1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесі бекітілсін.
Отправить по почте
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 1149 Қаулысы
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы»29 қарашадағы N 1149 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) электрондық түрде, мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырады және жүргізеді әрі олар Заңның 11-бабының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
3. Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тізілімдерде қамтылған мәліметтер мемлекеттік сатып алу туралы республикалық веб-сайтта орналастырылады және олар төлем алынбастан танысу үшін мүдделі тұлғаларға қол жетімді болуы тиіс.
2. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастыру және оны жүргізу тәртібі
4. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) тапсырыс берушілердің тізілімі;
2) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізілімі (жіктеуіш);
3) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі;
4) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі.
Параграф 1. Тапсырыс берушілердің тізілімі
5. Тапсырыс берушілердің тізілімі тапсырыс беруші туралы мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) тапсырыс берушінің атауы;
2) тапсырыс берушінің орналасқан орны - мекен-жайы, почталық индексі;
3) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);
4) тапсырыс берушінің әділет органдарында мемлекеттік тіркелгені туралы құжаттың нөмірі және күні.
6. Тапсырыс беруші әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді электрондық түрде және қағаз жеткізгіште уәкілетті органға жібереді. Қайта ұйымдастырылған (таратылған) не бұрын табыс етілген мәліметтерге өзгерістер енгізілген жағдайда, тапсырыс беруші әділет органдарында мұндай жағдайлар тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзгерген мәліметтерді табыс етеді.
7. Табыс етілген құжаттарда қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, сондай-ақ олардан сәйкессіздік табылған кезде уәкілетті орган қайтару себептерін көрсете отырып, оларды алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оларды тапсырыс берушіге қайтарады. Бұл ретте, мәліметтерді орналастыру (өзгерту) мерзімі осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді тапсырыс беруші табыс еткен (өзгерткен) күннен басталады.
8. Тізілімді жүргізу осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.
9. Тапсырыс берушілердің тізіліміне енгізілген тапсырыс беруші туралы мәліметтер заңнамада белгіленген тәртіппен электрондық және қағаз түрінде сақталады.
Параграф 2. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізілімі (жіктеуіш)
10. Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізілімі жіктеуші (бұдан әрі - жіктеуіш) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) өлшем бірлігі - тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тиісті өлшем бірлігі;
2) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы;
3) белгісі - тауар (G), жұмыс (R), көрсетілетін қызмет (S).
11. Тапсырыс беруші осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіктеуішке енгізу үшін қажетті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді жіктеуіште олардың болмағанын тапсырыс беруші анықтаған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық түрде және қағаз жеткізгіште уәкілетті органға жібереді.
12. Жіктеуішті жүргізуді осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті орган жүзеге асырады.
Параграф 3. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі
13. Шарттардың тізілімінде шарт (оның өзгеруі) туралы мынадай мәліметтер қамтылуы тиіс:
1) тапсырыс берушінің атауы;
2) қаржыландыру көзі - республикалық бюджет, жергілікті бюджет, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен қаражаты, мемлекеттік мекемелер үшін демеушілік, қайырымдылық көмектен түскен қаражат (бұдан әрі - бюджеттен тыс қаражат), меншікті қаражат;
3) Заңға сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың тәсілі;
4) конкурстың қорытындылары, баға ұсыныстарын сұратуды жүргізудің қорытындылары шығарылған күн, сондай-ақ шарттың жасалу негізін растайтын құжаттың деректемелері;
5) шартты жасасқан күн - шарттың жасалған жылы, күні, айы;
6) аумақтық қазынашылық бөлімшелерде мемлекеттік мекемелердің шартты тіркегені туралы мәліметтер - өтінім нөмірі мен тіркеу күнін қоса алғанда, тіркеу туралы хабарламалардың деректемелері;
7) шарттың мәні, бағасы және оның орындалу мерзімі - тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің толық атауы, олардың құны, сондай-ақ шарттың орындалатын айы және жылы;
8) заңды тұлғалар үшін - атауы, орналасқан орны және салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) және өнім беруші (орындаушы, мердігер) болып табылатын жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
9) шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтер - тауарларды беруге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шарттың орындалуы туралы не оның бұзылуына байланысты немесе өзге де себептер бойынша шарттың қолданылуын тоқтату туралы ақпарат.
Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шарттар мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жеке тізіліміне енгізіледі, оны жүргізудің тәртібін уәкілетті орган мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша белгілейді. Мұндай мәліметтерге қол жеткізу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заннамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Заңның 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алудың нәтижелері бойынша жасалған шарттар туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне енгізуге болмайды.
14. Тапсырыс беруші шартты жасасқан (оны өзгерткен) күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтерді электрондық түрде және қағаз жеткізгіште уәкілетті органға жібереді.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |