• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 22.05.2014 г

Отправить по почте

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1271 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 17.06.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 22.05.2014 жылғы № 533 Қаулысына сәйкес
Редакция 06.03.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Жобаларға, өнімге, жұмыстарға және қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                               С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 8 қазандағы
№ 1271 қаулысымен
бекітілген
«Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Стандарт өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.03.2013 жылғы № 222 Қаулысымен (08.10.2012 ж. редакцияны) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 05.06.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
1. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 5 кіреберіс мекенжайы бойынша орналасқан, тел. 8 (7172) 74-30-66 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) және осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – уәкілетті органдар) көрсетеді, сондай-ақ «электронды үкіметтің»: www.e.gov.kz веб-порталы арқылы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабы 1-тармағының 45) тармақшасы, 62-бабының 8-тармағы, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы және «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 640 бұйрығы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) уәкілетті органдардың www.mz.gov.kz интернет-ресурсында;
2) уәкілетті органдардың үй-жайларындағы стенділер мен ақпарат тақталарында;
3) порталда орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат саll–орталығының (1414) телефоны арқылы да ұсынылуы мүмкін.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны ресми бланкіде беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасымалдағыштағы не уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) Кодекстің 62-бабының 8-тармағында және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 8 тамыздағы № 561 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер мен өнімдердің тізбесінде көрсетілген объектілерге көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) уәкілетті органдарға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды тапсырған сәтінен бастап 15 жұмыс күні ішінде көрсетіледі;
2) құжаттарды тапсыру үшін бір адамға кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан (отыз минут) аспайды;
3) мемлекеттік қызметті алу кезінде уақыт 30 минуттан (отыз минут) аспайды;
4) порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды тапсырған сәтінен бастап 15 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Жұмыс кестесі:
1) уәкілетті органдарда «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетілусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады;
2) порталда – тәулік бойы.
10. Уәкілетті органдарда мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған орындар, қауіпсіздік талаптарына жауап беретін үй-жайлар, күту және құжаттарды толтыру орындары болады, физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдайлар жасалған. Осы орындар қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілердің үзінділері (үзінді көшірмелері) бар стенділермен жабдықталған.
Порталда мемлекеттік тұтынушының «жеке кабинетінде» ұсынылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды:
уәкілетті органдарда:
1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішті;
2) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе анықтаманы;
3) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжатты;
4) тұтынушының өкілі жүгінген кезде – уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжатты және өкілдікке өкілеттікті куәландыратын құжатты;
5) дара кәсіпкер үшін – дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;
6) объектінің нысаналы мақсатын және меншік құқығын немесе оны пайдалануға және/немесе иелік етуге жол беретін өзге де құқықты растайтын құжаттарды;
7) зертханалық зерттеулер хаттамаларының көшірмелерін ұсынады.
Жеке басын куәландыратын құжаттарды, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе анықтаманы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, объектінің нысаналы мақсатын және оған меншік/иелік ету құқығын растайтын құжаттарды ұсыну портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден оларда қамтылған ақпаратты уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді.
Порталда:
1) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды;
2) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе анықтаманы;
3) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжатты;
4) тұтынушының өкілі жүгінген кезде – уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжатты және өкілдікке өкілеттікті куәландыратын құжатты;