• Мое избранное
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде бақылауды жүзеге асыру кезіндегі бақылаушы органдардың өзара іс-қимылының және оларды орналастырудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 10 қазандағы N 47, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2002 жылғы 9 желтоқсандағы N 217, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 23 қазандағы N 351-1, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы N 34, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 3 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 11.06.2017 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде бақылауды жүзеге асыру кезіндегі бақылаушы органдардың өзара іс-қимылының және оларды орналастырудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 10 қазандағы N 47, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2002 жылғы 9 желтоқсандағы N 217, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 23 қазандағы N 351-1, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы N 34, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 3 бірлескен бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 17 ақпанда N 2174 болып тіркелген) өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 15 қыркүйектегі N 485, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 15 қыркүйектегі N 265-І, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 15 қыркүйектегі N 681, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2003 жылғы 16 қыркүйектегі N 170, Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 16 қыркүйектегі N 433 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 29 қыркүйекте тіркелген. Тіркеу N 2507

Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылдың 11 маусымынан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.03.2017 жылғы № 108, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.04.2017 жылғы № 194, ҚР Инвестициялар және даму министрінің 17.04.2017 жылғы № 157, ҚР Қаржы министрінің 26.01.2017 жылғы № 56, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 24.04.2017 жылғы № 22 Бұйрығына сәйкес
"Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль тасымалдарына бірыңғай мемлекеттік бақылау жүйесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 қыркүйектегі N 1358 қаулысын орындау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде автокөлік құралдарына бақылау жүргізуді реттеу және халықаралық шарттар мен Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Бұйырамыз:
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде бақылауды жүзеге асыру кезіндегі бақылаушы органдардың өзара іс-қимылының және оларды орналастырудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 10 қазандағы N 47, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2002 жылғы 9 желтоқсандағы N 217, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 23 қазандағы N 351-1, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы N 34, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 3  бірлескен бұйрығына  (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 17 ақпанда N 2174 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдер бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., N 16, 843-құжат) (бұдан әрі - Бұйрық) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 
көрсетілген Бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде бақылауды жүзеге асыру кезінде өзара іс-қимылдың және бақылаушы органдарды орналастырудың тәртібі туралы нұсқаулықта:
1) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі барлық бақылаушы органдар Бірыңғай бақылау-өткізу пункттері салынғанға дейін кеден органдарының ғимаратында болуы тиіс.";
2) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы жол жүретін көлік құралдарын бақылауды бақылаушы органдар өткізу пунктінде "бірыңғай аялдама" принципі бойынша жүзеге асырады". Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі мемлекеттік бақылаудың тиісті түрлерін: 
1) Қазақстан Республикасының аумағына кіру кезінде: 
шекаралық бақылау органдары; 
көліктік бақылау органдары; 
мал дәрігерлік-фитосанитарлық бақылау органдары; 
санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары; 
кеден органдары; 
2) Қазақстан Республикасының аумағынан шығу кезінде: 
көліктік бақылау органдары; 
мал дәрігерлік-фитосанитарлық бақылау органдары; 
санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары; 
кеден органдары; 
шекаралық бақылау органдары жүйелі түрде жүзеге асырады. 
Автобомильдік өткізу пункттерінде әрбір келесі орган бақылауды тек алдыңғы орган бақылауды толық аяқтағаннан кейін жүргізеді.";
3) 5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: 
"Өткізу пункттерінде орналасқан кеден органдары өткізу пункттері арқылы өткен автокөлік құралдарының саны бойынша бақылаушы органдармен салыстыру жүргізсін және тиісті журналдар арнасын.".
2. Көрсетілген министрліктер мен ведомстволар ведомстволық нормативтік құқықтық кесімдерді осы бұйрыққа сәйкес келтірсін. 
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының 
Ауыл шаруашылығы министрі       Қазақстан Республикасының 
Көлік және коммуникациялар         министрі       Қазақстан Республикасының 
Денсаулық сақтау министрінің         міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің         төрағасы
Қазақстан Республикасы 
Кедендік бақылау агенттігінің         төрағасы