• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 12.01.2017 г

Отправить по почте

4

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663 Қаулысы

Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.07.2008 жылғы № 725 Қаулысымен (09.04.2007 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 12 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 28.12.2016 жылғы № 887 Қаулысына сәйкес
Мемлекеттiк қаражаттарды үнемдеу режимiн күшейту және қызметтік автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.07.2008 жылғы № 725 Қаулысымен (09.04.2007 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлiк қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдердiң тиiстiлiк және көлiк құралдарын пайдалануға жұмсалатын шығыстар нормаларының нормативi (бұдан әрi Норматив) бекiтiлсiн.
2. Мыналарға:
2-тармақтың 2-тармақшасының үшінші абзацын қоспағанда, мәтін өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.07.2008 жылғы № 725, 24.03.2009 жылғы № 388 Қаулыларымен (09.04.2007 ж. редакцияны қараңыз)
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасына "Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының Автошаруашылығы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының балансындағы мемлекеттік органдарға бекiтiлген қызметтiк автомобильдердi олардың балансына беру; 
2) Қазақстан Республикасы Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ орталық атқарушы органдар болып табылмайтын өзге мемлекеттiк органдарға:
"Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының Автошаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының балансындағы оларға бекiтiлген қызметтiк автомобильдердi балансқа қабылдау; 
2010 жылға дейiн қызметтік жеңіл автомобильдер паркiн жаңартпау.
1) "Қазақстан Республикасы Президенті Iс Басқармасының Автошаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының балансындағы оларға бекiтілген қызметтiк автомобильдердi балансқа қабылдасын; 
2) 2010 жылға дейiн қызметтiк жеңiл автомобильдер паркiн жаңартпасын; 
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 24.03.2009 жылғы № 388 Қаулысымен (11.09.2008 ж. редакцияны қараңыз)
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мемлекеттiк органдарды қаржыландыруды қызметтік автомобильдердi пайдалануға арналған шығыстар лимитiнiң шегiнде көлiк қызметiн көрсету шарттарымен қатаң сәйкестендiрiп жүзеге асырсын.
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдердің бекітілген тиістілік нормасын іске асыру тиісті кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылсын.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.03.2011 жылғы № 335 Қаулысымен (06.08.2009 ж. редакцияны қараңыз)
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп, заңдарда белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 27 мамырдағы
N 663 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативі
Тиістілік нормативі өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.08.2009 жылғы № 1189 Қаулысымен (24.03.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Тиістілік нормативі өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.03.2011 жылғы № 335 Қаулысымен (06.08.2009 ж. редакцияны қараңыз) 
Тиістілік нормативі өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.10.2011 жылғы № 1148 Қаулысымен (31.03.2011 ж. редакцияны қараңыз) 
Тиістілік нормативі өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.06.2012 жылғы № 739 Қаулысымен (07.10.2011 ж. редакцияны қараңыз) 
Тиістілік нормативі өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.11.2012 жылғы № 1396 Қаулысымен (04.06.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Тиістілік нормативі өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.11.2012 жылғы № 1458 Қаулысымен (02.11.2012 ж. редакцияны қараңыз) 
Тиістілік нормативі өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.02.2013 жылғы № 165 Қаулысымен (19.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Тиістілік нормативі өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.09.2013 жылғы № 915 Қаулысымен (22.02.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Тиістілік нормативі өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.07.2014 жылғы № 795 Қаулысымен (03.09.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Тиістілік нормативі өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.10.2014 жылғы № 1081 Қаулысымен (18.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Р/с
N
Мемлекеттік органның атауы Лауазымның атауы Автомобильдер саны Қозғалтқыштың көлемі, текше см. (автобустардан басқа) 1 автомобильдің бір айдағы жүруі (км)
қызметтік (1 бірлік) кезекші (оның ішінде автобустар)
1 2 3 4 5 6 7


Премьер-Министр 1

3100
Мемлекеттік хатшы 1

3100
2 Президент Әкімшілігі Президент Әкімшілігінің Басшысы 1

3100
Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы 1

3100
Президенттің көмекшісі 1

3100
Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы 1

2500
Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары 1

2500
Президент Кеңсесінің бастығы 1

3100
Президенттің Баспасөз хатшысы 1

3100
Президенттің Протокол бастығы 1

3100
Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы 1

2500
Астана қаласында көлiктiк қызмет көрсету 16********* 1*********

2600
Алматы қаласында 1********* 6*********
2600
Қонақтарға арналған
25
***
3 Президенттің Іс басқармасы Президенттің Іс басқарушысы 1

3100
Президенттің Іс басқарушысының орынбасары 1

2600
Аппарат, ведомство басшысы 1

2600
4 Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5 Парламент Аппараты Парламент Палатасының аппарат басшысы 1

2000
Парламенттің аппарат басшысының орынбасары 1

2000
Қонақтарға арналған
4
***
6 Премьер-Министрдің Кеңсесі Премьер-Министрдің орынбасары 1

3100
Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы 1********

3100
Премьер-Министрдің Кеңсесі Басшысының орынбасары 1********

2000
Алматы қаласында көліктік қызмет көрсету 12 1
2600
Қонақтарға арналған
14
***
7 Конституциялық Кеңес Төраға 1

3100
Конституциялық Кеңес мүшелері 1 1
2000
Конституциялық Кеңестің аппарат басшысы 1

2000
8 Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (оның ішінде Орталық сайлау комиссиясы) Төраға 1

2600**********
Төрағаның орынбасары 1

2600
Есеп комитетінің мүшелері 1

2000
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы мен мүшелері
5-не 2 бірлік
2600
Есеп комитетінің аппарат басшысы 1

2000
9 Жоғарғы Сот Жоғарғы Соттың Төрағасы 1

2600
Жоғарғы Сот алқасының төрағасы 1

2000
Жоғарғы Соттың судьялары

3-ге 1 бірлік 2600
Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы 1

2000
Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының орынбасары 1

2000
10 Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) және оларға теңестірілген соттар Сот төрағасы 1

2600
Сот алқасының төрағасы 1

2600
11 Аудандық және оларға теңестірілген соттар Сот төрағасы 1

2600
12 Бас прокуратура Бас прокурор, Бас әскери прокурор 1

2600**********
Бас прокурордың (Бас әскери прокурордың) орынбасары, Бас прокурордың аппаратының басшысы 1

2600
Бас прокуратура жанындағы Комитет төрағасы 1

2000
Бас прокуратура жанындағы Комитет төрағасының орынбасары 1

2000
13 Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) және оларға теңестірілген прокуратуралар Прокурор 1

2600
Прокурордың орынбасары 1

2600
14 Аудандық және оларға теңестірілген прокуратуралар Прокурор 1

2600
15 Министрліктер мен агенттіктер Министр 1

2600**********
Агенттік төрағасы 1

2600
Министрдің орынбасары 1

2600
Агенттік төрағасының орынбасары 1

2600
Жауапты хатшы 1

2600
16 Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдіктері Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі 1

****
Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің бірінші орынбасары, орынбасары 1

****
Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің аппарат басшысы 1

****
17 Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктері Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі 1

****
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің орынбасары 1

****
Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округ әкімі 1

****
17-1 Жергілікті өкілді органдар
Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мәслихат хатшысы

1



2600
Аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихат хатшысы 1

2000
17-2 Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы 1

*******
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының мүшелері
2-не 1 бірлік
*******
18 Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын, сондай-ақ арнайы көлігі барларын қоспағанда, мемлекеттік органдардың орталық аппаратын көліктік қамтамасыз ету қызметкерлерінің саны:




100-ге дейін

1 ************** 3000-нан көп емес ***
100-ден 200-ге дейін

2****** 3000-нан көп емес ***
200-ден 300-ге дейін

3 3000-нан көп емес ***
300-ден 500-ге дейін

4* 3000-нан көп емес ***
500-ден 900-ге дейін

5 3000-нан көп емес ***
900-ден 1300-ге дейін

7 3000-нан көп емес ***
1 300-ден жоғары

9 3000-нан көп емес ***
19 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Бас прокуратурасын, сондай-ақ арнайы көлігі барларын қоспағанда, қызметкерлерінің саны:




100-ге дейін

1*********** 3000-нан көп емес ***
100-ден 200-ге дейін орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне және олардың облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы** ведомстволарына көлік қызметін көрсету

2 3000-нан көп емес ***
20 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Бас прокуратурасын, сондай-ақ, арнайы көлігі барларын қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне және олардың аудандардағы (облыстық маңызы бар қалалардағы) ведомстволарына көлік қызметін көрсету

1*********** 3000-нан көп емес ***
21 Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарға көлік қызметін көрсету *****




Ақмола облысы

306 3000-нан көп емес *****
Ақтөбе облысы

216 3000-нан көп емес *****
Алматы облысы

306 3000-нан көп емес *****
Атырау облысы

141 3000-нан көп емес *****
Шығыс Қазақстан облысы

306 3000-нан көп емес *****
Жамбыл облысы

186 3000-нан көп емес *****
Батыс Қазақстан облысы

216 3000-нан көп емес *****
Қарағанды облысы

291 3000-нан көп емес *****
Қостанай облысы

321 3000-нан көп емес *****
Қызылорда облысы

141 3000-нан көп емес *****
Маңғыстау облысы

126 3000-нан көп емес *****
Павлодар облысы

216 3000-нан көп емес *****
Солтүстік Қазақстан облысы

231 3000-нан көп емес *****
Оңтүстік Қазақстан облысы

246 3000-нан көп емес *****
Астана қаласы

40 3000-нан көп емес *****
Алматы қаласы

35 3000-нан көп емес *****
21-1 Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларына көліктік қызмет көрсету

1 2600-ден көп емес *******
22 Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті өкілді органдарға көлік қызметін көрсету

1 3000-нан көп емес
Ескертпе:
Ескертпе өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.07.2014 жылғы № 795 Қаулысымен (03.09.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Ескертпе өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.10.2014 жылғы № 1081 Қаулысымен (18.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Ескертпе өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.10.2014 жылғы № 1098 Қаулысымен (09.10.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Ескертпе өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.04.2015 жылғы № 173 Қаулысымен (16.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.04.2015 № 69(28547) жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
* Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі үшін сыртқы саяси органның ерекшелігін ескере отырып, саны 5 бірлік, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі үшін 7 бірлік қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативі белгіленсін
** бұл норматив мемлекеттік органдардың облыстардағы филиалдарына, Байқоңыр қаласындағы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне де қолданылады
*** мемлекеттік органдар көлік қызметін көрсететін автомобильдер үшін жүру лимиттерін дербес, бірақ бір айда көліктің 1 бірлігіне 2600 км-ден асырмай белгілейді
**** жергілікті атқарушы органдар үшін жүру лимиті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен айқындалады
***** жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар бөлінісінде автокөлікті бөлу, сондай-ақ олар бойынша жүру лимитін айқындау облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен айқындалады
****** хаттамалық іс-шараларды дайындауға байланысты қызметтің ерекшелігін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының аппараттары үшін саны 3 бірліктен кезекші автомобильдердің тиістілік нормативі белгіленсін
******* облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары үшін жүру лимиті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімі бойынша анықталады
******** осы норматив «Назарбаев орталығы» көпфункционалды ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесінің және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшылары мен олардың орынбасарларына да қолданылады.
********* Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Қазақстан Республикасы Президентінің Мұражайы» үшін - 2 бірлік, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Мұрағаты» мемлекеттік мекемелері үшін - 2 бірлік;
********** Есеп комитетінің төрағасы, Бас прокурор, Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрлеріне көлік қызметін көрсететін автомобильдер үшін көліктің 1 бірлігіне айына 3100 км-ден аспайтын жүру лимиттері белгіленсін.
*********** Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің аудандық қазынашылық басқармаларына көлік қызметін көрсету үшін көзделген автомобильдер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Ақтөбе мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің теңгерімінде.
************** осы норматив Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесіне де қолданылады.
Осы тиістілік нормалары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметіне, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғаныс әскери бөлімдеріне қолданылмайды.