Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 Қаулысы
Осы редакция 29.12.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулысымен бекітілген
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасы 1. Жалпы ережелер
1. Осы Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы » 1997 жылғы 16 сәуірдегі, «Халықтың көші-қоны туралы » 1997 жылғы 13 желтоқсандағы және «Халықты жұмыспен қамту туралы » 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына және «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысына сәйкес әзірленді. z1100000477 қараңыз
Қағида Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ оралмандардың көшіп келу квотасына қосылған және Қазақстан Республикасының азаматтығын алған жаңадан келген этникалық қазақтар қатарындағы көшіп келушілердің (бұдан әрі – этникалық қазақтар қатарындағы көшіп келушілер) Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) үшінші бағытына қатысу, көшуін ұйымдастыру, оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету және мемлекеттік қолдау көрсетуге бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін айқындайды.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.03.2012 № 378 Қаулысымен (28.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Үшінші бағытқа қатысушыларды мемлекеттік қолдау:
1) көшуге субсидия беруді;
2) қызметтік тұрғын үй беруді;
3) жаңа тұрғылықты жерінде кәсіптік оқу курстарынан өтуді және жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді;
4) психологиялық бейімдеуді қамтиды.
Этникалық қазақтар қатарындағы көшіп келушілер мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және қоғамға кіріктіру мақсатында оралмандарды бейімдеу және қоғамға кіріктіру орталықтары арқылы қосымша қызметтер кешені (ақпараттық, құқықтық, әлеуметтік, медициналық және білім беру) көрсетіледі.
Бейімдеу және кіріктіру қызметтері халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға көзделген қаражат есебінен көрсетіледі.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.03.2012 № 378 Қаулысымен (28.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аудандық/қалалық комиссия – жергілікті атқарушы органның жанындағы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды ҚР Үкіметінің 28.12.2011 № 1621 Қаулысымен (01.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
3) әлеуметтік келісімшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының өз бетінше жұмыспен айналысушы, жұмыссыз және табысы аз азаматтар қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталықтары арасындағы тараптардың құқықтары мен өзара міндеттемелерін айқындайтын келісім;
4) Бағдарламаға қатысушылар – Бағдарламаға қатысуға оң шешім алған Қазақстан Республикасының азаматтары және этникалық қазақтар қатарындағы көшіп келушілер;
5) Бағдарламаның операторы – халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) Бағдарлама шеңберінде ұсынылатын ынталандырушы төлемдер – Бағдарлама шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын жеке тұлғаларға төленетін ақшалай қаражат (оқуға материалдық көмек; бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын жеке тұлғалар жалақысының бөлігі; көшуге берілетін субсидиялар);
7) беру жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар;
8) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган – бюджетті атқару саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
9) қызметтік тұрғын үйді жалға беру – қызметтік тұрғын үйді немесе оның бір бөлігін жалға алушыға уақытша пайдалануға және ақысын төлетіп пайдалануға беру;
10) құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі уәкілетті орган – құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
11) қызметтік тұрғын үй – азаматтардың еңбек қатынастарының сипатына байланысты өз міндеттерін орындауы кезеңінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін, оларды қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимдегі тұрғын үй;
12) өңірлік комиссия – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының жанындағы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
13) уәкілетті орган – өңірлік деңгейде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі;
14) халықты жұмыспен қамту орталығы – жергілікті атқарушы орган жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында ауданда, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада құрылатын мемлекеттік мекеме;
15) экономикалық даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
16) экономикалық өсу орталығы – соңғы 5-10 жыл бойы экономикалық көрсеткіштерінің тұрақты өсуімен және жоғары демографиялық әлеуетімен (көші-қон сальдосы оң) сипатталатын елді мекен.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.12.2011 № 1621, 30 (01.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).03.2012 № 378 Қаулыларымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
4. Экономикалық әлеуеті төмен және жоғары елді мекендерді және экономикалық өсу орталықтарын айқындау өлшемдерін экономикалық даму және сауда мәселелері жөніндегі уәкілетті орган әзірлеп, бекітетін болады.
Республикалық маңызы бар қаладан, астанадан және облыс орталықтарынан басқа, жергілікті атқарушы органдар белгіленген өлшемдер негізінде облыстағы экономикалық әлеуеті төмен және жоғары елді мекендердің және экономикалық өсу орталықтарының тізбесін айқындайды және оны экономикалық даму мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келіседі.
Экономикалық әлеуеті төмен және жоғары елді мекендердің тізбесін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) бекітеді.
4-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 28.12.2011 № 1621 Қаулысымен, өзгертілді ҚР Үкіметінің 30 (01.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).03.2012 № 378 Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
5. Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарлама операторы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, жыл сайын айқындайтын басым кәсіптер (мамандықтар) тізбесін, ағымдағы бос жұмыс орындары мен болжамды жұмыс орындарының жалпыұлттық дерекқорын, сондай-ақ өңірлерді дамыту бағдарламасы мен Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі – ҮИИМБ) шеңберінде іске асырылатын жобаларды ескере отырып:
1) экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын, облыстың (ауданның/қаланың) экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендеріне және экономикалық өсу орталықтарына көшуге қатыса алатын өз бетінше жұмыспен айналысушылардың, жұмыссыздар мен табысы аз адамдардың санын;
2) көшуге қатыса алатын этникалық қазақтар қатарындағы көшіп келушілердің санын;
2) экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендердегі және экономикалық өсу орталықтарындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек ресурстарына қажеттілігін, олардың жұмыс күшіне деген сұранысын қанағаттандыру үшін қосымша еңбек ресурстарын тарту қажеттілігін айқындайды;
3) еңбек ресурстарына қажеттілікті аудандық/қалалық комиссиялармен келіседі және ақпаратты уәкілетті органға жібереді.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.03.2012 № 378 Қаулысымен (28.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
6. Уәкілетті орган ұсынылған ақпараттың негізінде:
1) экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын, облыстың экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендеріне және экономикалық өсу орталықтарына көшуге қатыса алатын өз бетінше жұмыспен айналысушылардың, жұмыссыздар мен табысы аз адамдардың жалпы санын айқындайды;
2) көшуге қатыса алатын этникалық қазақтар қатарындағы көшіп келушілердің жалпы санын айқындайды;
3) еңбек ресурстарына деген қажеттілік және азаматтардың көшу мүмкіндігі туралы ақпаратты өңірлік комиссияға жолдайды.
6-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 30.03.2012 № 378 (28.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
7. Өңірлік комиссия:
1) шыққан және қабылданатын жерін айқындай отырып облыс (аудан, қала) шегінде көшетін азаматтардың ықтимал санын келіседі және көшуді ұйымдастыру үшін ұсынымды уәкілетті органға және (немесе) халықты жұмыспен қамту орталығына жібереді;
2) республика шегінде көшетін азаматтардың ықтимал санын келіседі және өтінімді немесе ұсынысты Бағдарлама операторына жібереді.
7-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 30.03.2012 № 378 (28.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |