• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 12.10.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы N 1390 Қаулысы
"Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі Заңы 5-бабының 2) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2010 жылғы 30 желтоқсанға дейінгі мерзімде мәслихаттардың құқық бұзушылық профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған өңірлік бағдарламаларын қабылдауын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 21 желтоқсандағы
 № 1390 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы
1. Паспорты
Атауы                Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылықтар                       профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған                       салалық бағдарламасы (бұдан әрі — Бағдарлама)
Әзірлеу үшін         "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы"  негіздеме            2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан                       Республикасының Заңы 5-бабының 2) тармақшасы;
              Мемлекет басшысының "Қазақстан Республикасындағы                       құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің                       тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы"
              2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығының 
              5.8-тармағы
Бағдарламаны         Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі  әзірлеуге және  іске асыруға  жауапты  мемлекеттік  орган
Мақсаты              Құқық бұзушылық профилактикасының әдістерін                       жетілдіру, қылмыстардың және құқық бұзушылықтың                       деңгейін төмендету, азаматтардың қауіпсіздігін                       қамтамасыз ету.
              Баланың құқықтарын сақтау және олардың заңды                       мүдделерін қорғау жүйесін күшейту.
Міндеттері           Кәмелетке толмағандар мен жастар арасында құқық                       бұзушылықтың профилактикасы бойынша жұмысты                       жандандыру;
              Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы                       құқық бұзушылықтардың, маскүнемдік пен                       алкоголизмнің профилактикасы;
              Есірткі қылмысы мен нашақорлықтың                       профилактикасы;
              Қылмыстың қайталануының профилактикасы;
              Қоғамдық орындар мен көшелердегі қылмыстың                       деңгейін төмендету;
              Жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтың                       профилактикасы;
              Көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтың                       профилактикасы;
              Табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы құқық                       бұзушылықтың профилактикасы;
              Мүліктік қылмыстарға қарсы іс-әрекет;
              қару айналымы саласындағы қылмыстардың                       профилактикасы;
              Этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың                       профилактикасы мен ерте алдын алудың тиімді                       жүйесін құру;
              Жұртшылықпен және азаматтармен ынтымақтастық;
              нормативтік құқықтық базаларды жетілдіру;
              Құқық бұзушылық профилактикасын ақпараттық және                       материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
              Құқық бұзушылықтар профилактикасы мәселесі                       бойынша кадрларды дайындау және олардың                       біліктілігін арттыру.
Іске асыру           2011 - 2013 жылдары  мерзімдері        (кезеңдері)
Нысаналы             Елдегі қылмыстың деңгейі (10 мың тұрғынға);
индикаторлары        Қадағалаусыз және панасыз қалғандардың деңгейі;
              Кәмелетке толмағандар;
              отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында;
              алкогольге мас күйде;
              есірткіге мас күйде;
              бұрын жасалған;
              қоғамдық орындар мен көшелерде жасаған                       қылмыстардың үлес салмағы
              Жеке меншікке қарсы жасалған қылмыстардың үлес                       салмағы;
              ЖКО-да қаза болғандардың саны;
              ЖКО-дан зардап шеккендердің саны.
Қаржыландыру         Республикалық бюджет қаражаты.
көздері мен          Қаржыландырудың болжанатын жалпы көлемі  көлемі               156,295 млн. теңгені құрайды, оның ішінде: