1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесі бекітілсін.
Отправить по почте
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 1149 Қаулысы
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабының 13 ) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 1149 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына ( бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) арқылы электрондық түрде, мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырады және жүргізеді әрі олар Заңның 11-бабының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2008. № 1321 Қаулысымен. (29.11.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тізілімдерде қамтылған мәліметтер веб-порталда орналастырылады және олар төлем алынбастан танысу үшін мүдделі тұлғаларға қол жетімді болуы тиіс.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2008. № 1321 Қаулысымен. (29.11.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастыру және оны жүргізу тәртібі
4. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) тапсырыс берушілердің тізілімі;
2) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізілімі (жіктеуіш);
3) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі;
4) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі.
Параграф 1. Тапсырыс берушілердің тізілімі
5. Тапсырыс берушілердің тізілімі тапсырыс беруші туралы мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) тапсырыс берушінің атауы;
2) тапсырыс берушінің орналасқан орны - мекен-жайы, почталық индексі;
3) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) және бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);
4) тапсырыс берушінің әділет органдарында мемлекеттік тіркелгені туралы құжаттың нөмірі және күні.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2008. № 1321 Қаулысымен. (29.11.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
5-1. Тапсырыс берушілер тізілімін жүргізу осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-портал арқылы жүзеге асырылады.
5-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 31.12.2008. № 1321 Қаулысымен.
6. Тапсырыс беруші мәліметтерді оның әділет органдарында тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес веб-портал арқылы тапсырыс берушілердің тізіліміне енгізеді. Қайта ұйымдастырылған (таратылған) не бұрынғы енгізілген мәліметтерге өзгерістер енгізген жағдайда тапсырыс беруші мұндай жағдайлар әділет органдарында тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей енгізілген өзгерістерді тапсырыс берушілердің тізіліміне енгізеді.
6-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 31.12.2008. № 1321 Қаулысымен. (29.11.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Ұсынылған құжаттарда қажетті мәліметтер болмаған, сондай-ақ оларда сәйкессіздік табылған жағдайда веб-портал бас тарту себептерін көрсете отырып, тапсырыс беруші мәліметтерінің жоқтығы немесе сәйкессіздігі туралы хабардар етеді.
Тапсырыс берушіні тізілімдегі жазбаның берілген нөмірін көрсете отырып, тиісті мәліметтердің тапсырыс берушілердің тізіліміне енгізілгені туралы хабардар етуді веб-портал автоматты режимде жүргізеді.
7-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 31.12.2008. № 1321 Қаулысымен. (29.11.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
8. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
8-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 31.12.2008. № 1321 Қаулысымен. (29.11.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
9. Тапсырыс берушілердің тізіліміне енгізілген тапсырыс беруші туралы мәліметтер заңнамада белгіленген тәртіппен электрондық түрінде сақталады.
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2008. № 1321 Қаулысымен. (29.11.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
Параграф 2. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізілімі (жіктеуіш)
10. Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізілімі жіктеуші (бұдан әрі - жіктеуіш) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) өлшем бірлігі - тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тиісті өлшем бірлігі;
2) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы;
3) белгісі - тауар (G), жұмыс (R), көрсетілетін қызмет (S).
11. Тапсырыс беруші осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіктеуішке енгізу үшін қажетті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді жіктеуіште олардың болмағанын тапсырыс беруші анықтаған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға веб-портал арқылы электрондық түрде жібереді.
11-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2008. № 1321 Қаулысымен. (29.11.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
12. Жіктеуішті жүргізуді осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті орган веб-портал арқылы жүзеге асырады.
12-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2008. № 1321 Қаулысымен. (29.11.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
Параграф 3. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі
13. Шарттардың тізілімінде шарт (оның өзгеруі) туралы мынадай мәліметтер қамтылуы тиіс:
1) тапсырыс берушінің атауы;
2) қаржыландыру көзі - республикалық бюджет, жергілікті бюджет, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен қаражаты, мемлекеттік мекемелер үшін демеушілік, қайырымдылық көмектен түскен қаражат (бұдан әрі - бюджеттен тыс қаражат), меншікті қаражат;
3) мемлекеттік сатып алуды Заңға сәйкес жүзеге асырудың, сондай-ақ осы Заңның өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды реттейтін нормаларын қолданбастан жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу тәсілі;
4) конкурстың қорытындылары, бір көзден сатып алуды өткізу қорытындылары, баға ұсыныстарын сұратуды жүргізудің қорытындылары шығарылған күн, сондай-ақ шарттың жасалу негізін растайтын құжаттың деректемелері;
5) шартты жасасқан күн - шарттың жасалған жылы, күні, айы;
6) аумақтық қазынашылық бөлімшелерде мемлекеттік мекемелердің шартты тіркегені туралы мәліметтер - өтінім нөмірі мен тіркеу күнін қоса алғанда, тіркеу туралы хабарламалардың деректемелері;
7) шарттың мәні, бағасы және оның орындалу мерзімі - тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің толық атауы, олардың құны, сондай-ақ шарттың орындалатын айы және жылы;
8) заңды тұлғалар үшін - атауы, орналасқан орны, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) және бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) және өнім беруші (орындаушы, мердігер) болып табылатын жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) және жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
9) шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтер - тауарларды беруге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шарттың орындалуы туралы не оның бұзылуына байланысты немесе өзге де себептер бойынша шарттың қолданылуын тоқтату туралы ақпарат.
Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шарттар мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жеке тізіліміне енгізіледі, оны жүргізудің тәртібін уәкілетті орган мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша белгілейді. Мұндай мәліметтерге қол жеткізу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заннамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |