• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу қағидасын бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 24.10.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қарашадағы N 1244 Қаулысы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 49) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу қағидасы бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының теңіздегі және ішкі су айдындарындағы мұнай операцияларымен байланысты теңіз ғылыми зерттеулерін жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 маусымдағы № 693 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 26, 219-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                           К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 24 қарашадағы
 № 1244 қаулысымен
 бекітілген
Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу қағидасы 1. Жалпы ережелер
1. Осы Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 49) тармақшасына сәйкес әзірленді және Каспий және Арал теңіздерінің қазақстандық бөлігінде теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу тәртібін анықтайды.
2. Теңіздегі ғылыми зерттеулер жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың теңізге әсерін және олардың қоршаған ортаға салдары мен биологиялық әртүрлілігін зерделеу мақсатында жүргізіледі.
3. Теңіздегі ғылыми зерттеулерді қазақстандық та, шетелдік те жеке және заңды тұлғалар, шетелдік мемлекеттік және құзыретті халықаралық ұйымдар жүзеге асыра алады.
4. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі теңіздегі ғылыми зерттеулер саласындағы құзыретті орган (бұдан әрі - құзыретті орган) болып табылады.
5. Теңіздегі ғылыми зерттеулер осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша құзыретті орган берген рұқсатты алғаннан кейін жүргізіледі, онда теңіз ғылыми зерттеулер аумағының координаттары, теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу мерзімдері мен өзге де қажетті мәліметтер көзделеді.
6. Теңізде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде мынадай теңіздегі ғылыми зерттеулер жүзеге асырылуы мүмкін:
1) экологиялық зерттеулер (мұнайдың төгілуін зерттеу, қоршаған ортаны ластаушылармен күрес жөніндегі әдістер мен технологияларды әзірлеуге байланысты зерттеулер, авариялық жағдайларды зерттеу және басқалар);
2) сулы ортаның және мұзды жағдайдың гидродинамикасын зерделеу;
3) Каспий теңізі деңгейінің тербелістерін және оның теңіздегі мұнай-газ кәсіпшілігі гидротехникалық құрылыстарына және жағадағы мұнай-газ инфрақұрылымына тигізетін әсерін зерделеу және болжамдау;
4) мұнай операцияларын жүргізудің су асты әдістеріне байланысты зерттеулер, сондай-ақ ғылыми-зерттеулер мақсатында бұрғылау;
5) теңіз аясында түрлі құрылыс материалдарының жай-күйін зерделеуге байланысты зерттеулер;