"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі N 767 Қаулысы
"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысымен бекітілген
Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасы (бұдан әрi – Қағида) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 шілдедегі № 476 Заңының 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.
2. Қағида Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады және барлық жеке және заңды тұлғалар үшiн меншiк нысандарына қарамастан мiндеттi болып табылады.
3. Осы Қағидада пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
багаж түбiртегi – осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша багажды автомобильмен тасымалдау шартының жасалғанын, сондай-ақ тасымалдаушының багажды сақтауға немесе тасымалдау үшiн қабылдағанын растайтын құжат;
борт журналы – осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмiрленген және тігілген, мөрмен бекітілген және жергілікті атқарушы орган тіркеген, автокөлiк құралында болатын журнал, оған автокөлiк құралының рейс алдындағы техникалық тексеруден және жүргiзушiнiң рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеруден өткенi туралы белгiлер қойылады. Борт журналының қолданылу мерзімі оны тіркеген күннен бастап күнтүзбелік бір жылдан аспауы тиіс;
жол жүру құжаты (билет) – осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушының сапарды жүзеге асыру құқығын куәландыратын және жолаушыны автомобильмен тасымалдау шартының жасалғанын растайтын құжат;
жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерi (аялдау пунктi) – осы Қағиданың талаптарына сәйкес жайластырылған, жолаушыларды отырғызу және түсiру мақсатында автокөлiк құралдарының аялдауына арналған жол бойындағы белдеу учаскесi;
қозғалыс кестесi – жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршрутының әрбiр аялдама пунктi бойынша автобустардың, шағын автобустардың қозғалыс орны мен уақыты туралы мәліметтер бар құжат (кесте, графикалық бейне);
қауiптi учаскелер – автомобиль жолдарының жүрiп өткенде жол-көлiк оқиғасы болуының жоғары қаупi туындайтын немесе қозғалыс режимiнiң елеулi өзгерiстерiне байланысты учаскелері;
маршрут – автобустың, шағын автобустың белгiленген бастапқы, аралық және соңғы аялдау пункттері арасында белгiленген жүретiн жолы;
маршрут схемасы – аялдау пункттерi, олардың ара қашықтықтары, сондай-ақ оларға тән бағдарлар (жол айрықтары, қиылыстар, темiржол өтпелерi, көпiрлер және тоннельдер) көрсетiлген маршруттың графикалық шартты бейнеленуi;
рейс – маршруттың бастапқы пунктiнен соңғы пунктiне дейiнгi автобустың, шағын автобустың жолы.
4. Ұйымдастыру сипаты бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау тұрақты және тұрақты емес болып бөлiнедi.
5. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау – тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды пайдалана отырып, алдын ала келiсiлген жол жүру маршруттары, бастапқы және соңғы пункттерi, жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерi белгiленген қозғалыс кестелерi бойынша жүзеге асыратын тасымалдар.
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдауды жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын көлiк құралдары (автобустар немесе шағын автобустар) алдын ала анықталады.
6. Осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушы жүргiзушiнiң рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеруден және автокөлiк құралының техникалық тексеруден өткенi туралы белгiлер бар, тасымалдаушы ауысымға немесе рейске ресімдейтін жол қағазының болуын қамтамасыз етеді.
7. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды тасымалдаушылар ұйымдастырады және осы Қағида талаптарына сәйкес келетiн автобустарды, шағын автобустарды пайдалану арқылы жүзеге асырады.
8. Тұрақты емес тасымалдау:
1) заңды және жеке тұлғалардың бiр жолғы тапсырысы (өтiнiмi) бойынша тасымалдау. Мұндай тасымалдауға: туристiк, экскурсиялық, iс-шараларға қызмет көрсету жатады.
Бiр жолғы тасымалдау белгiлі бір кезең ішінде шарттық негiзде жүзеге асырылуы мүмкiн;
2) таксимен тасымалдау болып бөлінеді.
2. Автокөлiк құралдарына қойылатын талаптар
9. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық байқаудан өткен автокөлiк құралдары жiберiледi.
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылар рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық байқауды және автобустардың, шағын автобустардың олардың жарамсыздығы кезінде уақтылы ауыстырылуын қамтамасыз етеді.
Бұл ретте жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автобустардың конструкциясы мен техникалық жан-күйі тиiстi стандарттардың талаптарына сәйкес келуi тиiс.
10. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автобустар мен шағын автобустар Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнің Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетiнiң 2001 жылғы 22 қазандағы № 378 бұйрығымен бекiтiлген "Жолаушылар тасымалдары бойынша автокөлiк қызметтерi" туралы ҚР СТ 1040-2001 сәйкес келуi тиiс, бұл ретте:
1) қалалық және қала маңындағы тұрақты автомобиль тасымалдауы маршруттарында кемiнде екi жолаушы есiгi бар қалалық автобустарды (I класты), шағын автобустарды, сондай-ақ қала маңындағы автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарында қалааралық автобустарды (II класты) пайдалануға рұқсат етiледi;
2) қалааралық облысаралық және халықаралық автомобильмен тұрақты тасымалдаудың маршруттарында қалааралық автобустар (II класты) немесе алысқа жүретiн автобустар (III класты) пайдаланылуы тиiс. Республикалық маңызы бар жолдар бойынша осы маршруттардың ұзақтығы 150 километрге (бұдан әрi - км) дейiн болса, шағын автобустарды пайдалануға рұқсат етiледi;
3) тұрақты халықаралық, қалааралық облысаралық және ауданаралық (қалааралық облысішілік) автомобильмен тасымалдау маршруттарына көрсетілген тасымалдау түрін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар тасымалдаушылар жіберіледі.
11. Республикалық маңызы бар ұзақтығы 150 км астам жолдар бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық және халықаралық тұрақты тасымалдау маршруттарында пайдаланылатын автобустарда шалқаймалы арқалықтары бар жұмсақ отырғыштары болуы тиiс. Егер маршруттың ұзақтығы 500 км артық болса, онда автобустың салонында ауыстырушы жүргiзушiнiң орны көзделуi тиiс.
12. Таулы маршруттарда 500 мың километрден артық жүрiсi бар немесе күрделi жөндеуден өткен автобустарды пайдалануға рұқсат етiлмейдi.
Таулы маршруттарда пайдаланылатын автобустар тұманға қарсы алдыңғы фаралармен және артқы жүрiстiң қосалқы фараларымен жабдықталуы тиiс, ал шиналар бұжыртабаны суретiнiң биiктiгi кемiнде 3,0 мм болуы тиiс.
13. Автобустар, шағын автобустар:
1) дәрiлер мен медициналық құралдардың қажеттi жинағы бар медициналық қобдишамен (автокөлiктiк);
2) авариялық аялдау белгiсiмен;
3) ақаусыз өрт сөндiру құралдарымен;
4) жол-көлiк оқиғасы жағдайында шыныларды сындыру және есіктерді, терезелерді, авариялық люктердi жедел ашудың тиiстi құрал-саймандарымен және оларға ақпараттық тақтайшалармен жинақталады.
14. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автобустарда, шағын автобустарда мыналар болуы тиіс:
1) ешқандай кедергiсiз ашылып, жабылатын жолаушылар салонының есiктерi мен авариялық люктер. Есiктерде өткiр немесе олардың бетiнен алыс тұрған шығыңқы жерлер болмауы тиiс;
2) жабық жай-күйде жүргiзушiнiң кабинасы мен жолаушы салонына жауын-шашынның түсуiн толық болдырмайтын төбе, авариялық люктер және терезелер;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |