Р/с N | Іс-шара | Аяқталу нысаны | Орындалуына жауаптылар | Орындалу мерзімі | Болжамды шығыстар | Қаржыландыру көздері |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 2007 жыл |
| 1. | Ұйымдастыру-әдіснамалық ережелерді, нұсқаулық материалдар мен құралдарды әзірлеу және бекіту | СА-нің бұйрығы | СА және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар | 2007 жылғы желтоқсан | Талап етілмейді | |
| 2. | 2009 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын (бұдан әрі - халық санағы) өткізуге жәрдемдесетін комиссияларды республикалық, облыстық деңгейде құру | Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстар, (Астана, Алматы қалалары) әкімдіктерінің қаулысы | СА және жергілікті атқарушы органдар | 2007 жылғы желтоқсан | Талап етілмейді | |
| 2008 жыл |
| 3. | Халық санағын өткізудің күнтізбелік және ұйымдастыру жоспарларын әзірлеу және бекіту | СА-нің бұйрығы | СА | 2008 жылғы желтоқсан | Талап етілмейді | |
| 4. | Халық санағы деректерін өңдеуге арналған құралдарды, бағдарламалық өнімдерді әзірлеу, байқаудан өткізу | Бағдарламалық өнімдер | СА | 2008 - 2010 жылдар | 2008 - 7419,0 | Республикалық бюджет |
| 5. | Халықты санақпен қамтудың толықтығын және алынатын қорытындылардың сапасын қамтамасыз ететін мынадай іс-шараларды өткізу: әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесін және шекарасын нақтылау; көшелердің атауын, орамдарды, үйлерді және пәтерлерді нөмірлеуді реттеу; халықты тіркеудің дұрыстығына және есепке алудың толықтығына тексеру жүргізу; тіркеушілермен елді мекендердегі үйлердің тізімдерін жасау | СА-ға ақпарат | Әділетмині және жергілікті атқарушы органдар | 2008 жылғы IV тоқсан | Талап етілмейді | |
| 6. | Картографиялық материалдарды (қалалық және ауылдық елді мекендердің схемалық жоспарлары, әкімшілік аудандардың карталары) дайындау | Әкімшілік объектілерінің схемалық карталары | СА, ЖРА | 2008 жылғы IІІ тоқсан | 2008 - 22680,0 | Республикалық бюджет |
| 7. | Санақ құжаттамасын дайындау, көбейту және тарату | Орындалған жұмыстардың актісі | СА | 2008 - 2009 жылдар | 2008 - 1144666,0 | Республикалық бюджет |
| 8. | Жабдықтарды, ұйымдастыру техникасын, бағдарламалық өнімдерді, автокөлік құралдарын және өзге де тауарларды сатып алу | Тауарларды қабылдау-беру актісі | СА | 2008 жыл | 2008 - 958379,0; 2009 - 513165,0 | Республикалық бюджет |
| 9. | Бұқаралық түсіндіру жұмыстарын жүргізу | Орындалған жұмыстардың актісі | СА, МАМ және жергілікті атқарушы органдар | 2008 - 2009 жылдар | 2008 - 9387,0 | Республикалық бюджет |
| 10. | Санақ персоналын оқыту және үй- жайлармен қамта масыз ету | СА-ға ақпарат | СА және жергілі- кті ат- қарушы органдар | 2008 - 2011 жылдар | 2008 - 53939,0; 2009 - 78345,0; 2010 - 1200,0; 2011 - 5300,0* | Республикалық бюджет |
| 10-1. | Халықтың ұлттық санағын өткізу бағдарламасының шеңберінде өзге де қызметтер сатып алу | Қызметтер | СА | 2008 жыл | 2008 -236149,0; 2009 - 21930,0 | Республикалық бюджет |
| 2009 жыл |
| 11. | Халық санағын өткізу: есепшілердің барлық құрылыстар мен үй-жайларды алдын ала аралап шығуы; халыққа сауал жүргізу; халықты есепке алудың толықтығы мен дұрыстығын тексеру мақсатында есеп учаскесінің тұрғын үй-жайларын бақылау ретінде аралауды жүргізу | Деректер қоры | СА, ІІМ және жергілікті атқарушы органдар | 2009 жылғы І тоқсан | 2008 - 201570,0; 2009 - 2492014,0 | Республикалық бюджет |
| 12. | Темір жол вокзалдарында, әуежайларда, сапаржайларда, өзен және теңіз вокзалдарында халық санағын өткізу | Деректер қоры | СА, ККМ және жергілікті атқарушы органдар | 2009 жылғы ақпан - наурыз | Талап етілмейді | |
| 13. | Әскери бөлімдер аумақтарында және жабық әкімшілік-аумақтық бірліктерде тұратын әскери қызметшілер мен азаматтық халыққа (әскери қызметшілердің отбасы мүшелерін қоса алғанда); бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жатқан және тергеу изоляторларында отырған адамдарға; қызметтік іссапарға немесе бір жыл және одан да көп мерзіммен қызметтік міндеттерін орындауға байланысты елден тыс жерлерде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына (олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда); әлеуметтік бейімдеу немесе қамсыздандыру мекемелерінде тұратын және (немесе) орналасқан адамдарға санақ өткізу | Деректер қоры | СА, Қорғанысмині, ІІМ, ТЖМ, ҚК (келісім бойынша), Әділетмині, СІМ, ДСМ, БҒМ және жергілікті атқарушы органдар | 2009 жылғы ақпан - наурыз | Талап етілмейді | |
| 2010 жыл |
| 14. | Деректер қорын өңдеу және халық санағының корытындыларын алу | Статистикалық кестелер | СА | 2009 - 2010 жылдар | 2009 - 148029,0 | Республикалық бюджет |
| 15. | Халық санағының қорытындыларын жариялау | Статистикалық жинақтар | СА | 2009 - 2011 жылдар | 2009 - 3467,0; 2010 - 19845,0; 2011 - 28700,0* | Республикалық бюджет |
Комментарий успешно добавлен