Bestprofi Logo

Қаулы № 1308 от 2006-12-29г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасында бәсекелестiктi дамыту мен қорғаудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасында бәсекелестiктi дамыту мен қорғаудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 1308 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасында бәсекелестiктi дамыту мен қорғаудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен өзге де ұйымдар Бағдарламада көзделген iс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн және жыл сайын, 30 маусымға және 30 желтоқсанға қарай Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне олардың орындалуы жөнiнде ақпарат ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi жыл сайын, 10 шілдеге және 10 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасының Үкiметiне және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне Бағдарламаның орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ. Мәсiмовке жүктелсiн.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Премьер-Министрiнiң міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 1308 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында бәсекелестiктi дамыту мен қорғаудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы

3. Қазақстанда бәсекелестiктi дамытудың қазiргi заманғы жай-күйiн және проблемаларын талдау

4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

5. Бағдарламаны іске асырудың негiзгі бағыттары мен тетiгi

5.1. Субъектiлердiң монополистiк тәртiбiн және мемлекеттiк органдардың бәсекелестiкке қарсы iс-әрекеттерiн болдырмау

5.2. Экономиканың барлық салаларында бәсекелестiк ортаны құру

5.3. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органының институционалдық қайта құрылуын жүргiзу, қолданыстағы монополияға қарсы заңнаманы бәсекелестiк құқықтың халықаралық стандарттарына сәйкес келтiру

5.4. Кәсiпкерлiктiң еркiндiгін және тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қоғамдық жүйесiн нығайту, бәсекелестік мәдениетiн көтеру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту

5.5. Монополияға қарсы органның кадрлық әлеуетiнiң тиiмдiлiгiн дамыту және жетiлдiру

5.6. Монополияға қарсы органның жұмысы қағидатының айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз ету

6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi

7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер

8. Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары

Бағдарламаның атауы Қазақстан Республикасында бәсекелестiктi дамыту мен қорғаудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы

Бағдарламаны әзiрлеу 1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң үшін негiздеме 2006 жылғы 1 наурыздағы

"Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiру стратегиясы" атты Қазақстан халқына

2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң

2006 жылғы 30 наурыздағы N 80 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы,

3. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң

2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына

iс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын орындаудың желiлiк кестесi туралы"

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222 қаулысы

Бағдарламаны әзiрлеуші Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi

Бағдарламаның мақсаты Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) нарығының тиiмдi жұмыс iстеуiне бағытталған қолайлы жағдайлар жасау жолымен еркiн бәсекелестiктi дамыту

Бағдарламаның мiндеттерi Экономиканың барлық салаларында бәсекелестiк ортаны құру субъектiлердiң монополистiк тәртiбiн және мемлекеттiк органдардың бәсекелестiкке қарсы

iс-әрекеттерiн болдырмау; Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органының институционалдық қайта құрылуын жүргiзу; қолданыстағы монополияға қарсы заңнаманы бәсекелестiк құқықтың халықаралық стандарттарына сәйкес келтiру; кәсiпкерлiктiң еркiндiгiн және тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қоғамдық жүйесiн дамыту, бәсекелестiк мәдениетiн көтеру; монополияға қарсы органның кадрлық әлеуетiнiң тиiмдiлiгiн дамыту және көтеру; монополияға қарсы органның жұмысы қағидатының айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз ету

Бағдарламаны iске асыру 2007-2009 жылдар мерзiмдерi

Бағдарламаның қажеттi 2007 жылғы республикалық бюджет қаражаты ресурстар және оларды есебiнен 117 млн. теңге.

Бағдарламаны iске Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде:

асырудан күтiлетiн Қазақстан Республикасының бiрқатар нәтижелер заңнамалық кесiмдерi әзiрленетiн және қабылданатын болады;

монополияға қарсы органның тән емес функцияларын жүйелендiру және беру жөнiнде шаралар қабылданатын болады;

жаңа компаниялардың экономика секторларына кiру үшiн тартымды және ашық шарттарды құру мақсатында монополияға қарсы заңнама реформаланатын болады;

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание