• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Регламенті
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 09.11.2011 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Регламенті
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 1996 жылғы 8 ақпандағы Қаулысы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ РЕГЛАМЕНТІ
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 
 1996 жылғы 8 ақпандағы Қаулысымен қабылданған) (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 
 2005 жылғы 12 қазандағы және 
 2007 жылғы 17 қазандағы қаулыларымен енгізілген 
 өзгерістер мен толықтырулармен бірге)
МАЗМҰНЫ
1-бөлім.    ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР  
2-бөлім.    ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ЖАЛПЫ                ОТЫРЫСТАРЫН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ  
1-тарау. Парламент Мәжілісінің жалпы отырыстары
2-тарау. Дауыс беру және шешімдер қабылдау тәртібі
3-тарау. Парламент Мәжілісінің заң шығару қызметі.
    Заң жобаларының өту тәртібі 
4-тарау. Парламент Мәжілісінде бастапқы қарауға жататын мәселелерді қарау тәртібі
5-тарау. Парламент Мәжілісінің ерекше қарауына жататын мәселелерді қарау тәртібі
6-тарау. Парламент Мәжілісінің дербес қарауына жататын мәселелерді қарау тәртібі
3-бөлім.    ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІ ОРГАНДАРЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ                ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ  
7-тарау. Парламент Мәжілісінің Бюросы және оның құзыреті
8-тарау. Парламент Мәжілісінің жұмыс органдары
4-бөлім.    ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ                ӨКІЛЕТТІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ  
             ОЛАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ  
9-тарау. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды (ді қараңыз)
10-тарау. Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттігі және олардың жауапкершілігі
11-тарау. Депутаттық сауалдар мен сұрақтар
4-1-бөлім.  ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНДЕ ДЕПУТАТТЫҚ                БІРЛЕСТІКТЕРДІ, ОЛАРДЫҢ ОРГАНДАРЫН ҚҰРУ,  
             ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ  
             ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ, ДЕПУТАТТЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ  
             ӨКІЛЕТТІКТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІМЕН  
             ЖАҒДАЙЛАРЫ  
12-тарау. Парламент Мәжілісінің депутаттық бірлестіктері
5-бөлім.    ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫ                ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІ  
13-тарау. Парламент Мәжілісінің Төрағасы
14-тарау. Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасарлары
5-1-бөлім.  ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ                ЖӘНЕ ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ  
6-бөлім.    ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ  
  РЕГЛАМЕНТІ 
1-бөлім. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Парламент Мәжілісінің Регламенті: 
1) Парламент Мәжілісінің отырыстарын өткізу жағдайлары мен тәртібін; 
2) Парламент Мәжілісінің жұмыс органдарын құру тәртібін; 
3) Парламент Мәжілісі мен оның жұмыс органдарының қызметін ұйымдастыруды; 
4) Парламент Мәжілісінің депутаттары мен лауазымды адамдарының өз өкілеттігін жүзеге асыру жағдайлары мен тәртібін; 
5) саяси партиялар фракцияларының жұмысын ұйымдастыру мен жұмыс тәртібінің ерекшеліктерін белгілейді. 
Парламент Мәжілісінің Регламенті, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар Палатаның жалпы отырыстарында Мәжіліс депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады және Парламент Мәжілісінің қаулысымен бекітіледі. 
2. Парламент Мәжілісінің жалпы отырыстары ашық жүргізіледі. Осы Регламентте көзделген жағдайларда Палата жабық отырыстар өткізуге құқылы. 
3. Парламент Мәжілісі жүз жеті депутаттан тұрады. 
Парламент Мәжілісі депутатының өкілеттігі оны Республиканың Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты ретінде тіркеген кезден басталады. 
4. Парламент Мәжілісінде жұмыс қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
2-бөлім. ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСТАРЫН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
1-тарау. Парламент Мәжілісінің жалпы отырыстары
5. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысын Мәжіліс Төрағасы шақырады. 
Мәжілістің жалпы отырыстары сәрсенбі және бейсенбі күндері 12 сағат 30 минуттан 14 сағат 30 минутқа дейін үзіліспен сағат 10-нан 18-ге дейін өткізіледі. 17 сағат 30 минуттан 18 сағатқа дейінгі уақыт Мәжілістің ішкі қызметі мәселелерін шешуге арналады. 
Мәжіліс жалпы отырыстарды өткізудің өзге де уақыты туралы шешім қабылдай алады. 
Төрағалық етуші өзінің бастамасы бойынша немесе Парламент Мәжілісінің қатысып отырған депутаттарының көпшілігінің ұсынысы бойынша жалпы отырыстарда үзілістер жариялайды. 
Парламент пен Мәжілістің жалпы отырыстары өткізілмейтін кезеңде депутаттар Парламенттің жұмыс органдарында жұмыс істейді. 
Дүйсенбі, сейсенбі және жұма күндері депутаттар Парламенттің комитеттерінде, комиссияларында жұмыс істейді. 
Парламенттік тыңдау, Мәжіліс ғимаратында өткізілетін өзге де республикалық іс-шаралар, әдетте, жұма күндері, ал»Үкімет сағаты» дүйсенбі күндері өткізіледі. 
Мәжіліс депутаттарының сайлаушылармен өзара қарым-қатынас жасауы үшін оларға тоқсан сайын өңірлерге баруға күнтізбелік он күнге дейін беріледі.