Bestprofi Logo

Қаулы № 167 от 2012-01-25г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 24.10.2015 г.

Документ на казахском языке

Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 167 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 24 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 15.10.2015 жылғы № 829 Қаулысына сәйкес "Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.03.2015 жылғы № 236 Бұйрығын қараңыз

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1) "Қара металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары;

2) "Көмір өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары;

3) "Түсті металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары;

4) "Мұнай өндіретін өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 167 қаулысымен бекітілген

"Қара металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары

1. Осы "Қара металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) қара металлургия объектілері үшін өндірістік микроклиматқа, жарықтандыруға, медициналық қамтамасыз етуге, сумен жабдықтауға, желдетуге, физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына, атмосфералық ауаға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

Осы Санитариялық қағидалар коксты химиялық, агломерат және теміркенді шекемтастар, домна, ферроқорыту, болат балқыту, илек, құбыр, метиз, темір ұнтағы, отқа беріктету, екінші реттегі қара металдарды қайта өңдеу, металлургиялық пештер мен агрегаттарды жөндеу өндірістеріне қолданылады.

2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:

1) қара металлургия – құрамына темір кендерінен шойын, темір және болат өндіру технологиясы кіретін ауыр өнеркәсіп саласы;

2) ауамен себезгілеу – үй-жайға суық ауаның, газдың, будың, шаңның енуіне жол бермеуге арналған жергілікті желдету.

2. Өндірістік микроклиматқа қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

3. Кран кабиналарында, басқару орындарында, есептеу машиналары орналасқан залдарда, операторлық типтегі басқа жұмыстарды орындау кезінде, сондай-ақ жұмысшылар уақытша демалатын орындарда температураның, салыстырмалы ылғалдылықтың және ауа қозғалысы жылдамдығының нормалары Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін "Елді мекендердегі атмосфералық ауаға, топыраққа, елді мекендердің аумақтарын күтіп-ұстауға, адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

4. Өндірістік үй-жайлардың жұмыс аумағында температураның, салыстырмалы ылғалдылықтың және ауа қозғалысы жылдамдығының рұқсат етілген нормалары осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес сақталуы тиіс.

5. Жылытылмайтын өндірістік және қоймалық үй-жайларда жұмыс істейтін адамдар үшін жылынуға арналған үй-жайлар көзделеді.

6. Тұрақты жұмыс орнында жылу сәулесіне шалдығу, ондағы жылу көзін оңтайлы орналастыру есебінен және өндірістік жылу сақтау құралдарын пайдалану арқылы бір шаршы метрге 140 ваттан (бұдан әрі – Вт/м2 ) аспауы тиіс.

Тұрақты жұмыс орындарында 140Вт/м2 -ге дейінгі қарқынды жылу сәулесіне шалдығу кезінде, жеке қорғаныш құралдары қолданылуы тиіс, сондай-ақ қосымша:

1) 140 Вт/м 2 -ден 350 Вт/м2 -ге дейінгі жылу сәулесіне шалдығу кезінде, тұрақты жұмыс орнындағы ауа қозғалысының жылдамдығы 0,2 м/с арттырылады;

2) 350 Вт/м2 -ден 2800 Вт/м2 -ге дейінгі жылу сәулесіне шалдығу кезінде, осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ауа себезгілеу қолданылуы тиіс.

7. 8-тармақ талаптары сақталмаған және ауа себезгілеу болмаған кезде жұмыскерлерді жылу қорғауына алу, олардың жылу сәулесі көздері әсер ететін аумақта болуының шекті уақыты осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес реттеу арқылы қамтамасыз етілуі тиіс.

Демалу орындарындағы үзілістер жылдың салқын мезгілі үшін ауаның температурасы 20-23 Цельсий градус (бұдан әрі – 0 С), ал жылы мезгілі үшін 21-25 0 С аралығында жасалуы тиіс.

8. 2800 Вт/м2 артық жылу сәулесіне шалдығу кезінде, арнайы костюмсіз және жеке қорғаныш құралдарынсыз жұмыс істеуге жол берілмейді.

9. Пештерде, шөміштерде, регенераторларда жұмыскерлердің қыздырылған агрегаттардың ішіне кіруі арқылы жүргізетін жөндеу жұмыстарына, ондағы ауа температурасы 40о С аспайтын және осы Санитариялық қағидаларға 5-қосымшаның талаптары орындалған жағдайда ғана жол беріледі. Бұндай кезде жұмыскерлер арнайы киімдермен, арнайы аяқ киімдермен және басқа да жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.

3. Жарықтандыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

10. Жасанды жарықтандыру шамдарды бірқалыпты немесе жергілікті орналастыру арқылы жалпы жарықтандыру жүйесі бойынша орындалады. Шамдарды жергілікті орналастыру, цехтардағы жабдықтар биік болған кезде, жұмыс орындарының тік жазықтықта орналасуы кезінде, жұмыс орнын жабдықтардың элементтері немесе жұмыскердің денесі көлеңкелейтін жағдайларда қолданылады.

11. Жарықтандыру мөлшері, көздің қарығу көрсеткішінің рұқсат етілген мәні және өндірістік үй-жайлар мен жұмыс орындарына арналған пульс беру коэффициенті, цехтар мен учаскелердегі апатты жарықтандыру, жарықтандыру арматурасын ластанудан тазалау мерзімі және қор коэффициентінің мәні осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген.

12. Көтергіш крандар, кран конструкциясы тудыратын көлеңкені болдырмауды қамтамасыз ететін кран астына жарық түсіруші қыздыру шамдарымен немесе газ сейілткіш жарық көздерімен жабдықталады.

13. Металлургиялық пештер мен агрегаттарды жөндеу кезінде тасымалданатын жарықтандыру қамтамасыз етілуі тиіс.

14. Өндірістік үй-жайларды жалпы жарықтандыру үшін газ сейілткіш жарық көздері қолданылады. Машина залдарын, басқару және өндірістік үдерістерді қадағалау орындарын, диспетчерлік пункттерді жарықтандыру үшін люминесцентті шамдар қолданылады. Адамдар уақытша болатын үй-жайларда, жарылыс қаупі бар және басқа да ауыр жағдайлы ортадағы үй-жайларда жергілікті жарықтандыру қолданылады.

15. Автоматтандырылған технологиялық үдерісті цехтарда жалпы және жергілікті жарықтандыратын қосымша шамдарды қосу көзделеді.

16. Ақ қаңылтыр бетін, тоттанбайтын болаттан жасалған құбырларды бақылаудың жұмыс орындарын жалпы және жергілікті жарықтандыру кезінде сымдарды өңдеу бөлімдерінде көз қарықтыратын шағылысты шектеу шаралары жүзеге асырылады.

17. Жарықтылығын өлшеу және басқа да нормалардың талаптарын тексеру жарық беретін қондырғылар пайдалануға берілгенде және пайдалану кезінде жылына кем дегенде екі рет жүргізіледі.

18. Газ сейілткіш шамдары бар жарықтандыру қондырғылары үшін олардың істен шыққан сынап толтырылған шамдарын сақтауға арналған үй-жай көзделеді.

4. Физикалық факторлар көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

19. Механизмдер немесе агрегаттар жөнделгеннен және кейбір бөліктері жаңғыртылғаннан немесе ауыстырылғаннан кейін, жұмыс орындарында және қол машиналарында жылына кем дегенде бір рет шу мен діріл деңгейін өлшеу жұмыстары жүргізіледі. Шу мен дірілді бақылау машиналардың жұмыс істеу режимі кезінде жүргізіледі.

20. Жұмыс орындарындағы шу мен діріл және дыбыстық қысым деңгейлері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін "Елді мекендердегі атмосфералық ауаға, топыраққа, елді мекендердің аумақтарын күтіп-ұстауға, адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

21. Механикаландырылған қол құрал-сайманымен өңделетін бұйымдар қосымша дірілді болдырмайтындай етіп бекітіледі және қойылады.

22. Технологиялық үдерістің негізгі элементі діріл болып табылатын жабдықтармен (діріл арқылы тығыздау және басқа) жұмыс істеу кезінде жұмыскерлердің дірілдейтін беттерде тұруына жол берілмейді.

23. Дірілден қорғау үшін оның жабық жерлерде орнатылған жабдықтардан таралу жолдарына дірілден оқшаулау тіректері қойылады, машинамен жұмыс істеу алаңдарының акустикалық әсерін азайту көзделеді.

24. Радиоактивті заттармен және басқа да иондаушы сәуле көздерімен жұмыс жүргізу және оны ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін гигиеналық нормативтің талаптарына сәйкес радиациялық қауіпсіздік нормалары басшылыққа алынуы тиіс.

5. Медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

25. Жұмыс беруші жұмыскерлерді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жұмыс берушінің есебінен жұмыскерлерді сүтпен, және емдеу-профилактикалық тағамымен, арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке қорғаныш және ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібіне және нормаларына сәйкес арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуі тиіс.

Арнайы киімді және арнайы аяқ киімді жуу, жөндеу және залалсыздандыру жұмыстары бір орталықтан жүргізілуі тиіс. Өндірістен арнайы киімді алып шығуға және оны үй жағдайында жууға жол берілмейді.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание