• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Паспорттар мен азаматтық хал актiлерiндегi Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту Ережелерiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 17 тамыз 1992 ж. N 684       
Қазақстан Республикасының "Қазақ КСР Неке және үйелмен туралы Кодексiнiң 63-бабын толықтыру туралы" 1992 жылғы 26 маусымда қабылдаған Заңына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
1. Паспорттар мен азаматтық хал актiлерiндегi Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгертудiң ұсынылған Ережесi бекiтiлсiн. 
2. Азаматтардың паспортындағы ұлты туралы жазбаны өзгертудi олардың жазбаша өтiнiштерi бойынша берiлген арызының негiздiлiгiн растайтын тууы туралы куәлiк пен басқа құжаттардың негiзiнде iшкi iстер органдары бiр рет жасайтын болып белгiленсiн. 
Азаматтық хал актiлерiндегi ұлты туралы жазбаны өзгертудi АХАТ органдары азаматтың өтiнiшi негiзiнде ол қажеттi құжаттарын бергеннен кейiн жүргiзедi. 
3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Әдiлет министрлiгi қолданылып жүрген ведомстволық актiлердi осы қаулымен сәйкестендiретiн болсын.
                                  Қазақстан Республикасы
                                         Министрлер Кабинетiнiң
                                         1992 жылғы 17 тамыздағы
                                              N 684 қаулысымен
                                                Бекiтiлген