Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы N 1710 Қаулысы
Осы редакция 05.09.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік қызметтер стандарттары бекітілсін:
1) "Шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру";
2) "Өзен кемелерін және оларға құқықтарды Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеу";
3) "Жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде өзен кемелерін мемлекеттік тіркеу";
4) "Шағын өлшемді кемелерді мемлекеттік тіркеу";
5) "Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу";
6) "Темір жол жылжымалы құрамының кепілін тіркеу".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 29 қазандағы
N 1710 қаулысымен
бекітілген
"Шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру"
мемлекеттік қызмет стандарты
1. «Шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы балама негізде осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 17-бабының, «Қазақстан Республикасы су қоймаларында шағын өлшемді кемелердің жүзу қауіпсіздігін регламенттейтін құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 1998 жылғы 10 тамыздағы № 172 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 618 нөмірмен тіркелген) бекітілген Кеме жүргізушілерді шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына аттестаттау бойынша нұсқаулықтың негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz мекенжай бойынша орналастырылған.
5. Мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны шағын өлшемді кемені басқару құқығына куәлік беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасығышта беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет көрсету:
а) тұтынушының осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 10 жұмыс күні;
б) мемлекеттік қызметті алуға (тіркелу сәтінен бастап) жүгінген сәттен бастап - 10 жұмыс күні;
2) уәкілетті органға қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 20 минуттан аспайды;
3) уәкілетті органда шағын өлшемді кемені басқару құқығына куәлік алу кезінде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 30 минуттан аспайды;
4) ХҚКО-ға жүгінген кезде:
құжаттарды ресімдеу мерзімі уәкілетті органға қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күні мен беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 20 минуттан аспайды;
шағын өлшемді кемені басқару құқығына куәлік алу кезінде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 30 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін болып табылады.
1) уәкілетті органға жүгінген кезде:
демалыс және мереке күндерін қоспағанда, осы стандарттың 3-қосымшасына орай уәкілетті органның түскі үзілісі бар белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес аптаның 5 күнінде көрсетіледі.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
2) ХҚКО-ға жүгінген кезде:
жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін аптаның 6 күні. Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын-ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілердің деректері (үзінді көшірмелері) бар стендтермен жарақтандырылған, мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасалған, күту мен құжаттарды толтыруға арналған орындары бар уәкілетті органның ғимараттарында осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдай көзделген тұтынушының тұрғылықты жері бойынша ХҚКО ғимаратында да көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан.
Жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша сапаға талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерттеу мақсатында уәкілетті органда және ХҚКО-да жеке және заңды тұлғалар үшін шағымдар мен ұсыныстар кітабы жүргізіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі мыналарды ұсынады:
1) шағын өлшемді кемені басқару құқығына куәлік беру жөнінде мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін өтініш;
2) кеме жүргізушілерді дайындауды жүзеге асыратын оқу ұйымдары беретін әуесқой кеме жүргізушілерді даярлау курстарын аяқтағаны туралы куәлік;
3) өтініш берушінің тұрғылықты мекенжайы бойынша денсаулық сақтау мекемелері беретін медициналық анықтама (№ 083/У нысанындағы);
4) 3x4 см өлшемдегі 3 сурет.
12. Белгіленген үлгідегі өтініштің нысанын осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша уәкілетті органның қызметкері береді, сондай-ақ ол ХҚКО-да күту залындағы арнайы тағанда не консультанттарда болады.
13. Осы стандарттың 11-тармағында аталған құжаттар осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша уәкілетті органның кеңсесіне немесе ХҚКО-ға тапсырылады.