• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 Қаулысына толықтыру енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 18 ақпан N 169

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қазандағы N 1587 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген 2006 жылға дейін акциялардың мемлекеттік пакеттері жекешелендіруге, оның ішінде жекешелендірудің алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлік қоғамдардың тізбесі: 
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 42-жолмен толықтырылсын: 
"42. "Шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық ақпараттық-көрме орталығы" ЖАҚ (Астана қаласы) 100%.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі