• Мое избранное
Табиғи газды жеткізу, тасымалдау және сату ережесін, Сұйытылған көмірсутекті газдарды жеткізу, тасымалдау және пайдалану ережесін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 10.08.2012 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Табиғи газды жеткiзу, тасымалдау және сату ережесiн, Сұйытылған көмiрсутектi газдарды жеткізу, тасымалдау және пайдалану ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 568 қаулысы

Күші жойылды ҚР Үкіметінің 10.08.2012 № 1041 Қаулысымен (22.12.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Редакция 22.12.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған Табиғи газды жеткiзу, тасымалдау және сату ережесiн, Сұйытылған көмiрсутектi газдарды жеткiзу, тасымалдау және пайдалану ережесi бекiтiлсiн.
2. "Электр энергетикасы саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы N 1822 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 54, 598-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Коммуналдық қызмет көрсету ережелерінде: 
1) "газбен жабдықтау", "газбен жабдықтаумен", "газ", "газды", "газдың" деген сөздер алынып тасталсын; 
2) мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: 
"3-1. Газбен жабдықтау жөнiндегi коммуналдық қызметтердің көрсетiлуімен байланысты мәселелер жекелеген нормативтiк құқықтық кесімдермен реттеледi."; 
3) 5-тармақтағы 5) тармақша алынып тасталсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2003 жылғы 11 маусымдағы
 N 568 қаулысымен
 бекiтiлген
Табиғи газды жеткiзу, тасымалдау және сату ережесi
1-бөлім. Жалпы ережелер
1-тарау. Осы Ереженiң қолданылу аясы
1. Табиғи газды жеткiзу, тасымалдау және сатудың Ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасында табиғи газды жеткiзудiң, тасымалдау мен сатудың өнеркәсiптiк, коммуналдық-тұрмыстық және тағы басқа мақсаттарға арналған тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ табиғи газды жеткiзушiлер, тасымалдаушылар мен тұтынушылар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттейдi.
2. Газбен жабдықтау жөнiндегi коммуналдық қызмет көрсетумен байланысты туындаған мәселелер осы Ережемен реттеледi.
3. Осы Ережемен белгiленген табиғи газды жеткiзу, тасымалдау және сату тәртiбi меншiк түрi мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, қатынастарды барлық қатысушылардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
2-тарау. Терминдер мен анықтамалар
4. Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 
абонент - өзiнiң тұрмыстық тұтынуы үшiн газ сатып алатын жеке немесе заңды тұлға; 
газ тұтыну броны - отынның резервтiк түрлерiн барынша пайдаланған жағдайда тұтынушыларға газ жеткiзу Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес тоқтатылуы немесе осы шектен азайтылуы мүмкін емес тұтынушыларды үздiксiз және апатсыз технологиялық жабдықтау жұмысы үшiн қажеттi ең аз газ тұтыну көлемi; 
табиғи газ немесе газ - Қазақстан Республикасы аумағында өндiрiлетiн және алынатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс сатып алынатын табиғи, мұнайлы (iлеспе) және құрғақ газдар; 
газ құбырлары-тарамдары - магистральдық газ құбырының газ тарату станциясына дейiнгi газ тасымалын қамтамасыз ететiн газ құбыры; 
газ тарату станциясы - магистральдық газ құбырының газ құбыры-тарамы қоса салынатын қысымды төмендетудi қамтамасыз етуші үймерет; 
газ тарату ұйымы - меншiгiндегi газ тарату тораптарын, олардағы үймереттердi дамытумен және пайдаланумен шұғылданатын немесе өзге де заңды негiзде қызметтiң осы түрiне арналған лицензияның негізiнде осы тораптар бойынша газ тасымалдау жөнiнде қызмет көрсететiн ұйым; 
газ тарату тораптары - газ қабылдау (беру) пунктiнен тұтынушыларға дейiн газ берудi қамтамасыз ететiн қалалық, поселке аралық, поселкелiк, ауылдық, көшелiк, аулалық газ құбырлары; 
газ тасымалдау ұйымы - өз меншiгiнде магистральды газ құбырлары-тарамдары, олардағы үймереттерi бар немесе өзге де заңды негiзде қолда бар лицензия негiзiнде қызметтiң осы түрiн жүзеге асыруға осы газ құбырлары бойынша газды тасымалдау жөнiнде қызмет көрсететiн ұйым; 
газ тасымалдау жүйесi - газ тасымалдау, газ тарату ұйымының меншiгiне немесе өзгедей заңды негiзде қарайтын магистральдық газ құбырларын, газ құбырлары-тарамдарын, газ тарату тораптарын, олардағы үймереттердi қамтитын газ құбырларының жүйесi; 
газ қоймасы - маусымдық бiрқалыпты емес газ тұтыну кезеңiнде газдың жеткiзілуiн қамтамасыз етуге арналған газдың технологиялық қоры ұсталатын магистральдық газ құбырының құрамдас бөлiгi болып табылатын жерүстi жабдықтарымен кешендес жерасты үймереттерi; 
бiрыңғай газ торабы - магистральдық газ құбырларын, газ құбырлары-тарамдарын, газ тарату тораптары мен тұтынушының кiрiсiндегi крандардан жабдыққа дейiнгi газ құбырларын қоса алғанда, газды жеткiзушiлер мен тұтынушыларды байланыстыратын газ құбырлары; 
диспетчерлiк кесте - газды жеткiзушiнiң тасымалдаушыға берген өтінiмiне сәйкес газ жеткiзудiң сағаттық кестесi; 
магистральдық газ құбыры - газ кен орнынан, газ қоймасынан, мұнайгаз өңдеу ұйымынан газ қабылдау (беру) пунктiне дейiнгi газ тасымалын қамтамасыз ететiн газ құбыры; 
газдың артық шығыны - тұтынушының газ жеткiзудiң (тұтынудың) тәулiктiк нормасынан артық көлемде газ алуы; 
жеткiзуші - газ қорына иелiк ететiн және тұтынушыларға газ жеткiзудi қамтамасыз ететiн заңды немесе жеке тұлға; 
тұтынушы - өзi тұтынуы үшiн газ алуға шарт жасасқан заңды немесе жеке тұлға; 
газдың есебiн алу аспаптары - нормаланған техникалық сипаттамасы бар және көлемнiң және/немесе энергия құрамы бiрлiгiнде газ санын өлшеуге арналған өлшеулер аспабы; 
газ қабылдау (беру) пунктi - жеткiзушi, газ тасымалдаушы, газ таратушы ұйымдар мен тұтынушы арасындағы шартпен белгiленетiн әдетте газ өлшеу құралдарымен жабдықталған газ жеткiзу пункті; 
есептесу кезеңi - жеткiзiлген газ көлемi анықталатын, жеткiзушi, газ тасымалдау, газ тарату ұйымдары мен тұтынушы арасындағы жеткiзiлген газ үшiн өзара есеп айырысу жүргiзiлетiн кезең. Тараптар келісілген есеп айырысу кезеңi шартта көрсетіледi; 
газды жеткiзудiң (тұтынудың) орташа тәулiктiк нормасы - шартпен белгіленген, бiр айда жеткізілетiн газ мөлшерiн сәйкес айдың күнтiзбелiк күндер санына бөлу жолымен анықталатын газ мөлшерi; 
газды жеткiзудiң (тұтынудың) тәулiктiк нормасы - тараптардың келiсiмi бойынша диспетчерлiк кестемен белгіленген тәулiктiк газ мөлшерi; 
тасымалдаушы - магистральдық газ құбырларын, газқұбырлары-тарамдарын, газ қоймаларын, газ тарату тораптары және олардағы үймереттердi пайдалануды, газ тасымалдауды жүзеге асыратын тиiстi лицензиясы бар қамтамасыз ететiн ұйым (газ тасымалдау, газ тарату ұйымдары); 
газ тасымалы - газ тасымалы жүйесi бойынша газ қабылдап алу, ауыстыру және беру; 
газ құбырындағы газдың технологиялық қоры - магистральдық газ құбырларында, газқұбыры-тарамында, газ тарату тораптарында газ тасымалдаудың жұмыс режимiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi газдың ең аз мөлшерi; 
газ қоймаларындағы газдың технологиялық қоры - жылу беру уақытында газды мейлiнше көп тұтыну кезiнде газды жеткiзу үшiн, сондай-ақ газ құбырларында апаттық жағдайлар туындаған кезде қажеттi газ қоймасындағы газдың ең аз қоры; 
уәкілетті орган - мұнай-газ өнеркәсібі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, басқару процесін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы; 
монополияға қарсы орган - табиғи монополия субъектілерiнiң қызметiн бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.08.2005 № 870, 22.12.2010 № 1398 Қаулыларымен. (11.06.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
2-бөлім. Газды жеткізу мен тасымалдаудың тәртібі