Осы редакция 21.01.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
"Тағамдық қоспалардың, оларды өндіру мен айналымының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы N 410 Қаулысы
"Техникалық реттеу туралы " Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Тағамдық қоспалардың, оларды өндіру мен айналымының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 4 мамырдағы
N 410 қаулысымен
бекітілген
"Тағамдық қоспалардың, оларды өндіру мен айналымының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті 1. Қолданылу саласы
1. Осы "Тағамдық қоспалардың, оларды өндіру мен айналымының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы " 2002 жылғы 4 желтоқсандағы, "Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы және "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы " 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген.
2. Осы Техникалық регламент тағамдық қоспалардың, оларды өндіру мен айналымының қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейді.
3. Осы Техникалық регламенттің әрекеті қолданылатын өнімдердің тізбесі осы Техникалық регламентке 1-қосымшада келтірілген.
4. Тағамдық қоспалар технологиялық функциялары бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
1) тамақ өнімдерінің дәмі мен хош иісін жақсартатын тағамдық қоспалар:
тағамдық хош иістендіргіштер;
дәмі мен хош иісін күшейткіштер, модификаторлар;
тәтті дәм бергіштер (қантты алмастырғыштар және интенсивті тәтті дәм бергіштер);
тағамдық қышқылдар; қышқылдықты реттегіштер;
2) тамақ өнімдерінің сыртқы түрін жақсартатын тағамдық қоспалар:
бояуды тұрақтандырғыштар (бекіткіштер);
3) тамақ өнімдерінің консистенциясын реттейтін тағамдық қоспалар:
созылмалы ететін агенттер, темір түзуіштер (гель түзуіштер);
еріткіш тұздар (эмульгациялайтын тұздар);
көбікті басушылар (көбіктенуге қарсы агенттер);
нығыздалуға қарсы (түйірленуге қарсы) агенттер.
4) тамақ өнімдерінің жарамдылық (сақтау) мерзімдерін ұзартуға ықпал ететін тағамдық қоспалар:
қышқылдануға қарсы әсер ететін заттектер;
тығыздағыштар (өсімдік тіндерін тығыздағыштар);
ылғалды ұстаушы агенттер;
5) нан пісіруді жақсартқыштар (ұнды, қамырды, нанды жақсартқыштар).
6) кешенді тағамдық қоспалар;
7) тамақ өнімдерін өндіру процестерін жылдамдататын және жеңілдететін технологиялық қосалқы заттар:
пісіп жетілуін жылдамдатқыштар;
көбікті басушылар (көбікке қарсы агенттер);