген нысаналы трансферттердің пайдаланылуын жүзеге асырады. 
Бюджеттік мониторинг бюджеттің атқарылуына талдау жүргізу функциясына кіретін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың құрылымдық бөлімшелері алған ақпараттың негізінде жүзеге асырылады. 
6. Бюджеттің кіріс бөлігін талдау кезінде пайдаланылатын негізгі құраушы база бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қалыптастыратын есепті деректердің айлық көлемі және Қазақстан Республикасының салықтық және кедендік заңнамаларға сәйкес салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар және салықтық емес түсімдерді, негізгі капиталды сатып алудан түсетін түсімдерді, трансферттерді қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша есептіден кейінгі айдың 10-на дейінгі мерзімде өндіріп алуға жауапты уәкілетті органдар ұсынатын түсімдердің тиісті түрлерін орындамау немесе асыра орындау себептері болып табылады. 
7. Алдыңғымен салыстырғанда ағымдағы айдағы республикалық және жергілікті (облыстық бюджеттердің (республикалық маңызы бар қала, астана) бюджеттер түсімдерінің санаттары бойынша кірістер түсімдерінің өсу немесе төмендеу себептерін талдау осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес І, ІІ, ІІІ нысандар бойынша жасалады. 
Көрсетілген ереженің І нысанында республикалық бюджет түсімдерінің санаттары бойынша өткен аймен салыстырғанда есепті ай деректерінің ауытқулары және өсу немесе төмендеу қарқыны пайызбен көрсетіледі. 
ІІ нысан бойынша республикалық және жергілікті (облыстық бюджеттердің (республикалық маңызы бар қала, астана) бюджеттерінің салық және төлемдерінің негізгі түрлері бойынша төмендеу себептері көрсетіле отырып, өткен аймен салыстырғанда есепті айдағы түсімдердің төмендеуі байқалатын ерекшеліктер көрсетіледі. 
ІІІ нысан ол бойынша есепті айда жоспарланбаған сипаттағы біржолғы түсімдер байқалған ерекшеліктерді көрсетеді. Салықтар және төлемдер түрлері бойынша өсу немесе төмендеу себептері бойынша түсіндірмелерде көрсетілген кезеңдер бойынша түсімдердің күрт түсуіне немесе өсуіне әсер еткен факторлар көрсетіледі. 
8. Мемлекеттік, республикалық және жергілікті (облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) бюджеті), аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне салық және төлем түрлері бойынша жыл басынан бастап асыра орындалу немесе орындалмау себептерін талдау осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады. 
9. Талдауда республикалық бюджет бойынша өңірлер есебінен жоспарды орындамау немесе асыра орындау қалыптасқан олар бойынша жыл басынан түсімдер болжамын орындаудың және орындамаудың себептері былай анықталады: 
болжамды орындамау – 90%-дан төмен, 
болжамды асыра орындау – 110%-дан артық. 
ұйымдардың салық төлеудегі өзгерістерінің нақты себептерін: өндірудің, өндірістің, тауар айналымының өсуін, экспортқа сатуды, амортизациялық аударымдар нормасының өзгеруін, еңбекақы төлеу қорының өсуін, қызметкерлер санының және жалақының өзгеруін, сондай-ақ абсолюттік немесе пайыздық цифрларының өзгеруін, салықтық заңнама өзгерістерінің әсерін сандармен көрсете отырып, басқа факторларды көрсету қажет. 
10. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ағымдағы жылдың есепті кезеңінде мемлекеттік, республикалық және жергілікті (облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) бюджеті) бюджеттерге төленетін салықтар мен төлемдер түрлері бойынша кірістер түсімдерін талдау осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады. 
11. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ағымдағы жылдың есепті кезеңінде мемлекеттік, республикалық және жергілікті (облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) бюджеті) бюджеттерге төленетін салықтар мен төлемдер түрлері бойынша кірістер түсімдерін талдауда салықтар мен төлемдер түрлерінің бөлінісінде себептер көрсетіледі: 
1) өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жыл басынан түскен түсімдердің төмендеуі (өрлеу қарқыны 90%-дан төмен); 
2) өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда түскен түсімдердің өсуі (өрлеу қарқыны 110%-дан артық). 
12. Өңірлер бөлінісінде жыл басынан мемлекеттік, республикалық және жергілікті (облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) бюджеті) бюджеттер кірістерінің жоспарлы көрсеткіштерінің орындалмау себептерін талдау осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады. 
13. Салықтар мен төлемдер бөлінісінде мемлекеттік, республикалық және жергілікті (облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) бюджеті) бюджеттерге түсетін түсімдер бойынша кемалым сомасын талдау осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады. 
14. Салықтар мен төлемдер бөлінісінде мемлекеттік, республикалық және жергілікті (облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) бюджеті) бюджеттерге түсетін түсімдер бойынша кемалым сомасын талдауда есепті кезеңдерге арналған салық түрлері бойынша кемалымның ахуалына талдау, сондай-ақ ұйымдар бөлінісінде кемалымның кемуіне немесе артуына ықпал еткен факторларды көрсете отырып, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда есепті айдағы кемалымның салыстырмалы талдауы көрсетіледі. 
15. Өңірлер бөлінісінде жыл басынан бастап мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін кірістердің жоспарлы көрсеткіштерінің орындалмау себептерін талдауда өңірлер бөлінісінде бюджеттердің көрсетілген түрлерінің жоспарлы көрсеткіштерінің жалпы орындалуы көрсетіледі. Жоспардың орындалмауына жол берілмеген өңірлерде салықтардың негізгі түрлері бойынша себептер көрсетіле отырып, орындалмау себептері көрсетіледі. 
16. Талдау нәтижелері осы Ереженің қосымшаларына сәйкес нысан бойынша есепті айдан кейінгі 20-күніне қарсы ай сайын бюджеттерді атқару жөніндегі тиісті уәкілетті органның басшылығының мәліметіне жеткізіледі. 
17. Бюджеттің кіріс бөлігін атқару жөніндегі ақпаратты бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі 20-күніне дейін осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады және салық және төлем түрлері бөлінісінде есепті кезеңде бекітілген жоспарлы көрсеткіштерден іс жүзіндегі түсімдердің неғұрлым күрделі ауытқу сомалары бойынша себептері көрсетіліп (бір жолғы жоспарланбаған түсімдер бойынша негіздемелері көрсетіліп), санаттар, оның ішінде сыныптар, кіші сыныптар бөлінісінде атқарылуы жөніндегі талдауды қамтиды. 
18. Жылдық күтілетін кірістердің түсуі ағымдағы жыл түсімдерінің орташа жылдық қарқыны әдісі негізінде мына формула бойынша есептеледі: