Bestprofi Logo

Қаулы № 663 от 1999-05-27г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк жеңiл автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк жеңiл автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 27 мамыр N 663

Мемлекеттiк қаражаттарды үнемдеу режимiн күшейту және қызметтік жеңiл автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлiк қызметін көрсету үшін қызметтік жеңiл автомобильдердiң тиiстiлiк және көлiк құралдарын пайдалануға жұмсалатын шығыстар нормаларының нормативi (бұдан әрi Норматив) бекiтiлсiн.

1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасына "Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының Автошаруашылығы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының балансындағы мемлекеттік органдарға бекiтiлген қызметтiк жеңiл автомобильдердi олардың балансына беру;

2) Қазақстан Республикасы Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ орталық атқарушы органдар болып табылмайтын өзге мемлекеттiк органдарға:

"Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының Автошаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының балансындағы оларға бекiтiлген қызметтiк жеңiл автомобильдердi балансқа қабылдау;

2001 жылға дейiн қызметтік жеңiл автомобильдер паркiн жаңартпау;

көлiк қызметiн көрсетуге арналған шарттарды "Мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешектерiнiң өсуiн болдырмау жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1336 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдарында мiндетті түрде тiркей отырып, Нормативке сәйкес есептелген қызметтік жеңiл автомобильдердi пайдалануға арналған шығыстар лимитінiң шегiнде ғана жасау ұсынылсын.

3. Министрлiктер, агенттiктер және комитеттер:

1) "Қазақстан Республикасы Президенті Iс Басқармасының Автошаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының балансындағы оларға бекiтілген қызметтiк жеңiл автомобильдердi балансқа қабылдасын;

2) 2001 жылға дейiн қызметтiк жеңiл автомобильдер паркiн жаңартпасын;

3) көлiк қызметін көрсетуге арналған шарттарды "Мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешектерiнiң өсуiн болдырмау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1336 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдарында міндетті түрде тiркей отырып, Нормативке сәйкес есептелген қызметтiк жеңiл автомобильдердi пайдалануға арналған шығыстар лимитінің шегiнде ғана жасасын.

4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мемлекеттiк органдарды қаржыландыруды қызметтік жеңiл автомобильдердi пайдалануға арналған шығыстар лимитiнiң шегiнде көлiк қызметiн көрсету шарттарымен қатаң сәйкестендiрiп жүзеге асырсын.

5. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкiмдеріне жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар үшін ұқсас Нормативтер әзiрлеу мен бекіту және қызметтік жеңiл автомобильдердi пайдалану шығыстарының лимитi шегiнде көлiк қызметiн көрсетуге жасалған шарттарға қатаң сәйкес қаражаттардың жұмсалуына тұрақты бақылауды жүзеге асыру ұсынылсын.

6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп, заңдарда белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн.

7. Осы қаулы 1999 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663 қаулысымен бекітілген

қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.03.2000. № 359, 22.08.2001. № 1098, 14.02.2002. № 216, 18.03.2005. № 248, 02.12.2005. № 1185, 08.08.2006. № 745, 09.04.2007. № 281 қаулыларымен.(2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдердің тиістілік Нормативі

____________________________________________________________________ |N | Меморгандардың | Лауазымның |Автомобильдерсаны| Қозғалт.

|с | | |қызметтік|кезекші|көлемі, | | | | жеңіл | |текше см.

| | | |(1 бірл.)| | |__|_________________|_________________|_________|_______|_________ |1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |__|_________________|_________________|_________|_______|_________

Мемлекеттік Хатшы 1 ___________________________________________________________________

Президенттiң Парламенттегi өкілдігінің басшысы 1

Алматы қаласында көліктік қызмет көрсету 15 14 ____________________________________________________________________

Президент Ісін Басқа. 1 рушының орынбасары

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание